Автор: Сайт әкімшілігі

Маңғыстауда қызыл кітапқа енген 150 келі балық тәркіленді. Бұл туралы  Egemen.kz  сайты хабарлайды. Маңғыстау облысында «Бекіре-2021» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қызыл кітапқа енген балықтарды заңсыз аулау фактісі анықталды. Аталған іс-шара облыстың табиғатты қорғау полициясымен, ЖҚАЖ қызметкерлерімен, сондай-ақ Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонымен және Түпқараған ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Мәселен, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында полиция қызметкерлері «УАЗ» автокөлігін тоқтатты. Автомобильді тексеру кезінде полицейлермен жүксалғыштан жалпы салмағы 148 килограмнан асатын бекіре тұқымдас балықтар табылып, тәркіленді. Автокөлік жүргізушісі – 25 жастағы жергілікті тұрғын. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ…

Read More

Елімізде алтын құймаларды сатып алу жағынан атыраулықтар алда келеді. Олар жыл басынан бері екінші деңгейлі банктер мен айырбастау  орындарынан жалпы құны 127 миллион теңге болатын құнды металды сатып алған. Әсіресе салмағы 10 және 20 грам болатын құймалар үлкен сұранысқа ие көрінеді. Сатылған алтындардың салмағы бес келіден астам. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда  2 есеге көп, — дейді ҚР «Ұлттық Банкі» АҚ Атырау облыстық филиалының қызметкерлері. Ақшаны алтынға айырбастау мүмкіндігі елімізде 2017 жылы пайда болды. Сол уақыттан бері атыраулықтар 212 келіден астам алтын сатып алыпты.

Read More

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалдың сценарийлерін қайта қарастырды.  Министр Алексей Цой бүгін өткен үкімет отырысында министрліктің “шынайы” және “жағымды” болжамын ұсынды. “Жағымды болжам бойынша, вакцинация кесте бойынша жүрсе, сәуір аяғында тәулігіне 3 мың адам вирус жұқтырады. Ал “шынайы” болжам бойынша, вакцинация кестеге сай жүрсе, вирус жұқтыратындар тәулігіне 4 мың адамға жетеді, жұқтырудың шарықтау шегі мамыр айының ортасына келеді”, – дейді Цой. Цой бұл жолы “жағымсыз” сценарий туралы ештеңе айтпады. Бірақ айтуынша, алғашқы кезеңде вакцинация әсері бірден білінбейді, өйткені иммунитет қалыптасуы үшін уақыт керек. Келесі кезеңдерде вакцинация эпидемиологиялық ахуалға әсер ететін көрінеді. Алайда Алексей Цой оның нақты мерзімін ашып айтпады.

Read More

«Фиркрофт» ЖШС жұмысшылары жалақысын көтеруді талап етіп, ереуілге шықты. Олар талаптары үш күн ішінде орындалмаса, Жаңаөзендегі басқа мұнай компания қызметкерлерін наразылыққа шақыратынын айтты. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды. Бұрын Жаңаөзен әкімдігінде наразылыққа шыққан «Фиркрофт» ЖШС қызметкерлері 19 сәуірде ереуіл жариялады. Олардың айтуынша, олар жұмыс істеп жатқан қала әкімдігі мен «Бұрғылау» ЖШС басшылығы талаптарын орындай алмаған. «Өңірлік мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан Жаңаөзен әкімінің орынбасары мен кеңесшісі, «Фиркрофт» ЖШС бас директоры келді. Олар мәселемізді шеше алмады. Сондықтан ол шешілгенше ереуілге шыға береміз», — деді жұмысшылардың бірі. Ереуілшілер Маңғыстау әкімі мен Қазақстан Республикасының Президентіне бейнеүндеу жариялады. Олар егер талаптары үш күнде орындалмаса, Жаңаөзендегі барлық мұнай…

Read More

Төртінші тоқсан басталғалы бері 3706 оқушы індетке шалдықты, оның 1093-і оффлайн, 2613-і онлайн режимде оқыған  Мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшкелі бері вирус жұқтырған оқушылар саны артқан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. «Дәстүрлі оқыту форматы енгізілгеннен бастап оқушылардың вирус жұқтыруы көбейді. Төртінші тоқсан басталғалы бері 3706 оқушы індетке шалдықты, соның ішінде оффлайн режимде –1093, онлайн режимде – 2613», — деді Цой үкімет отырысында. Айтуынша, дәстүрлі форматта оқитын вирус жұқтырған оқушылардың ең көбі Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарда тіркелсе, онлайн режимде оқитындар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында. «Осыған байланысты әкімдіктер мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын үнемі бақылап, аурудың алдын алу шараларының…

Read More

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 54 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 24 адам болса, Құрманғазы – 6, Мақат-2, Жылыой және Индер ауданында 4 адамнан инфекция анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 31 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 1111 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 81, модульдік стационарда 179, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 106, фтизиопульмонология орталығында 40 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 150 адам ем қабылдауда.

Read More

Із-түссіз жоғалған атыраулық Наурыз Әйтекешовтың денесі табылды. 2021 жылдың 6 ақпанында үйінен шығып кеткен жігітті іздеу жұмыстары 15 ақпан күні кешке тоқтатылған еді, өйткені құтқарушылар Жайық өзенінің жағасындағы елді мекендерді, қала аумағы мен туристік базаларды,  қыстау-саяжайларды тексергенмен,  нәтиже шыққан жоқ. Денсаулығында кінәраты бар азаматты бірі Береке ықшам ауданынан көрдім десе, екіншісі Жұлдыз мөлтек ауданынан байқағанын айтқан болатын. Бірақ, жоғалған жанның мүрдесі 17 сәуір күні қала сыртындағы Талқайраң елді мекеніне қарасты шаруа қожалығындағы контейнерден табылды. Мәйітті қарау кезінде дене жарақаттары табылған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, мүрде мәйітханаға тапсырылды.

Read More

21-23 сәуір аралығында Атырауда нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.  Синоптиктердің айтуынша, күндіз ауа температурасы 15 градусты көрсетсе, түнде сынап бағанасы 5 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі ықтимал. 23 сәуірден кейін облыста ауа-райы күндіз 22 градус, ал түнде 11 градус жылылықты көрсетпек. Қырмызы ҚАПАНОВА, синоптик Атмосфералық фронттардын өтуіне байланысты 21-23 сәуір аралығында облысымыздың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан соғады, күші 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде 13 жылы.

Read More

Жаңаөзенде анасы қызын аяусыз ұрып-соққан. Білім басқармасында қыздың басын темір затпен ұрғаны белгілі болды. Бұл туралы Астана телеарнасы айтты. Бастапқыда қызды ауруханаға алып келіп, содан соң бейімделу орталығына жіберген. Жәбірленуші мамандардан оны үйіне қайтармауын өтініп сұраған. Ол жақын адамынан таяқ жеуден шаршағанын айтады. Жарақат алған 16 жастағы жасөспірімді өгей әкесі ауруханаға алып келді. Оның анасы оны темір затпен ұрғаны белгілі болды.  Қыздың бас миы шайқалған. Білім беру саласының қызметкерлері мен полиция істі қолға алды. «Қызды анасы басынан темір затпен ұрған. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Қазір анасын ата-ана құқығынан айыру бойынша іс жүргізілуде. Анасымен сөйлесу мүмкін болмады, себебі ол өзін адекватты ұстап тұрған жоқ»,…

Read More

1940 жылдардың бас кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданына қарасты Бағыс ауылының жиырма мың гектар жері мен ол кезде Қазақстанға қарайтын Бостандық ауданының бір бөлігі артиллериялық полигон салу үшін КСРО Қорғаныс министрлігінің Жарлығымен уақытша Түркістан әскери округінің қарауына берілді. Осы тұста Бағыс ауылы округтің «Туркистанец» қосалқы шаруашылығының құрамына еніп, әскерилер үшін мал және егін шаруашылығымен айналысты. Ол кезде округ Түркістан Орталық Азия әскери округіне (САВО) қарайтын. 80 жылдардың аяғына дейін округ штабы Алматыда болып, кейін Ташкентке көшірілді. Сол әскери полигон округіне қарайтын қазақтың Бағыс өңірі мен Бостандық аудандары кейіннен шекара мәселесі туындап, уақытша берілген территорияны қайтарып алуға келгенде өзбектер: «Бұл…

Read More