Бұл республикалық маңызы бар Атырау-Астрахань тас жолының жөндеу жүріп жатқан бөлігі. Трассаның 60 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары 2018 жылы басталғаны белгілі. Жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 26 миллиард теңге бөлінді. Қазіргі кезде жолдың кейбір бөлігі ашылып, көліктердің жүруіне рұқсат берілген. Ал «Қазавтожол» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Жаңабай Башаров жолдың енінің әртүрлі болуына өзіндік себеп бар дейді. Жол төсеу жұмыстарына 195 жергілікті жұмысшы тартылған. «Қазавтожол» мекемесі басшыларының сөзінше, шекараға дейінгі 40 шақырым жол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал, жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын Атырау-Астрахань тас жолының реконструкциясы 2023 жылы толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарын халықаралық деңгейдегі 4 компания…
Автор: Сайт әкімшілігі
«Ойын алаңының ойраны шықпауы тиіс». Осыдан бір апта бұрын балалар алаңының орнына үй салмақ болған компания жұмысына қарсы шыққан «Гаухартас» ықшам ауданының тұрғындарын қала әкімі Қайрат Оразбаев онлайн қабылдады. Көпшілікті бір сағат бойы сарылта күттіріп қойған шахар басшысы экранның арғы жағында отырып, мәселені сол бойда шешіп тастаған жоқ. Әңгіме ауаны қос тараптың да көңілін табамыз дегенге сайды. Қайрат ОРАЗБАЕВ, Атырау қаласының әкімі Жалпы жүйеде түскен сұрақтар мен арыздарды біздер қараусыз қалдырған ешмеміз жоқ. Тапсырманы бердім, заңды түрде шешімін күтесіз мен ойлаймын болашақ үй саламын деп отырған кісіге жер тауып беріп, балалар ойын алаңын қалдыруға мүмкіншілік туғызамыз деп.
БҚО әкімдігі біржолғы әлеуметтік көмектің нақты құнын бекітті. Батыс Қазақстан облысында Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай жергілікті бюджеттен берілетін біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері белгілі болды. Нақтырақ айтқанда, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен соғыста мүгедек болғандарға (40 адам) 1 млн теңгеден төленеді. Сондай-ақ қоршаудағы Ленинград тұрғындарына (3 адам), фашистік концлагерьлер мен геттолардың кәмелетке толмаған тұтқындарына (9 адам) және кеңес әскерінің ерікті жалданушы құрамында болғандарға (3 адам) 120 мың теңгеден беріледі. Сол секілді қайтыс болған майдангерлердің әйелдеріне (349), соғыс кезінде тылда еңбек еткендерге (4 543),…
Бұл — «Мұздыбұлақ-Қарабау» топтық су құбырын сенімгерлікпен басқарып отырған «Асыл Агро» шаруа қожалығы иесінің үстінен шағым айтып жиналған Қарабау ауылының тұрғындары. Олар аталған шаруа қожалығының басшысы Нуфтолла Құлбасовтын «Мұздыбұлақ-Қарабау» су құбырынан қосымша құбыр арқылы жеке қыстағына ауыз су жүргізіп, бағымдағы 1000 шақты сиыр, бір отар қойы мен 5 үйір жылқысын халық тұтынатын ауыз судан суаратынына наразылық білдірді. Және көпшілік қосымша су құбырын жүргізген қожалық басшысының іс-әрекетінің қаншалықты заңды екендігін анықтап беруді аудан басшылығынан талап етті. Тұрғындар айтып отырған «Асыл-Агро» шаруа қожалығы Қарабау ауылынан 17 км жерде орналасқан. Иесі топтық су құбырын 2012 жылдан бері сенімгерлік баскаруға алған. Келісім- шартқа сәйкес,…
Каспийдің солтүстік бөлігінде теңіз түбін тереңдету жұмыстары басталады. Жалпы ұзындығы 56 шақырым болатын екі канал қазылады. Бұл Қашаған кен орнына кеме қатынасын жақсартады. Алайда экологтар тереңдету жұмыстары су айдынының биоалуан түрлілігіне кері әсерін тигізеді деп, алаңдап отыр. Уақыт өте келе Каспий теңізі Аралдың күйін кешуі мүмкін. Соңғы 13 жылда Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі су деңгейі 1,5 метрге дейін төмендеген. Қашаған кен орнын игеріп отырған компания қызметкерлерінің айтуынша, теңіз түбі тереңдетілмесе, алдағы 5 жыл ішінде мұнай өндірісі тұралап қалуы әбден мүмкін. Жүк кемелерінің қатынауы қиындайды. Алайда тереңдету жұмыстары су айданындағы биоалуантүрлілікке кері әсерін тигізеді дейді экологтар. Мұнай өндіру компаниясы қызметкерлерінің айтуынша,…
Telegram мессенджертыны туралы ескертуде. Мұндай шаралар ағымдағы жылдың соңында қабылдана бастайды екен. Бұл фейк. Бұл туралы ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі вакцинация және одан бас тартқаны үшін айыппұлдар салынатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. « Бізде мәжбүрлі вакцинация жоқ және болмайды да. Біз бұл туралы бірнеше рет айттық. Мұндай хабарламалар – жалған ақпарат болып табылады « , – деп хабарлады ведомстводан. Екпеден бас тартқаны немесе вакцина алуға мәжбүрлегені үшін айыппұл салу ҚР заңнамасына қайшы келеді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің» 77-бабына сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның…
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағасында 20 түйенің өлексесі табылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мамандар жануарлардың ерте көктемде суға кеткенін алға тартып отыр. – Қатты дауылдан жануарлардың өлексесі жағаға шығып қалған. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті және облыстық ветеринарлық станция түйелердің өлексесін жою бойынша жұмыстар жүргізуде, – делінген мәлімдемеде.
Атырау қаласындағы модульдік және №2 облыстық ауруханада ем алып жатқан науқастардың жағдайын туыстары Call-орталыққа хабарласып біле алады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Call-орталық күн сайын сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Туыстары мен жақындарының телефон қоңырауларына ауысым сайын үш кезекші дәрігер жауап береді. — Бұл ретте денсаулық жағдайы туралы ақпарат емделуші ауруханаға түскен кезде көрсететін бір ғана туысына берілетін болады,-деп нақтылады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. Call-орталық нөмірі: 8778 048 94 07 Соңғы ресми мәліметке сай, модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында 179 науқас, №2 облыстық ауруханада 106 адам емделуде.
Жаңа туылған нәрестелер облыстық перинаталдық орталығында неонатологтардың бақылауында. деп хабарлайды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. 8-19 сәуір аралығында Атыраудағы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында кесір тілігі арқылы дүниеге келген үш сәбиден коронавирус инфекциясы анықталмады. — Ұлдардың салмағы — 2 келі 500 және 2 келі 900 грамм, ал қыз бала 3 келі 380 грамм салмақта дүниеге келді. Облыстық перинаталдық орталығындағы неонатологтардың айтуынша, сәбилердің жағдайы тұрақты. Босанған әйелдердің бірінде екі жақты полисегментальды пневмония диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта ол хаттамаға сәйкес ем алуда. Ал, қалған екі жас ананың денсаулығына қауіп жоқ, — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілген мәліметте.…
Көлік салығын төлеу міндеті көлік құралын ҚР-ның мемлекеттік органдарында есепке қойған кезден басталады. Қазақстан аумағына ел азаматтары әкелген автомобильдер бүгінгі күнге дейін Арменияның уәкілетті органдарында тіркеу есебінен шығарылмағандықтан, екі мемлекет те осындай көлік құралдарына салық салуға үміткер бола алатын. «Келіссөздер нәтижесінде Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген, меншік құқығы бойынша ҚР резиденттеріне тиесілі автомобильдерге конвенцияның 21-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес ҚР Ішкі істер органдарында тіркеу есебіне қойылған сәттен бастап ұлттық заңнамаға сәйкес ҚР-да ғана салық салынуға жатады деген уағдаластыққа қол жеткізілді», — деп хабарланды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен. ҚР Салық кодексінің нормаларына сәйкес көлік салығын төлеу міндеті көлік құралын…
