Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 4 мамыр — Атырауда ауыл шаруашылығы саласы алға баспай тұр. Оған мамандардың жетіспеушілігі себеп. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында айтылды. Жыл сайын агротехникалық оқу орындарына бөлінетін мемлекеттік гранттардың саны көбейгенімен, салаға қызығушылық танытатын жастар аз.  «Тәжірибе мен сабақ қатар жүрмегеннен кейін маманның деңгейі де соған сай болады. Өзі көріп, ұстап үйренбесе, шаруашылыққа араласпаса дұрыс кадр болады деп ойламаймын. Біз осы мәселеге баса назар аударып, осы ауыл шаруашылығына қатысты облыстағы барлық оқу орындарымен үлкен кездесу өткізіп, меморандум жасағымыз келіп отыр», — дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВ.  Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарына…

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткімен айналысқан 29 жастағы азаматты ұстады. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Таратылған мәлімдемеге сәйкес тінту кезінде 100 грамнан астам дайын есірткі тәркіленген. Бұл 5 млн.теңге тұратын 3500-ден астам дозаға тең. «Ұсталған азаматтың айтуынша, тәркіленген есірткі басқа қаладан жеткізілген», — деді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бапта қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.…

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — Екі күн бұрын, 2 мамырда Кутаиси қаласының Давид Агмашенебели атындағы Халықаралық әуежайына қазақстандық FlyArystan әуе компаниясының ұшағы қонды. Оның бортында Атыраудан алғашқы 140 жолаушы болған. Бұған дейін CaspianLife редакциясы хабарлағандай, FlyArystan сәуір айында Қазақстанның үш қаласынан Грузияға билет сатылымын бастады. 2 мамырдан бастап аптасына алты рет Кутаиси қаласына жасалатын тікелей рейстер Ақтау, Атырау және Нұр-сұлтан қалаларында жүзеге асырыла бастады. Әуе компаниясы Грузияға саяхат үшін сомасы 24 999 теңгеден (59 доллар) басталатын арзан билеттер ұсынады. Flyarystan атап өткендей, Грузия мен Кутаисиді таңдау кездейсоқ емес. Себебі, бұл географиялық жағынан ыңғайлы орналасқан қала, Батуми мен Қара теңізден екі-үш сағаттық…

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — «Атырау қаласында тоғыз субұрқақтың құрылысы» жобасының тапсырыс берушісі қалалық құрылыс бөлімі, ал мердігер — «Еңбек» РМК. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жоба 2018 жылы құрылып, құрылыс жұмыстарына келісім-шарт 2019 жылдың 23 мамырында жасалған. Жобаға сәйкес, субұрқақтар құрылысы келесі орындар бойынша жүргізілуі керек: — Құнанбаев көшесі (Балықшы ш.а.); — Құрманғазы атындағы арбат; — Қ.Смағұлов атындағы алаң; — Құрманғазы атындағы мәдениет үйінің алды; — Авангард м.а. — Жеңіс саябағы; — Сәтпаев көшесі, Нұрпейісова атындағы академияның алды. «2020 жылдың мамыр айында мердігер ұйымға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  ақша жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады,…

Read More

CaspianLife, 30 сәуір — Қазақстан өнері үшін орны толмас қаза. Әнші және композитор, Қазақстан КСР халық әртісі Ескендір Хасанғалиев дүниеден өтті. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов өзінің инстаграм парақшасында жариялаған. «Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын», — деп жазыпты. Бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жары Дарико коронавирус жұқтырып, жансақтау бөліміне түсті деген хабар тараған болатын. Қазақ өнерінде ойып тұрып орын алған әнші 81 жасында көз жұмды.

Read More

Үндістан билігі өткен тәулікте тіркелген өлім саны туралы жариялап, антирекордттың орнағанын хабарлады. Ковид-19-дан көз жұмғандар саны 3 600-ден асқан. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткішке қарағанда 350-ге көп. Өкпені жасанды жеделдету аппараттары, медициналық құрал-жабдықтар, реанимацияда орын жетіспей қиналып жатқан елге көмектесу үшін халықаралық қоғамдастықтар күш біріктіруде. Вакцинация науқаны жақсы жүріп жатқанымен, Үндістан халқы 1 миллиард 300 миллион адамнан асады, сол себепті де вакцинация инфекцияның таралу қарқынына ілесе алмай жатыр. Шетелдіктер қауіпті вирустан қорқып Үндістаннан бас сауғалай қашуда. Солардың бірі – Франция тумасы Манон Труш. Ол Нью-Делиде 7 жыл тұрған. Жексенбі күні қажетті құрал-жабдықпен Британиядан алғашқы жүк ұшағы аттанған еді. Одан бөлек,…

Read More

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсонның басы тағы да дауға қалды. Бұл жолы Дауниң-стрит мемлекеттік резиденциясындағы жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға байланысты бәлеге ұрынды. Ұлыбританиядағы партияларды қаржыландыруды қадағалайтын сайлау комиссиясы Премьер-Министрдің ережелерді бұзды деп күдіктенуге негіз бар екенін атап өтіп, бұл істі тергеуді бастады. Іле-шала Джонсон парламентшілердің сұрақтарына жауап беруге мәжбүр болып, пікірталасқа кірісіп кетті. Бірақ оның оппоненттері олай ойламайды. Бұл істе көп шикілік бар дейді. Джонсон мен оның өмірлік серігі Кэри Симондс Дауниң-стрит резиденциясындағы қымбат жөндеудің бір бөлігін, яғни 58 мың фунт стерлингті жеке қайырымдылық шоты арқылы төледі деп күдіктенеді. Джонсон болса 200 мың фунт стерлинг тұратын жөндеу жұмыстарын өз мойнына алғанын мәлімдеді.…

Read More

Навальный штабтарының үйлестірушісі Леонид Волков аймақтық бөлімдердің таратылғанын хабарлады. Дегенмен кейбіреулері «тәуелсіз қоғамдық-саяси қозғалыс» ретінде жұмысын жалғастырмақ. Саясаткердің айтуынша, штабтардың жұмысын қазіргі күйінде сақтап қалу мүмкін емес дейді. Себебі, штабқа қатысты экстремизм ісі қозғалып, оның қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ол өзінің бейнеүндеуінде «Мұндай жағдайда жұмыс істей алмаймыз. Сондықтан да біз Навальный штабтарын ресми түрде таратамыз» деді. Бұған дейін де прокуратура Навальный штабтарының қызметін тоқтатқан еді. Ал Мәскеу қалалық соты қордың қызметіне мүлде тыйым салды. Жемқорлықпен күрес қорының адвокаты Мәскеу қалалық сотының шешіміне шағымданатындарын айтты. Талап-арыз қанағаттандырылған жағдайда жемқорлықпен күрес қоры мен азаматтардың құқықтарын қорғау қоры экстремистік ұйымдардың тізбесіне енгізіледі.…

Read More

Мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Онлайн форматта өткен кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Қазақстанның экономикасын дамытуда Атырау облысының орны ерекше екенін, мемлекетіміздің алғашқы ірі инвестициялық жобалары осында жүзеге асырылғанын, ол жобалар еліміздің экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігі үшін берік негіз қалағанын айтты. Мұнайлы өңірдің тыныс-тіршілігін, тұрғындардың әл-ауқатын әрдайым жіті назарда ұстайтынын атап өтті. – ЖАЛПЫ ӨҢІР ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ІШКІ ЖАЛПЫ ӨНІМІНДЕГІ ОБЛЫС ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҮЛЕСІ 10 ПАЙЫЗДАН АСТЫ. ЕЛІМІЗГЕ ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ 30 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҒЫ ОСЫ АЙМАҚҚА ТИЕСІЛІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІНДЕГІ АТЫРАУДЫҢ ҮЛЕСІ 20 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ, – ДЕДІ ПРЕЗИДЕНТ. Мемлекет басшысы облыста түйіні…

Read More

22 сәуір күні түнде Ақтауда дүкенге қарақшылық шабуыл жасалып, ақша қаражат, ұялы телефонын тонап кеткен. Дүкеннің бейнебақылау камерасына сатушыны аяусыз тепкілеп жатқан сәт жазылып қалған. Күдікті ұсталған, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Read More