Автор: Сайт әкімшілігі

Сарапшының айтуынша, арнайы бағдарламалардың көмегімен жойылған хаттарды оқуға мүмкіндік бар. Бірақ олардың денін тек Android операциялық жүйесі бар смартфондарға орнатуға болады WhatsApp мессенджерінде сөйлесіп жатқан адамның қандай да бір себептермен өшіріп тастаған хатын арнайы бағдарламалар арқылы оқуға болады. Бұл туралы «Синергия» университетінің ақпараттық технологиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин айтып берді.  Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. Кейде WhatsApp-та хат алмасу кезінде әңгімелесуші бір себептермен сізге жазған хатын өшіріп тастайтын жағдайлар болады. Маманның айтуынша, арнайы бағдарламалардың көмегімен жойылған хатты оқуға мүмкіндік бар. «Жойылған хабарламаларды қалпына келтіретін бағдарламалардың көбін тек Android операциялық жүйесі бар смартфондарға орнатуға болады. Өшірілген хатты оқуға мүмкіндік беретін…

Read More

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалардың қашан мектепке орала алатынын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. «Жауабы анық: пандемия жағдайы тұрақталып, өңірлер «сары» және «жасыл» аймақта болғанда. Өңірлер «жасыл» аймақта болғанда, барлық бала мектепке барып оқуға құқылы. Бұл вакцинация науқанына, санитарлық-эпидемиология талаптары мен шектеулерін ұстануға және сақтауға байланысты», — деді министр ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте. Сонымен қатар, Аймағамбетов егер қазақстандықтар елдегі санитария дәрігерлері айтқан талаптар мен ұсыныстарды орындайтын болса, елде «пандемия жағдайы тұрақталып, балалар мектепке тезірек орала алатынын» айтты. Бұған дейін Аймағамбетов қазақстандықтарды шыдамды болып, ғалымдарға қолдау көрсетуге шақырған еді. БҒМ басшысының айтуынша, вакцина — адамзат тарихындағы ең үлкен өнертабыс.

Read More

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2021 жылдың қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталатынын айтты. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді. – Алла қаласа, биыл 30 күн ораза ұстаймыз. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні. 13 мамыр – Ораза айттың бірінші күні. Осы жылғы пітір садақа мөлшері жан басына 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақа мөлшері барлық облыстағы 2 келі ұнның ең төменгі бағасымен бекітілді, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Бас мүфтидің айтуынша, 60-тан асқан адамдар ауыз бекітуден бұрын медициналық тексеруден өтіп, дәрігердің тиісті кеңесін алуы керек. – Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия…

Read More

Үшінші елдерден уақытша әкелінген автокөліктердің ЕАЭО аумағында болу мерзімі ұзартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Осылайша, жеке пайдалануға арналған автомобильдерді уақытша әкелген азаматтар ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін оларды ЕАЭО аумағынан алып шығу міндетінен босатылды. Шешім короновирустық инфекцияның таралуының алдын алуға және болдырмауға бағытталған шараларды қабылдауға және жеке тұлғалар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес міндеттерді орындау мүмкін еместігіне байланысты қабылданды. Бұл шешім COVID-19 пандемиясы кезіндегі жұмыс туралы кеден әкімшіліктері үшін жарияланған Дүниежүзілік кеден ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді. «Шешім ЕАЭО Кеден кодексіне сәйкес үшінші елдерде тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақ…

Read More

Облыстағы жұмыссыздардың саны 14 мыңға жетті. Пандемия басталмастан бұрын Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 9000 болатын. Мамандар мұндай өсімге ірі мұнай компанияларындағы шектеулер әсер етті дейді. Басқармадағылар Теңіз кен орнындағы компаниялар өз қызметкерлерін қайта шақырса, жұмыссыздық деңгейі төмендейді деген үмітте.  Мамандар биылдың өзінде 10 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылғанын бірақ оның 90 пайызы маусымдық екенін айтады. Бір қуантарлығы  — соңғы кездері жеке компаниялар  жергілікті мамандарды тартуға мүдделі көрінеді.

Read More

Соның ішінде, Атырау қаласынан 101 науқас тіркеліп отыр, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасынан білгеніміздей, 17 науқас Теңіз кенішінен анықталды. Аудандарда да инфекция жұқтырушылар саны артуда. Бір тәулікте Жылыой ауданының 8, Қызылқоға ауданының 1, Индер ауданының 14, Құрманғазы ауданының 5, Махамбет ауданының 2, Мақат ауданының 1 тұрғынынан коронавирус анықталды. 68 науқаста инфекция тиісті симптомдармен өтуде. Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта» қалып отыр.

Read More

«Ұмай» деп аталатын әйелдерге арналған жаңа ипотекалық бағдарлама 12 сәуірден басталады, деп хабарлайды. Бұл туралы  Depti.kz хабарлайды. Жаңа бағдарлама отбасының жалпы табысы 320 мың теңгеден аспайтындарға тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің соңғы 12 айдағы табысы да ескеріледі. «Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі 12%, тұрғын үй қарызына ауысқан кезде несие мөлшерлемесі жылдық 3,5%-ке дейін төмендейді. Атыңыздағы баспананың бар жоғы маңызды емес. Бағдарлама бойынша тұрғын үйдің ең жоғары құны – 30 миллион теңгеге дейін», – делінген хабарламада. «Спутник Қазақстанның» жазуынша, «Ұмай» әйелдер ипотекасы бойынша қаражатты алғашқы немесе екінші нарықтан үй сатып алуға пайдалануға болады. Ипотеканың ең ұзақ мерзімі – 25…

Read More

Рамазан айында қызыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар белгілі болды. Оны бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар жария етті. «Қызыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар сәл қатаңдау болады. Мешітте намаз оқитын орындарға, ауызашарға қатысты тəртіп: бес уақыт намазды тек жекелеген түрде оқу, яғни жамағатпен оқымау; Намаз оқушылардың ара қашықтығы 2 метр болып арнайы белгіленген орындарда оқу; Намаз оқитын залдарда имамдар жəне намаз оқитын адамдар міндетті түрде бетпердемен болу; Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын жеткізіп беру арқылы ұйымдастыру; Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер жəне əйел) жəне жас балалар намаздарын үйлерінде оқу. Тарауық…

Read More

Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы  республикалық маңызы бар тас  жолдағы ауыр жүкті  автокөліктерді тексерді. Өйткені, ауыр жүктің жолдың сапасына әсер ететіндігі белгілі. Атырау-Доссор-Қарабатан бағытында жүргізілген рейдке полиция департаменті мен «Атырау – адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің қызметкерлері қатысты. Тексеріс нәтижесінде белгіленген мөлшерден артық жүк тасымалдаған 3 ауыр көлікке әкімшілік құқық бұзғаны үшін хаттама толтырылды. Оларға салынатын айыппұл көлемі де әртүрлі. Мысалы  шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 80, орташа кәсіпкерлерге 120, ал ірі кәсіпкерлерге 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.  Инспекциядағылардың айтуынша, келесі тексеріс жұмыстары Мақат ауданында өтпек. Және бұл ай сайын жалғасатын болады.

Read More

Атырау облысында жыл басынан бері 28 мың адамға әкімшілік айыппұл салынған. Өңірде мемлекет алдында берешегі барларды анықтау және айыппұлды өндіру мақсатында «Борышкер» акциясы жүріп жатыр. Мамандар борышкерлерді анықтаған жағдайда оның есепшотына және автокөлігі мен жеке мүліктеріне бұғат салынатындығын ескертті. Жеке сот орындаушылары рейд басталғалы мемлекет пайдасына  44 милион теңгеге жуық қаржы өндірген. Сондай-ақ, құзырлы органдар биылғы борышкерлердің саны былтырғыға қарағанда төмендегенін  және бұған жыл сайын өткізілетін түсіндіру жұмыстарының әсер еткенін айтады.

Read More