Атырау, Caspian Life. Сот кәсіпкерлерден мұқтаж жандарға көмек сұрады деп айыпталған Атырау облыстык жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланы ақтады. Кездесу қысқартылған тәртіпте онлайн режимінде өтті. Прокурор лауазымды тұлғаны өмір бойына мемлекеттік қызметти атқару құқығынан айыруды, сондай-ақ 3 миллион теңгеге жуық айыппұл салуды сұраган еді. Алайда, Серік Қамидолланың отбасылық жағдайы мен өз кінәсін толық мойындағанын ескерген сот шенеунікті қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Айта кетейік, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы наурыз айында усталып, ҚР ҚК-нің «пара алу» және «Алаяқтық» баптары бойынша айыпталған еді. Алайда оның пара алғаны дәлелденбеді. Тек қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген бап…
Автор: Сайт әкімшілігі
Инфекцияға қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми сауалға берген жауабында айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. «Қазіргі уақытта вакцинациядан кейін (бірінші және екінші кезең) коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 жағдай тіркелді. Вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырудың ең ұзақ мерзімі екінші компонентін салдырғаннан кейінгі төртінші аптада тіркелген», — деді ведомство өкілі. Ведомство коронавиру инфекциясына қарсы вакцинациядан кейінгі иммунитет вакцинаның екінші компонентін алған сәттен бастап алты аптадан кейін қалыптасатынын айтты. Бұған дейін Алматыда вакцина салдырған дәрігер коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Алайда ол жұқтыру қаупі туралы білгенін және әлі де вакцина салдыруды ұсынатынын айтты. Медицина докторы, биолог және…
Атырау, Caspian Life. Атырау облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша, жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынбақ. Бұл туралы қаулыда: 1) қаладағы қоғамдық көлік қозғалысы жұмыс күндері және сенбіде штаттық кестеге сәйкес, жексенбі күні жұмыс жасауға тыйым салумен (қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен, қоғамдық көліктің толтырылуы отырғызу орындары бойынша болуы тиіс, барлық есіктерін ашуымен, жолаушыларға қолжетімді жерлерге тері антисептигі құйылған санитайзерлер орнату, бетперде кимеген жолаушыларды кіргізбеу) делінген.
Атырау, Caspian Life. Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2021 жылғы 15 сәуірдегі «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулыға өзгеріс енгізді. Атап айтқанда: — техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінде оффлайн оқытуға (тек онлайн форматта рұқсат етіледі); — 1-ден 5-ке дейінгі сыныптарды қоса алғанда, халықаралық мектептерде1-ден 7-ге дейінгі сыныптарды қоса алғанда, мектепке дейінгі сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде аралас форматтағы оффлайн оқыту тәсілі қолданылады; — діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалары) жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынады,…
Атырау, Caspian Life. 17 сәуірден бастап Атырау облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енбек. Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107 баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»…
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Гүлбаршын Сұлтанова мәлімдеді, деп хабарлайды коммуникациялар қызметі. — Пайдаланылмаған өнім 14 күні ішінде қайтарылуға жатады. Егер 14 күні ішінде тауарды қайта алуға сатушы қарсы болса, жазбаша түрде сатушыға наразылық білдіреді. ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 42 бабында белгіленгендей, 10 күн ішінде сатушы тараптан жауап келмесе, бізге шағымдана алады, -деді Гүлбаршын Сұлтанова.
Атырауда жұмысқа қабылданған әр шетелдіктен 500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген шенеуніктің кінәсі дәлелденбеді. Атырау облыстықжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Серік Қамидоллаға қатысты сот отырысы күдіктінің қан қысымы көтерілуіне байланысты 15-сәуірге қалдырылды. Ал оған тағылған пара алды және алаяқтық жасады деген айыптар алынып тасталды. Өйткені, осы 2 бап бойынша Серік Камидолланың кінәсіз екендігі анықталған. Бірақ, басқарма басшысына қызметтік өкілеттілігін басқаларга пайда әкелу мақсатында пайдаланды деген кінә тағылып отыр. Нақтырақ айтсақ, кәсіпкерлерден көмекке мұқтаж отбасыларға қол үшін созуды сұрағаны үшін сот алдында жауап бермек. Нұрлан ЖОЛБОЛОВ, адвокат Тергеуде қорғау тарапының стратегиясы түгелдей айқындалды. Бүкіл уәждеріміз орындалды.…
Зейнетақы жинақтарын пайдалануға байланысты дүрлікпе сәуірдің соңында аяқталады. Мұндай болжамды «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қазір қолымыздағы статистика бойынша БЖЗҚ-дан жіберілген барлық қаржының 50 пайызға жуығы тұрғын үйді тікелей сатып алуға бағытталған. Ипотека алу үшін 100 мыңнан аса адамнан өтінім түссе, олардың төрт мыңы ғана банкке келді. Басқа екінші деңгейлі банктерде де шамамен осындай көрсеткіш. Яғни, жалпы көлемі 10 мыңнан аспады. Сондықтан зейнетақы жинақтарын пайдаланумен байланысты дүрлікпе іс жүзінде сәуірдің соңында аяқталады деп есептеймін», — деді Ләззат Ибрагимова ОКҚ онлайн-брифингінде. Ибрагимованың айтуынша, «Отбасы банк» күніне екі жарым мыңға жуық өтінім алады, ал олардың сомасы «айтарлықтай азайды…
Қазақстандықтар кедейленіп барады. Finprom.kz сайтының мәлеметіне сүйенсек, елімізде тапқан табысы күнкөріс деңгейіне де жетпейтіндер саны 20 процентке артқан. Сондай-ақ, еліміз бай адамдар санының көбеюі жөнінен елдердің ТОП-10-на еніп отыр. 2020 жылдың төртінші тоқсанында табысы күнкөріс деңгейінен төмен жандардың саны 140 мыңнан асыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 процентке көп. Ал аймақтарға тоқталатын болсақ, түркістандықтар кедейленіп барады. Себебі, мұндағы халықтың 20 процентінің табысы төменгі күнкөріс деңгейінен де аз . Түркістанның қатарында Алматы мен ШҚО бар. Ал біздің Атырау облысы бұл рейтингте ең төменгі орында.
Жақын айларда елімізде 4 пайызбен жеңіл автокөлікті несиелеу бағдарламасы тағы басталады. Көпшілік осы арқылы көлік алуды жоспарлап отырғаны белгілі. Автонесиені қаржыландыру үшін Қазақстанның даму банкі екінші деңгейлі банктерге 20 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Автонесие алушыларға қойылған талаптар: Бағдарлама арқылы көлік алуға өтініш берген кезде жасыңыз 21-ге толған, ал қарыз мерзімі аяқталған кезде 68-ден аспаған болуы керек; Жоба бойынша тек отандық жеңіл автокөлікті ала аласыз; Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – жылына 4 пайыз; Несиені 5 немесе 7 жылға рәсімдей аласыз. Банктер қандай шарттар ұсынады? Отандық жеңіл автокөлікті несиелеу бағдарламасын екінші деңгейлі банктер әртүрлі пайызбен ұсынады. Мысалы, «Халық банктен» автонесие алар болсаңыз, автокөліктің шекті…
