Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Дарын Шамұратов тағайындалды. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлайды. Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов 1986 жылғы 16 желтоқсанда Атырау облысы Индер ауданының Бөдене ауылында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін география, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс тәжірибесін 2009 жылы Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2009-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратында бас маман, кейін бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2012-2017 жылдары аталған ауданның аппарат басшысы, ал 2017-ші жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Айта кетейік, осыған дейін…
Автор: Сайт әкімшілігі
Алексей Цой әзірге екпе салдырмайды. Отандық вакцинаны күтеді. Елордадағы емхана жұмысын тексеруге келген министр осылай деді. Айтуынша, «QazVac» қазір соңғы сатысынан өтіп жатыр. Осы айдың соңына қарай қолданысқа еніп қалуы мүмкін. Осы ретте ведомство басшысы «Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытта өндіріліп жатқан ресейлік «Спутник V» вакцинасын отандық өнім» деп, айды аспанға бірақ шығарды. Сөзіне сенсек, басқа ел ойлап тапқан өнімді өзімізде өндіру де өте күрделі технология. Сондықтан әлгі вакцинаны Қазақстанда шығарылған деп толық сеніммен айтсақ болады деді. «Спутник Ви» де қазақстандық вакцина. Ол біздің елде өндірілген. Субстанциясы Ресейге тиесілі шығар. Бірақ вакцина Қазақстанда өндірілді. Сондықтан оны отандық өнім деп айтуға болады. Сыртқы…
Қазақстанға Кенесары ханның бас сүйегін қайтармақшы. Бұл туралы Facebook парақшасында тарихшы Зиябек Қабулдинов мәлім етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. ”Мен ұлы ханның бас сүйегін қайтару үшін құрылған сарапшылар комиссиясының құрамына кірдім. Бүгіннен бастап ұлттық тарихымыздың мүлде жаңа кезеңі басталады. Бүгін ынтымағы жарасқан екі мемлекет Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тарихында жаңа деңгейге өтеміз, достығымыз одан әрі нығайып, бейбіт қарым-қатынас тереңдей түспек. Мен Ресейдің Мәдениет министрлігі тарапынан Кенесары ханның бассүйегін қайтару жұмыстары бойынша ресейлік сарапшылар комиссиясының құрамына шақырту алдым. Келістім. Сүйінші! Кенесары ханның бассүйегі табылды! Мен оның қалай табылғаны немесе оның қай жерде жатқаны туралы нәзік нәрселерді жеткізе алмаймын. Ол…
Индер ауданындағы эпидемиологиялық ахуал жақсы емес. Аудандық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлжан Уразалиеваның айтуынша, соңғы екі аптада вирус жұқтырғандардың саны 40-тан асқан. Оның 9-ы бала. Индер аудандық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасы басшысының м.а. — Сонымен қатар былтырғы жылы жалпы саны 477 ауру тіркелген болса, биылғы жылға 87 ауру тіркеліп тұр. Күні бүгінге ауруханада 8 науқасымыз жатыр. Ауданда жалпы адамдардың карантиндік сақтық шараларының сақтамауы себебінен деп ойлаймын.Сондықтан да сақтану керек. Өкінішке қарай, 1 ошақтан 4-5 науқастың тіркелу дерегі де бар. Олар әсіресе ауданның Көктоғай, Есбол, Бөдене ауылдық округтерінде кездесуде. Ауданда «Спутник-В» вакцинасын салу жұмыстары да уақытылы жүргізіліп жатыр. Дәрігерлер бастап,…
Атырау облысында қасиетті Рамазан айында көп болып, ауызашар өткізуге тыйым салынды. Аймақтың бас санитарлық дәрігері қаулыға осындай өзгеріс енгізді. Ал кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақыты қайтадан кешкі 10 ға дейін ұзартылды. Бірақ жексенбі күндері клиенттерді қабылдауға мүлде болмайды. Сондай-ақ, сауда орталықтары да демалыс күндері жұмыс жасамайды. Бірақ, олардың ішінде орналасқан супермаркеттер мен дәріханалар тұрғындарға қызмет көрсетеді. 26 наурызда шыққан қаулыға сәйкес, жабық базарлар демалыс күндері жұмысын тоқтатса, ашық базарлардың сенбі күні сағат беске дейін жұмыс жасауына рұқсат беріліп отыр. Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.
Енді несие тарихы нашар азаматтар, «қара тізімге» кіргеніне қарамастан, қайта банкке барып қарыз рәсімдей алады. Кредитті дер кезінде жаба алмағаныңыз үшін ақталып, өтініш жазып, құжат тапсырмайсыз. Бастысы, несие жапқаннан кейін, соңғы бір жыл уақыт ішінде өзге де проблемалы кредитіңіз болмауы керек. Кейбір экономистердің айтуынша, екі күннен кейін іске қосылатын бұл механизм «халықты уақытша алдап қою үшін» жасалып отыр. Бұл туралы Arasha.kz 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. Үш банктен несие алған Есмағұл Сейітқалиұлы соңғы екі жыл кредитін төлеп жүрген жоқ. Өйткені, жұбайының да, өзінің де денсаулығы сыр беріп, тұрақты жұмысынан айырылып қалған. Қазір құрылыста заңды түрде жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүрген азамат, қарызының…
Светлана Түлебаева Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады. Светлана Дүмбайқызы 1967 жылы Маңғыстау облысында туған. Білімі жоғары. 1988 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Жетібай ауылында №8 орта мектептің физика пәні мұғалімі болып бастаған. Кейінгі жылдары Ақтау қаласының №24 мектебінде, экономикалық лицейде физика пәнінің мұғалімі, экономикалық лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, экономикалық лицейдің директоры қызметтерін атқарды. 2014 жылдан осы уақытқа дейін Ақтау қаласы білім бөлімінің басшысы лауазымында болды.
Кеше облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 102 жаңа жағдай расталды, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Инфекция жұқтырғандардың қатарында Атыраудың 75 тұрғыны бар. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 14 жағдай анықталды. Аудандарда: кешегі тәулікте Covid-19 Жылыой ауданының 2 тұрғынында, Индер ауданының 1 тұрғыны, Құрманғазы ауданының – 9 және Исатай ауданының 1 тұрғынынан анықталды. Коронавирус инфекциясы бар 42 пациентте осы ауруға тән белгілер бар. 60 адамның белгісі байқалмайды. Өткен тәулікте облыста 159 науқас коронавирустан емделіп шықты. Қазір 459 адам үйден, 178 адам модульді ауруханада, 70 адам аудандық жұқпалы аурулар ауруханаларында, 202 адам Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар ауруханасында ем…
«Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 наурыздағы №5 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан…
Бір ғана батырманы басу арқылы лекция залына топ ете қалу оқушылар мен студенттерге таныс жағдай. Осы күнге дейін дәстүрлі форматта оқып келген 3 курс студенті Қасиет Бахкерейқызы онлайн оқудан әбден мезі болғанын айтады. Оқу орнының аурасын сезініп, аудиторияда лекция жазудың өзі бір ғанибет екен ғой дейді ол. Қасиет БАХКЕРЕЙҚЫЗЫ, студент Кез – келген нәрсенің жақсы мен жаманы қатар жүреді демекші, онлайн оқудың да кем тұстары жетерлік. Соның ішінде білім ордасының атмосферасын сезінбей үйде оқу, оқытушыларымызбен достарымызды экранның арғы шетінен көретініміз өкінішті. Тағы бір осал тұсы — білімнің тоериясымен практикасы жөнімен ұштаспайды. Әрине тапсырмаларды орындап жүйелі түрде онлайн жіберіп отырамыз. Дегенмен…
