Автор: Сайт әкімшілігі

Министрдің айтуынша, елде мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау үшін Шымкент мұнай өңдеу зауытына жоспарланған күрделі жөндеу жұмысының мерзімі ауыстырылды  Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстарын сәуірдің соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Бл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Биыл қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясын жеткізуде іркіліс пайда болған еді. Соның салдарынан технологиялық қондырғылар апатты жағдайда тоқтап, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындады. «Алғашқы жоспар бойынша жөндеуді 4 сәуірде аяқтап, зауытты толық қуатына 10 сәуірде шығару жоспарланған. Алайда ақауларды анықтау барысында қосымша жөндеу шаралары қажет екені анықталды. Сол себепті…

Read More

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатаң сөгіс беру керектігін айтты. Ол бұл тапсырманы орындауды аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовке жүктеді. Әкім орынбасарының сынға  ілінуінің бірден-бір себебі, облыстағы тамақ бағасының қымбаттауы. Өйткені, Қайрат Нұрлыбаев осы салаға жауапты. Жалпы, елімізде биыл тамақ бағасы 3,2 процентке артқан . 6 сәуірдегі жағдай бойынша, басқа өңірлермен салыстырғанда Атырау мен Жамбыл облыстарында азық-түлік бағасы айтарлықтай көтерілген. Ал ШҚО мен Ақмола облысында катты өсім байқалмайды. Бұл жағдайға байланысты  Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов та пікір білдірді. Оның сөзінше, жергілікті әкімдіктер тиісті іс-шараларды жасай алмай отыр.

Read More

Ресейдің Федералды биологиялық және медициналық агенттігі (ФБМА) коронавирус инфекциясын алдын алу мен емдеуге арналған «МИР-19» препаратына патент алды, деп хабарлады ФБМА агенттігі. «Роспатент SARS-CoV-2 жаңа коронавирусқа қарсы әсері бар құрамдастырылған дәріге патент берді. Препарат МИР-19 деп аталады», – делінген хабарламада. МИР сөзі шағын интерференделуші РНҚ дегенді білдіреді.  Препарат ингаляция немесе мұрын ішіне енгізу жолымен коронавирус инфекциясының алдын алуға немесе емдеуге арналған. «МИР-19 – микро РНҚ-ны қолдануға негізделген бірегей препарат. Ол адамдар үшін қауіпсіз, адам геномына және иммунитетіне әсер етпейді. Сонымен бірге вирус көшірілуіне жол бермейді. Коронавирус инфекциясының ең ауыр түрлері, соның ішінде пневмонит, коронавирус инфекциясы тудырған өткір респираторлық дистресс синдромның алдын…

Read More

NCOC-тің кеме жүретін каналдар салу жобасын көпшілік қолдамай отыр.  NCOC (North Caspian Operating Company N.V) компаниясының Каспий теңізінің түбін тереңдету жөніндегі мәлімдемесі экологтар мен тұрғындардың қарсылығын тудыруда. Солтүстік Каспий жобасының операторы мұндай шараны жүзеге асырмаған жағдайда «ғасыр жобасы» атанған Қашаған кенішінен «қара алтын» өндіруді тоқтату қаупі бар екенін алға тартады. Ал ҚР экологиялық реттеу және бақылау комитеті «Теңіз кеме жолдары» жобасын «қаралған нұсқалардың ішіндегі ең қауіпсіз әрі экологиялық жағынан тиімдісі» деп танығанын жария етті, деп жазды inbusiness.kz  тілшісі. Жоба бойынша, қазылуға тиіс каналдардың ұзындығы 56 шақырымды құрайды. Спутниктен түсірілген түсірілімдерге сүйенсек, соңғы 13 жылда Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігіндегі су деңгейі 1,5 метрге төмендеген. 2005…

Read More

Коронавирус инфекциясынан өлім-жітімнің 57 пайызы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаларында және Алматы облысында тіркелген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой айтты. Оның атап өтуінше, сәуір айының ішінде еліміздегі эпидемиологиялық ахуал күрделене түскен. «Науқастану көрсетішінің артуымен қатар өлім-жітім жағдайларының да жиілеп кеткені байқалады. Ақпаннан бастап елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1,4 есеге артты. Бұған қоса, өлім-жітімнің 57 пайызы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаларында және Алматы облысында тіркелген», — деді Алексей Цой. Министрдің айтуынша, елімізде эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты тәуліктік тестілеу саны 48 мыңға дейін жеткізілген. Бұл еліміздің жалпы тәуліктік қуатының 41 пайызын құрайды. Сонымен қатар Алексей Цой орын…

Read More

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингіде қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай вакцина алу мәселесіне тоқталды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды. Оның айтуынша, егер зат (сұйықтық) адам ағзасына ауыз немесе мұрынмен асқазан-ішек жолдары арқылы түсетін болса, ораза бұзылады. Ал вакцина инъекция жолымен енгенде ораза бұзылмайды. «Қазір коронавиурс тек біздің елге ғана емес, күллі әлемге қауіп төндіруде. Ғалымдар мен медицина қызметкерлері одан құтылудың жолын іздестіріп жатыр. Дәрігерлер қазір бұл індеттен құтылудың бірден-бір жолы ретінде екпе салуды ұсынып отыр. Өзім дәрігерлерге сенемін. Сондықтан жаппай вакцина алғанымыз дұрыс. Екпенің шариғатқа ешқандай қайшылғы жоқ»,-деді қаланың бас имамы. Е. Шоқай дәруменге жатпайтын, тек емдеу…

Read More

Маңғыстауда 46 мың тұрғыны бар ауылда алғаш рет мәдениет үйі салынып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат елді мекені күн санап көркейіп келеді. 46 мың адам қоныстанған ауылда бүгінде бірнеше нысан құрылысы мен ғимараттарды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Рахат елді мекенінде алғаш рет 300 орындық мәдениет үйі салынып жатыр. Ш пішіндес нысанның бір бөлігін тұтасымен 300 орындық көрермен залы алып жатыр. Орта бөлігі ұжым қызметкерлеріне арналса, екінші бөлігінде бір мезетте 45 адамды қабылдайтын кітапхана да орналасады. Кітап қорында 12-14 мың әдеби оқулық болады деп жоспарлануда. Екі қабатты ғимараттың жоғары қабатындағы бөлмелер эстрада және театр өнері, бейнелеу тағы…

Read More

Инфекция Атырау қаласындағыдай ауылдық жерлерде де таралу қарқыны өсіп келеді, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Ауру жұқтырғандардың ішінде 80 науқас Атырау қаласынан тіркелді. Ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 7 жағдай анықталды. Облысқа қарасты аудандарда да індеттің таралу қарқыны өсіп келеді. Кешегі тәулік ішінде COVID-19 ауруы Жылыой ауданында — 3, Қызылқоға ауданында — 4, Индер ауданында — 3, Құрманғазы ауданында — 9, Махамбет ауданында — 2, Мақат ауданында – 2 адамнан анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 48 науқаста аурудың белгілері бар, ал 62 адамда байқалмайды. Өткен тәулікте өңірде коронавирустан 29 адам сауығып шақты. Қазір 794 адам үйден,…

Read More

2021 жылы сәуірде Қазақстандағы коронавирус жағдайы наурызбен салыстырғанда 3 есе нашарлады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Цойдың айтуынша, коронавирус жұқтырғандар саны Қостанай мен Түркістан облыстарынан басқа Қазақстанның барлық өңірінде өсіп жатыр. Бұл ретте ел бойынша сырқаттанушылықтың 61 пайызы үш өңірге тиесілі — Нұр-Сұлтан, Алматы және Алматы облысы. «Биыл сәуірде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Сәуірдің алғашқы 11 күнінде коронавирустың 24 955 жағдайы тіркелді. Наурыздың осы кезеңімен салыстырғанда вирус жұқтыру дерегі үш есе өсті. Тәулігіне 2 800 науқас тіркеледі», — деді Цой Үкімет отырысында. Ол сырқаттанушылықтың өсуімен қатар өлім жағдайы көбейгенін атап өтті. Мәселен, наурызда ақпанмен…

Read More

«Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс ІІІ сессиясында айтылды»  деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ⠀ Жиынға аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов, орынбасарлар мен бірқатар басқарма басшысы, бейнеселекторлық режимде аудандық мәслихат хатшылары, аудан әкімдері қатысты. ⠀ Сессияда облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиев қазіргі таңда облыс орталығы мен Құрманғазы ауданына қатынайтын жолаушылар пойызының қажеттігін алға тартты. «Бұрын Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданының арасында Душанбе-Москва, Ташкент-Саратов пойыздары қатынап келген болатын. Карантиндік шектеулерге байланысты бұлар уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, 277 шақырым болатын Атырау-Астрахань бағытында республикалық жол күрделі жөндеуден өтуде. Бұл бағыттағы жұмыстар 2022 жылы аяқталады деп жоспарлап отыр. Осы…

Read More