Автор: Сайт әкімшілігі

Халық көп журетін бағыттағы қоғамдық көліктердің саны 160- қа көбейді. Атап айтқанда, нөмері 2, 12, 14, 4, 30 «А» бағыттарында қатынайтын автобустардың саны артты. Бұл аймактағы эпидахуалға байланысты жолаушылар арасында ара қашықтықты сақтау мақсатында жасалып отыр. Жалпы қазір қала бойынша 224 автобус түрлі бағытта жүреды. Соның ішінде қала ішінде 23, ал қала маңына 7 автобус  қатынайды.

Read More

Атыраудағы модульдік аурухана науқасқа лық толды. Қазір онда 192 адам жатыр. Олардың 17-сі жансақтау бөлімінде болса, алтауы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, яғни жағдайлары тым ауыр. Қазір ауруханада бос керуерт болмағандықтан, науқастар №2 жұқпалы аурулар ауруханасына  жіберілуде. Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 149 адам тіркелді. Басым бөлігі Атырау қаласының тұрғындары . Надя ЕРҒАЛИЕВА, Атырау облысының штаттан тыс инфекционист-дәрігері Атырау қаласы бойынша науқастар саны өсіп отыр. Бүкіл отбасымен ауырып келіп жатқан адамдар да бар. Сондықтан ковид инфекцияның алдын-алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүріп жатыр. Көпшілік орындарға барған кезде  маскамен жүру, әлеуметтік қашықтық сақтау, көпшілік орындарда болмау, халық көп жиналатын жерге бармауды қолдаймыз.

Read More

Жылыой ауданында қауіпті вирус жұқтырғандардың саны артты. Сәуір айының басында вирус 30 адамнан анықталса, егде жастағы 1 адам қайтыс болды. Қазіргі таңда олармен  қарым-қатынаста болған  90-ға жуық тұрғын бақылауға алынды. Нұрбек Үкібаев, Жылыой аудандық орталық аурухана директоры  Жылыой ауданы бойынша эпидемиологмялық ахуалдың күрделену қаупі бар. Күні бүгін 30 адамнан ковид оң нәтиже беріп, тіркелді. Соның 12 науқасы орташа ауырлықта стационарлық емді алып жатыр. Медициналық персонал күшейтілген режимге көшті. Дәрі-дәрмек қоры және жеке бас қорғаныш құралдары қажетті мөлшерін қалыптастырды. Орталық емханадан мамандар оқытылып, екпе кабинеті ашылды.  Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталмауына той-томалақтың тиылмауы да себеп болып тұр. Мобильді топтар күшейтілген түрде жұмыс жасап…

Read More

Елімізде ең алғашқылардың бірі болып мұғалімдердің де ковидке қарсы екпе салдырып жатқаны мәлім. Бүкіл ұстазымызға түгелдей екпе егілмесе де, бүгінге дейін вакцина салдырғаны аз емес. Алайда соған қарамастан, соңғы уақытта мұғалімдердің қазасы туралы ақпарат көбейіп жатқан көрінеді. Әлеуметтік желі парақшасында  осы мәселеге қатысты Алматы облысының мұғалімі Айман Сағидулла бүгін дабыл қағып, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке мектептерді жабуды сұрап жазба қалдырды. «Дабыл! Мұғалімдердің арасынан өлім көбейіп жатыр. Кеше ғана бір мұғалім өмірден өтті. Иманды болсын! Асхат мырза! Мектептерді шұғыл жабу керек. Оқушылар мен мұғалімдердің амандығы керек. Еліміздегі барлық мектептерді жабу керек!» деп жазды А.Сағидулла. Оның бұл жазбасына пікір қалдырғандар да министрге…

Read More

Қолданыстағы заңнамада зейнетақыға үстемеақы мен қосымша ақы төлеу қарастырылмаған, деп мәлімдеді еңбек министрлігі  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақыға үстемеақы қосылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы  stopfake.kz хаарлайды. Қазақстандықтар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мамыр айында барлық зейнеткер зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде үстемеақы алатыны туралы хабарламаны таратып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде мамыр айынан бастап зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде жаңадан үстемеақы төленетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамада зейнетақыға үстемеақы мен қосымша ақы төлеу қарастырылмаған», – деп түсіндірді ведомство. Қазіргі кезде зейнетақы үш бөліктен тұрады: базалық, ортақ…

Read More

Балалы әйел Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды. Әжей Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін. Балдақтағы кісі Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да……

Read More

Бұл туралы Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев мәлімдеді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Ғазиз Надуевтің мәлімдеуінше әзірге кәсіпкерлік нысандардың жұмысына шектеу қойылмайды. «Шектеу шараларын енгізу шешімін облыстық жедел штаб қабылдайды. Республикалық бас санитар дәрігердің 67-қаулысына сәйкес сары аймақтағы өңірлерге қойылған шаралар қолданылу керек», — деді Ғазиз Надуев. Ал мектеп оқушылары арасынан бір сыныпта коронавирусты 3 оқушыдан артық жұқтырса, бүкіл мектеп карантинге жабылады. Бас санитар дәрігердің айтуынша, ата-ана баласын онлайн форматта оқытуға құқы бар. Ондай жағдайда мектеп басшылығына арыз жазуы тиіс. Айта кетейік, өңірде жалпы облыс бойынша 145 мектеп оқушысы ковид жұқтырған.

Read More

Оқиғаны видеоға түсірген куәгерлердің айтуынша, құқық қорғау органдарының өкілдері жолды жауып тастаған  Әскери ұшақ «Ақтау – Жаңаөзен» тас жолына қонды, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы. Оқиға орнында түсірілген видеоны куәгерлері желіде жариялаған. Олардың айтуынша, «Ақтау – Жаңаөзен» тас жолын полиция қызметкерлері жауып тастаған. «Олар жолды жауып тастаған соң, ұшақ тас жолға қонды. Біздің айналма жолмен жүруімізге тура келді», – дейді кадр сыртындағы дауыс.

Read More

Кездесу кезінде иесіз қалған иттер мен мысықтарға жасалатын қатыгездік мәселесі, оларды қамқорлығына алатын мекемелердің жұмысы талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева елордадағы иесіз қалған жануарлар орталықтарын аралап шықты, деп хабарлады парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметі. Назарбаева мамандырылған ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Оның ішінде жануарларды қорғау жөніндегі «Inucobo» қауымдастығының президенті Лилия Сәрсенова бар. Кездесу кезінде панасыз жануарларға қатысты қатыгездік әрекеттер, иттер мен мысықтарды ұстау мекемелеренің проблемалары, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру жайы талқыланды. Мәселен, бір мекемеде 150-ден астам жануар бар. Былтыр осы жерден 100 ит пен мысықты алып кеткен. «Я живой» орталығының құрылтайшысы Елизавета Липисейдің айтуынша, бүгінде осы саладағы…

Read More

Атырауда баланы ұрды деп айыпталған «Алтын балық» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты үкім шықты, — деп хабарлайды Caspian Life. Қатыгездікке толы жазбаны жәбірленушінің әкесі желтоқсан айында әлеуметтік желілерге жариялаған еді. Кадрлардан тәрбиешінің  баланың басынан ұрып, құлағанын тартқанын анық көрінеді. Оған қоса, балақайды аяғымен басқан. Ал кішкентай керісінше оны арқасынан құшақтайды. Баланың әкесі осындай  зорлық-зомбылық фактілері бар 25 бейнежазбаның бар екенін алға тартып, жәбірленушінің дамуына зиян келтіргенін айтады.  Жарты жылдан кейін сот әйелді кінәлі деп тапты.

Read More