Автор: Сайт әкімшілігі

Атырауда нан мен ұн бағасы тұрақталады.  Бұл Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев пен «Карат» ЖШС арасында жасалған екі жақты меморандумға сәйкес мүмкін болып отыр. Жеңілдетілген бағамен 16 мың  тонна ұн сатып алған серіктестік нан бағасын 90 теңгеден, бірінші сұрыпты ұнның бір келісін 145 тг ден асырмауы тиіс. Сондай-ақ, бұл бағаны жергілікті өзге операторлар да ұстануы қажет.   Айта кетейік, биыл тұрақтандыру қорына бюджеттен 776 млн теңге бөлінген. Оның 155 млн теңгесіне 1000 тонна бірінші сұрыпты ұн сатып алыныпты.

Read More

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн баспасөз маслихаты кезінде өзінің отставка кетуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы  Stan.kz хабарлайды. Журналистер Алексей Цойға «Мемлекет басшысы берген бір ай уақыттың ішінде қанша адам вакцинацияланса, сіз отставкаға кетпейсіз» деген сұрақ қойды. Министр бұл мәселені мемлекет басшысы өзі шешетінін, қазіргі мақсат – қолдан келгенше халықты вакцинациялау екенін айтты. «Бұл жерде ең басты нәрсе халыққа вакцина жеткізуді қамтамасыз ету. Ал вакцинациялау қаншалықты жүйелі жүзеге асқанына мемлекет басшысы өзі баға береді. Нақты осынша адам вакцина алу керек деген талап жоқ. Біздің мақсатымыз – Қазақстанға вакцина алып келіп, вакцина салу орталықтарын ұйымдастыру. Біз осы тұрғыда жұмыс істеп жатырмыз.…

Read More

Қанекей сіздің түйсігіңізді тексеріп көрейік! Ақша қай қапшықта жасырылған деп ойлайсыз!? Бірінші қапшық, сізді сәттілік пен мол табыс күтіп тұр. Екінші қапшық, сізге істеп жүрген жұмысыңыз байлық алып келеді. Үшінші қапшық, қаржылық жағдайыңыздың жұрысталуына жақындарыңыз жәрдемін береді. Төртінші қапшық, жақын досыңызға жәрдем беріп жүрсіз, ол сізге мұны екі есе қайтаруы мүмкін. Бесінші қапшық, күтпеген жерден байлыққа кенелгелі тұрсыз. Алтыншы қапшық, хоббиіңіз сізге ақша алып келеді. Жетінші қапшық, көшеден ақша толы қапшық тауып аласыз. Сегізінші қапшық, сіздің соңынан мол байлық пен мирас қалдыратын туысыңыз пайда болады.

Read More

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 69,2 млрд теңге жәрдемақы алды. 2021 жылғы қаңтардан наурызға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 69,2 млрд теңгеге орта есеппен 437,2 мың отбасы қамтылды. 2021 жылғы наурызда жәрдемақының бұл түрін 444,3 мың отбасы жалпы сомасы 23,6 млрд теңгеге алды. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. 2021 жылы төлем мөлшері балалардың санына байланысты 46 760 теңгеден (4 бала) 81 852 теңгеге (7 бала) дейін сараланды, 8 балаға – 93 344 теңге,…

Read More

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров шетелдіктерге берілген жерлер туралы айтты. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлайды. «Бүгінде мораторийге дейін берілген жерлер бар. Атап айтқанда, 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері 7 біріккен кәсіпорынның үлесінде. Үлесінде болғанда соларға жалға берілген. Одан басқа екі шетелдік заңды тұлға 18,5 мың гектар жерді жалға алып отыр», — деді Омаров мәжілістің жалпы отырысында. Министрдің айтуынша, бірлескен кәсіпорындар мен шетелдіктерге берілген жерлердің жалға алу мерзімі алдағы төрт жылда аяқталады. «Олардың жалға алу мерзімі 2022-ден 2025 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Осы уақыт өткеннен кейін бұл жерлердің бәрі үкіметке қайтарылатын болады», — деп атап көрсетті Омаров. Айта кетейік, президенттің…

Read More

Энергетика министрі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ болашақта ТШО-ға қазақстандық басшы бола алады деген мәлімдемесі «AЖ» сайтында комментаторлардың қызу талқысына түскен еді. Көбіне теріс пікірлер айтылды. Әдеттегіше пікір: «Егер жергілікті тұрғын Теңіз кенішін басқаратын болса, онда сәке-мәке басталады, тек өз адамдары жұмыс істейді, жұмысқа деген жауапкершілік НОЛЬ болады, ал Теңіз әрекетсіздік пен немқұрайлылықтан жарылады! Зауыт тоқтайды! Бұған 100% кепілдік». Құптаған («Біз өз кадрларымызды көтеруіміз керек, әйтпесе бәрін экспаттар басқара береді») жауаптар да болды Ал «AЖ» жүргізген сауалнамаға сүйенсек, жауап берушілердің 83%-ы бұл идеяға «қарсы», сәйкесінше 17%-ы «қолдады». Сауалнамаға 1121 адам қатысты. САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ «АЖ» мұнайгаз саласының сарапшыларына комментарий алуға жүгінді. Мұнайгаз саласындағы…

Read More

Облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Өткен тәулікте Атырау қаласынан 97, Теңіз кен орнындағы скрининг нәтижесінде 11 адамнан анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданының 8, Қызылқоға ауданының 4, Құрманғазы ауданының 9, Махамбет ауданының 5 және Исатай ауданының 3 тұрғынынан қауіпті індет анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 76 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 33 науқас сауығып шықты. Қазіргі уақытта 547 адам үй жағдайында, 190 – модульдік ауруханада, 74 – аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 202 адам емделуде. Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустық инфекцияның таралуы…

Read More

Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қолданыстағы қаулысына жаңа өзгерістер енгізілді. Енді өзгерген қаулыға сәйкес, 9 сәуірден бастап тұрғындардың жүріп-тұруына 00.00-ден 06.00-ге дейін шектеу енгізілген. Қаулыда бұл тыйымның дәрігерлер мен құтқарушылар, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысы жоқ. «Бұған жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, апаттық-құтқару қызметтердің қызметкерлері, сондай-ақ стратегиялық нысандар мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандары өндірістік процесін қамтамасыз ететін жұмыскерлер жатпайды» делінген қаулыда. Шұғыл медициналық мекеме, дәріханаға жеке автокөлікпен баратындар, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер 109 телефонына хабарласуы немесе сайтта тіркелуі қажет.

Read More

Орталық көпір мамыр айында тағы да жабылады. Кешелі бері көпір үстіндегі шұңқырларды жамау мақсатында ондағы көлік қозғалысы екі рет тоқтатылған еді. Енді бір айдан кейін плиталарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жолға қойылып отыр. Ал Атырау қалалық ТҮКШ секторының бас маманы көпір жабылар алдында тұрғындарға алдын ала ескерту жасалады дейді. Ержан ХАЙНОЛЛАЕВ, Атырау қалалық ТҮКШ секторының бас маманы — Тұрғындар мен жүргізушілерге қолайлы болу үшін бірінші барлығына хабарландыру беріліп, содан кейін қолайлы бір уақыт тауып жөндеуді бастаймыз. Негізгі жоспарымыз түнге қарай жұмыс жасауды мақсат көріп отырмыз. Және де қаламыздағы жолдарды жасау түн мезгіліне жоспарлануда. Алайда бұл орталық көпір көптен күткен күрделі…

Read More

МО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласы аумағында жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізді. Жедел іздестіру шаралары барысында бірнеше тұрғыннан есірткі анықталды. Бұл туралы  mangystaumedia.kz сайты хабарлайды. Бақылау мақсатында «С» есімді азаматтан салмағы 1,9 грамм «героин» есірткісін сатып алу операциясы жүргізілді. Сонымен қатар 2 сәуір күні сағат 15:00 шамасында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында тұрғылықты жері бойынша пәтерден 66 жастағы азамат «С» ұсталды. «Тінту барысында пәтерден салмағы 30 грамм болатын «героин» есірткі заты бар шыны банкі, салмағы 2 грамм «героин» есірткі заты бар бір қағаз түйіншек, 1 дана «ПМ» маркалы тапанша және 2 дана тапаншаның оқ-дәрісі,…

Read More