Автор: Сайт әкімшілігі

Президент Қ.Тоқаев бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады. Бас мүфти Тоқаевқа атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндады. Бұл туралы Аkorda сайты хабарлайды. Наурызбай Тағанұлы пандемия кезінде оразаның ұйымдастырылу ерекшеліктері, қайырымдылық шаралары жайында және елордада ислам академиясын құру жұмыстарының басталғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, пандемия кезінде жамағатты сабырға шақырып, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталатынына, мешіттердің толық ашылатын күні алыс емес екеніне сенім білдірді.

Read More

ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья Qazvac вакцинасы қанша уақытқа дейін адамды вирустан қорғай алатыны туралы айтып берді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында институттың бас директоры ресейлік және отандық вакцинаның қаншалықты адамды қорғай алатыны туралы айтты. Вакциналар толық зерттеуден өтпегендіктен, нақты ақпарат беру қиын екенін жеткізді ол. «Спутник V» вакцинасының екі жылға дейін адамды вирустан қорғайтыны әлі дәлелденбеген. Оның зерттеліп жатқанына бар жоғы бір жыл болды. Сондықтан нақты осынша уақыт деп айту қиын. Қазақстандық вакцинаның нақты қанша уақытқа дейін адамды қорғай алатыны туралы үшінші зерттеу фазасы аяқталғаннан кейін белгілі болады. Дегенмен ғалымдар өздеріне…

Read More

Атырау облысында 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы ATPress.kz хабарлайды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың 8-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 14 сәуірдегі мәліметке сәйкес, аймақта COVID-19  жұқтырған 498 адам емделуде. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі 1993 төсекке шаққанда 25,7% — ды құрайды. Атап айтқанда, 802 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 173, облыстық аурухананың инфекциялық стационарында — 81, аудандық инфекциялық стационарларда — 113, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 131 науқас ем алуда.

Read More

Ақтауда сот мас күйінде адам қағып өлтірген жүргізушіге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Жүргізуші екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Оқиға өткен жылдың қаңтар айында «Заман» сауда орталығына қарама-қарсы 11 шағын ауданда болған. Lada Granta автокөлігі сол кезде жаяу жүргіншілер өткелінен жолды кесіп өткен ер адамды қағып кетті. 1968 жылы туған ер адам апат салдарынан алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Осы қайғылы оқиғадан кейін апат орнында жылдамдықты төмендететін қондырғылар орнатылды. Бұл туралы «Лада» басылымы жазды. Апатқа кінәлі азаматты полиция ұстады. Жүргізуші мас екені белгілі болды. Оқиғаға түсініктеме бере отырып, кінәлі адам өкінетінін айтты. «Мен өкінемін, бәрінен сұраймын: менің қателіктерімді қайталамаңыздар, мас…

Read More

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов Ashyq жобасы туралы жаңа қаулы шығарды. Оған үш кезең ішінде кинотеатрлар, театрлар, караоке, концерт залдары және басқа да бірқатар мекеме кіреді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаулыда бірінші кезеңде 14 сәуірден бастап жобаға мына мекемелер қатыса алатыны айтылған: 1)  кинотеатрлар; 2)  театрлар және филармониялар; 3)  банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері; 4)  ерікті қатысушылар; Екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап: 1) облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар; 2) бильярд клубтары; 3) концерт залдары; Үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап: 1) караоке; 2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы…

Read More

Маңғыстау облысында 3 мектеп карантинге жабылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, Ақтау қаласындағы ІТ лицейі, №7 мектеп-лицейі және Маңғыстау ауданындағы Б. Жұмалиев атындағы орта мектеп жұмысын уақытша тоқтатқан. 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыту (пәндердің 70%-ы мектепте, 30%-ы онлайн оқытылады) жүргізілуде. Сыныптың толымдылығы – 25 бала, сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Мектеп формасы талап етілмейді. Айта кетейік, өңірдегі барлық 158 білім беру ұйымы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қажетті құралдармен қамтамасыз етілді (тепловизор, санитайзер, кварц лампалары). Алдағы уақытта арнайы…

Read More

Қазақстан мұнай өндіруші кәсіпорындары қызметкерінің 90 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартты. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлайды. Телеарна мәліметіне сүйенсек, вахта қызметкерлерінің екпе салдырудан бас тартуына ауысымға түсер алдында оқшауда болып, сол кезеңде үстемақы ала алмай қалуы себеп болған. «Олар іссапарда Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген уақыттан көп уақыт өткізсе жалақыға қосымша ақы алады. Бұл жағдайда вакцинациялау олар үшін тиімсіз. Өйткені жоғары коэффициенттер болмайды», — дейді Мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықов Рашид Жақсылықовтың айтуынша, бұл Теңіз кен орнында бірқатар жұмысты тежейді. Айта кетейік, мұнай өндіруші компания нысандарына қазірдің өзінде препараттың 90 мыңға жуық дозасы жеткізілген.

Read More

Телеарна мәліметінше, Гонконгте вакцина қабылдаған азаматтар үшін карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Осылайша жергілікті билік аймақта екпе егуге ниет білдіргендердің санын арттырмақ. Жаңа ережеге сай вакцина еккендер паб, мейрамхана мен ауруханаларға еш кедергісіз кіре алады.  Билік өкілдері бұл тізімнің алдағы уақытта тағы қаралатынын айтып отыр.   Айта кетейік, бүгінде халық саны 7 млн болатын Гонконгте  тұрғындардың шамамен 8 проценті ғана вакцина қабылдады. «Бірінші кезекте екпе егу науқанын әлеуметтік арақашықтық пен шекарадағы бақылауды жеңілдету үшін бір ізге қоюымыз керек. Сонымен қатар вакцина қабылдаған тұрғындар түрлі қоғамдық орындарға бара алатын болады», — деді Гонконг басшысы Кэрри Лам.

Read More

Коронавирусқа қарсы екпе оразаны бұзбайды. Бұл туралы Алматының бас имамы Еркінбек Шоқай айтты. Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында онлайн-брифинг өтті. Кеңес барысында қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай ораза ұстауға ниет етіп жүрген мұсылмандардан түскен сұрақтарға жауап берді. Спикер коронавирусқа қарсы вакцина мен ПТР-тест тапсыру оразаны бұзбайтынын түсіндірді. Еркінбек Шоқайдың айтуынша, егер зат (сұйықтық) адам ағзасына ауыз немесе мұрынмен асқазан-ішек жолдары арқылы түсетін болса, ораза бұзылады. Ал вакцина инъекция жолымен енгенде ораза бұзылмайды. Сондықтан ковидке қарсы екпе салдыру оразаны бұзбайды. «Қазір коронавиурс тек біздің елге ғана емес, күллі әлемге қауіп төндіруде. Ғалымдар мен медицина қызметкерлері одан құтылудың жолын іздестіріп…

Read More

 «Атырау» ФК-ның жанкүйерлері клуб басшылығының отставкаға кетуін талап етуде. Өйткені, соңғы ойындарда клуб жеңілістен көз ашпады, сондықтан құрамаға жаңа басшы керек, — дейді олар. Айтуларынша, 10 жылға сенімгерлік басқаруға берілген клубты спорттың дәл осы түрінен бейхабар адам басқарып отырған көрінеді.  Ал, клубтың бас жаттықтырушысы болса, көрсеткіштің төмен болуы —  өткен ойындарда қателік жіберген төрешілердің де кінәсі дейді. Арам ВОСКАНЯН, «Атырау» ФК бас жаттықтырушысы Бұл — футбол. Біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Астананың ойынын көрдіңіздер ғой, сәтті болмады. 2:1, пенальти. Футбол болғандықтан мұндай нәрселер болады. Ойынға талдау жасадым. Жігіттер өздері жіберген қателіктерін біледі.Қазір дайындалып жатырмыз. Жанкүйерлермен жүздескен «Атырау» ФК директоры Қонысбай Шпанов…

Read More