КВИ-дың таралу деңгейі бойынша «қызыл» аймаққа жатқызылған Алматы облысының Көксу ауданында блок бекеттер қойылды. Өткен тәулікте өңірде 263 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. Алматы, NEGE. Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таңғы сегізден түнгі онға дейін ауданға кірер жолдарда полиция мен жергілікті атқарушы орган өкілдері кезекші болатынын жеткізді. Ауылдық округ территориясына осындай блок-бекеттің тоғызы қойылған. Көксу ауданы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ауыл округтерінің кіріп-шығатын жолына профилактикалық сипатта күндізгі блок бекеттер қойылған. Ол жерде көрші облыстан келгендерді тексеріп жатыр. «Көксу ауданында коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты ауыл округтерінің кіреберісіне блок бекеттер қойылды. Аудан бойынша қозғалыс шектелмейді. Блок бекеттерде басқа өңірден келген…
Автор: Сайт әкімшілігі
Қытайдың денсаулық сақтау саласындағы жоғары лауазымды тұлғалар коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның тиімділігі төмен екенін мойындады. Үкімет екпенің тиімділігін арттыру жолдарын қарастырып жатыр. Ауруды бақылау жөніндегі орталықтың директоры Гао Фу 10 сәуір күнгі баспасөз жиынында «қазір қолда бар вакцинаның тиімділігі жоғары емес, үкімет осы мәселені шешу жағын қарастырып жатыр» деп мәлімдеді. «Иммунизацияға өзге өндіріс линиясынан әртүрлі вакцинаны қолдануымыз қажет пе, жоқ па, осы мәселені ресми түрде қарастырып жатырмыз» деді Гао.
Желіде Ақтау қаласының ортасында жанып жатқан көлікте күшті жарылыс болғаны көрсетілген видео тарады. Бұл туралы Lada.kz сайты жариялады. Куәгерлердің айтуынша, көлік 12 сәуірде «Аяулы Ана» тұрғын үй кешенінің жанындағы 34-ықшамауданда өртенген.
Енді әйел адамға ипотекалық несие алу бұрынғыдан да қол жетімді. Бұл туралы Отбасы банкі мәлімдеді. «Достар, қазақстандықтар конкурс шеңберінде атауын анықтаған, Отбасы банкінің ең сүйкімді жандарға арналған «Ұмай» деп аталатын ипотекалық бағдарламасы 12 сәуір күні басталатынын қуана хабарлаймыз», — делінген аталмыш ведомствода. Яғни бүгіннен бастап арнайы мамандардан консультация алып, құжаттарыңызды даярлай берсеңіздер болады. Жаңа бағдарлама отандастарымызға несиені 15% бастапқы жарнамен немесе депозитке салым салмай-ақ рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша, несие мөлшерлемесі 12% және алдағы уақытта, яғни тұрғын үй заемына аусқан кезде несие мөлшерлемесі 3,5% — ға дейін төмендейтін болады. Тұрғын үйдің ең жоғарғы құны – 30 млн теңгеге дейін. Бағдарламаға қатысу үшін отбасының жалпы…
Дүкен шыны жуатын сұйықтықты лицензиясыз сатқан. Ал заңсыз өнімді сараптамадан өткізу кезінде улы заттардың тізіміне енгізілген метанол анықталды. Өскеменде жүздеген литр шыны жуатын сұйықтықтың құрамынан «метанол» деген улы зат табылды, деп хабарлады «Устинка LIVE«. Қазақстанның автохимия өндірушілері мен тұтынушылары қауымдастығы тауарды сатып алып, «ОйлсертИнтернейшил» ЖШС-іне сараптамаға берген. Оған сәйкес, шыны жуатын сұйықтықтың құрамында 5,09% метанол болған. Ал кристалдану температурасы минус 15 градусты құрады. Сараптаманың қорытындысы бойынша сұйықтықтың құрамындағы метанолдың мөлшері ұлттық стандарттарда бекітілген нормадан 100 есеге артып кеткен. Осыдан кейін қауымдастық өкілдері полицияға арыз жазды. «ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІНІҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 16 АҚПАНДАҒЫ ҚАУЛЫСЫНА СӘЙКЕС, МЕТИЛ СПИРТІ УЛЫ ЗАТТАРДЫҢ ТІЗІМІНЕ КІРЕДІ. ӨСКЕМЕН…
11 сәуірде Құлсары қаласының 3-ықшам ауданындағы 5 қабатты үйдің бірінде өрт шықты. Хабарлама таңғы сағат 4-те Жылыой полиция бөлімінің 102 пультіне түсті. Қызметкерлер өрт сөндірушілерді шақырып, оқиға орнына жедел түрде жетті. Осы кезде пәтердің ішінде қалың түтін тұрды. Өрт сөндірушілерді күтпей, төрт полиция қызметкері тұрғын үйге кіріп, 4, 5 және 6 жастағы үш баланы қауіпсіз жерге алып шықты, сондай-ақ көрші пәтерлердің тұрғындарын шығарды. – Біздің қызметкерлер қауіпті жерде ешкім қалып қойған жоқ па деп, пәтерлерді мұқият қарап шықты. Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ, — деп түсіндірді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі. Жылыой ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Нариман ӨТЕШОВТЫҢ айтуынша, өрттің…
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуір күні № 80 «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы» қаулысымен «Тауық жұмыртқасы (I санатты), 10 данасына» рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы 90 (тоқсан) күнтізбелік күн мерзімге 453 теңге мөлшерінде бекітіліп, мемлекеттік тіркеуге жолданды және қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева мәлімдеді. Осы рұқсат етілген шекті бағаны асырған кәсіпкерлерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 202-бабына сәйкес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып…
1 сәуірде таңғы сағат 10.00 шамасында «Атырау-Доссор» трассасында «Лада-21901» және Scoda Octavia соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам ауыр жарақат алып, облыстық ауруханаға жатқызылды. Ең көп зардап шеккендердің ішінде 10 айлық сәби бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 жастағы «Шкода» жолаушысы жабық бас сүйек-ми жарақатымен жансақтау бөлімшесінде, сол көліктің 26 жастағы жүргізушісі нейрохирургияда. «Шкода»-ның 26 жастағы жолаушысы, «Лада»-ның 36 жастағы жүргізушісі мен 22 жастағы жолаушысы әртүрлі жарақаттармен травматологияда жатыр. Апат болған кезде Scoda Octavia көлігінде 10 айлық сәби болды — ол өте ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесінде жатыр. Ол 3-4 дәрежелі комада, жабық ми жарақаты,…
Атырау қаласында соңғы бірнеше күн бойы күн жылы болып тұр, тіпті ыстық деуге болады, мысалы, 10 сәуірде +28 градусқа жетті. Ал көп қабатты үйлердегі орталықтан берілетін жылу әлі өшірілген жоқ: коммуналдық қызметкерлер жылыту маусымының (15 сәуір) ресми аяқталуын мұқият күтіп отыр. Әлеуметтік желіде осы мәселеге қатысты наразылық білдіргендер көп. Пайдаланушылар АЖЭО көп ақша жинау үшін арнайы осылай жасап отыр деп ойлайды. Сонымен қатар олар шаңды дауылдың салдарынан осы ыстықта пәтердің терезесін аша алмай қиналып отырғандарын да жеткізді. Әкімдіктің 109 қызметі тұрғындардың шағымын қабылдап, тіркеп алады. Қала тұрғындарының бірі 109-дан мынадай жауап алды: «АЖЭО 14-15 сәуірде жылу тасымалдағыштың есептік температурасына магистралды…
Киік мүйіздерінің ірі партиясымен браконьерлер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Полиция қызметкерлері Бөкей ордасы ауданының тұрғындарынан 800-ден астам киік мүйізін тәркіледі. Бұл мүйіздердің құны шамамен есептегенде 2 млрд. теңгені құрайды. Тергеу барысында ұсталған адамдардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екені анықталатын болады. Қазіргі уақытта олардың сыбайластары мен мүйіздерді өткізетін орындары анықталуда. Бұл соңғы жылдары браконьерлерден тәркіленген киік мүйіздерінің ең ірі партиясы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне енгізілген түзетулер мен өзгерістерге байланысты киікті заңсыз аулағаны үшін және осы сирек кездесетін жануарлардың дериваттарымен заңсыз айналысқаны үшін де қылмыскер түрмеге тоғытылатын болады. Бұрын браконьерлер қылмыстық жауапкершіліктен оңай құтылып жүрген. Мәселен, “мүйізді тауып…
