Автор: Сайт әкімшілігі

Пандемия кезінде отынға сұраныс төмендеуіне байланысты қоймаларда жиналған артық мұнай қоры бітуге жақын. Бұл туралы World Oil хабарлайды. Бұған Bloomberg басылымына Халықаралық энергетикалық агенттігі (ХЭА) мен Citigroup маманы берген сұхбат дәлел. Ақпанда ХЭА мәліметтері бойынша, қоймаларда жиналған отын көлемінің бестен бір бөлігі қалды. Агенттік сол кезден бастап қор одан да азайғанын айтты. 2020 жылдың маусымында әлемдегі қоймаларда 2015-2019 жылдардағы орташа мәннен 249 миллион баррельге көп жиналған. Алайда 2021 жылдың ақпанында бұл көлем 57 миллион баррельге дейін төмендеді. Тепе-теңдік өзгеруі ОПЕК пен оның одақтастары өндірісті үлкен көлемде автоном режимде қалдыруына байланысты және экономиканы алдын ала қалпына келтіру отынға деген әлемдік сұранысты…

Read More

Сарапшылар халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы көрсетілген статистиканы зерттеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге жетпейтінін анықтады. Бұл туралы Ranking.kz хабарлайды. Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 2020 жылдың төртінші тоқсанында 125,4 мың теңге болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 12,9 пайызға артық. Нақты мәнде тауарлар мен көрсетілген қызметтер бағасын ескерсе, халықтың табысы 5,2 пайызға өскен. Өңірлерде жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс 2020 жылдың төртінші тоқсанында Түркістан облысында 65,9 мың теңгеден Атырау облысында 230,2 мың теңгеге дейін құбылғаны байқалады. Бұл ретте нақты мәнде Атырау облысында кірістер екі пайызға азайса, Түркістан облысында 7,4 пайызға…

Read More

Атырау, Caspianife. Соңғы тәулікте Атырау қаласында 76 адамнан, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 19 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Аудандарда да індет жұқтырғандар саны өсуде. Соңғы тәулікте Индер ауданының 7 , Құрманғазы ауданының 4, Исатай ауданының 2 тұрғынында Covid-19 расталды, сондай-ақ, Мақат және Жылыой аудандарында бір-бірден ауру жағдайы тіркелді. Коронавирустық инфекциясы бар 44 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 25 адам емделді. Қазіргі уақытта 1068 адам үй жағдайында, 181 — модульдік ауруханада, 101 — облыстық аурухананың инфекциялық стационарында, 25 – фтизиопульмонология инфекциялық стационарында, 130 — аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда-147 науқас ем…

Read More

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 18 сәуірдегі мәлімет бойынша, Спутник V вакцинасының I компонентін 535 жергілікті тұрғын алды. 1 ақпан мен 18 сәуір аралығында «Спутник V» I компонентімен 14705 адам вакцинацияланды. II компонентпен 3291 адам егілді. Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды. Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен бару қажет. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа «Спутник V» вакцинасының 15 200 мың дозасы келіп түсті.

Read More

Қазақстанда халық саны 19 миллионға жуықтады. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. «2021 жылы 1 наурызда еліміздегі халық саны 18 917,2 мың адам болды, оның ішінде қалалықтар — 11 187, 2 (59,1 пайыз), ауылдықтар — 7 730,0 адам (40,9 пайыз). 2020 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 245,3 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті», — деп хабарлады ведомстводағылар.

Read More

Маңғыстау, CaspianLife. Маңғыстаудың құмды аймақтарында сирек кездесетін соғды қызғалдақтары гүлдеді. Бұл туралы  InAktau хабарлайды. Қызыл кітапқа енген гүлдердің суретін Ольга Михайлова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кадрлардан құмда өсіп тұрған ақ гүлдерді көруге болады. «Біз шексіз өмір сүретін сәттер бар, кейін олар бізде шексіз өмір сүреді. Маңғыстауға көктем келді», — делінген жазба сипаттамасында. Соғды қызғалдағы (Tulipa sogdiana) – биіктігі 10-25 сантиметр болатын көпжылдық өсімдік. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 0,7-1,5 сантиметр, қара қоңыр, қатты, ішкі жағы түкті қабықты болады. Соғды қызғалдағы наурыздан сәуірге қарай гүлдейді. Қызылқұм, Қарақұм, Маңғыстаудың құмды, сирек сазды немесе тасты шөлдерінде өседі.

Read More

CaspianLife, 16 сәуір. Алматыда кісі қолынан қаза тапқан Аяжан Еділованың сүйегі жер қойнына тапсырылды. Бұл туралы «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады. «Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінде Аяжан Еділова жерленді. Көңілді, белсенді, табанды, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні қылмыскердің құрбаны болды. Туыстары Аяжанның денесін мырыш табытқа салынған күйде алды. Орны толмас қаза, иманды болсын», — деп жазды Таңсәрі. Аяжан Еділованың өлімі Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділова 19 наурызда жоғалып кетті. Оны соңғы рет жұмыста көрген. Қызды іздеу бірнеше күнге созылды. Оның көз жұмғаны 22 наурызда белгілі болды. Оның бөлшектенген денесі Нұркент ықшам ауданындағы пәтерлердің бірінен табылды. Қылмысқа күдікті ретінде Түркістан…

Read More

Маңғыстау, CaspianLife. 16 жастағы жасөспірім жарақат алып, Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасына түскен. Медициналық анықтамаға сәйкес баланың миы шайқалған. Бұл туралы  mangystaumedia.kz  хабарлайды. «Жаңаөзен қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің қызметкерлері жүргізген тергеу барысында жасөспірімді анасы ұрып-соққаны анықталды. Қазір жасөспірім ауруханада ем алып жатыр, онымен психологтар жұмыс істейді.Баланы Ақтау қаласындағы бейімдеу орталығына жіберу жоспарланып отыр. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің қызметкерлері ананы ата-ана құқығынан айыру үшін құжаттар жинайды», — делінген МО Полиция департаментінің хабарламасында.

Read More

Атырау, Caspian Life. Облыста 11 мұғалім мен 116 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ауру студенттердің арасында да өршіп тұр. Білім беру ұйымдары вирустың ошағына айнала бастауы себепті 1-5 сынып аралығындағы оқушылар енді сабақты онлайн оқиды. 9 бен 11 класстар аралас оқу форматында білім ала  береді. Колледждер мен ЖОО-ның бірінші курс студенттері қашықтан оқиды. Бұл облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысындағы жаңа өзгерістер. Қаулыға сәйкес, жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді, шаштараздар, сұлулық салондары,косметологиялық қызмет көрсететін және діни нысандар жұмыс жасамайды. Сонымен қатар, әуежай мен теміржол вокзалына жолаушылардан өзге ешкім кіргізілмейді.  Қаулы 17 сәуірден бастап күшіне енеді.Карантиндік талаптарды күшейтуге бірден бір себеп соңғы апталарда…

Read More

Caspian Life, 16 сәуір.  Ақын, жазушы Есенғали Раушанов 64 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек жеткізді. «Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтан айырылып қалдық. Алла алдынан жарылқасын», — деп жазды Елгезек Facebook парақшасында. Есенғали Раушанов 1957 жылы Қарақалпақстанда туған. 1976-1980 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алды. Әр жылы «Жалын», «Арай» журналында бөлім меңгерушісі, «Зерде» журналының бас редакторы, «Жазушы» баспасының директоры қызметін атқарды. Алғашқы жыр жинағы «Бастау» деген атпен 1980 жылы жарық көрді. «Келінтөбе», «Шолпан жұлдыз туғанша», «Ғайша бибі», «Қара бауыр қасқалдақ» атты жыр кітаптары бар. 2005 жылы «Құрмет»…

Read More