Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 5 мамыр — Африкалық Мали елінің тұрғыны бірден тоғыз баланы дүниеге әкелд. Оның бесеуі қыз және төртеуі ұл. Ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Халима Сиссе Мали астанасы Бамако ауруханасында екі апта болған. Кейін ол наурыз айының соңында ел президенті Ба Ндаудың жарлығымен Марокко клиникасына ауыстырылған. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Х.Сиссе 2021 жылдың 4 мамырында Малиде де, Мароккода да жүргізілген ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері бойынша анықталған 7 сәбидің орнына 9 нәрестенің операция арқылы дүниеге келгенін үлкен қуанышпен хабарлайды. Жаңа туған нәрестелер мен анасы өздерін жақсы…

Read More

CaspianLife, 5 мамыр — 4 мамыр күні Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесіне әкелінген азық-түліктерді тексеру кезінде пластикалық ыдыстың түбіне жасырылған жасыл түсті шөп табылған. «Мекеме қызметкерлері заңсыз сәлемдеменің ұрлық жасағаны үшін ұсталған 28 жастағы азаматқа жолданғанын анықтады. Шөп полиэтилен пакетке оралып, ыдыстың түбіне жасырылған. Мекемеге Атырау қалалық полиция басқармасының тергеу тобы шақыртылып, заңсыз сәлемдеме сараптамаға жіберілді,» — дейді мекеме бастығының орынбасары Роман Увашев. Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі мекемеге әкелінетін сәлем-сауқаттар рентген аппаратымен жіті тексерілетінін атап өтті. Фото: Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметімен ұсынылды

Read More

CaspianLife, 5 мамыр — Володар ауданында жасанды арналардың бірінде ұзындығы 320 метр және ені 5 метрге дейін жететін аумақты өлі балықтар басқан.  Бұл туралы жергілікті «Астрахань-24» арнасы хабарлады. Мамандардың айтуынша, тұщы су балықтарының шамамен 284 800 данасы тұншығып, адами әрекеттер нәтижесінде пайда болған тұзақтан шыға алмаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бірнеше күн бұрын белгісіз адамдар ағынды су қоймасы мен дренажды бөліп тұрған суаралық металлды ұрлап кеткен. Нәтижесінде, Зеленгин массивінің шұңқырындағы балықтар каналға кіріп одан шыға алмаған. Өйткені арнада ағаштан жасалған бітеуіш болған.  Арнадағы судың тереңдігі 20-дан 40 см-ге дейін болғандықтан, ол 25-27 °C дейін қызыпты. «Балықта асфиксия белгілері анық байқалады. Болжам…

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — Қала маңындағы ауылдардың бірінде, үш шағын ауданның кейбір үйлері мен көшелерінде бірнеше сағатқа электр қуаты өшіріледі. Бұл туралы Облыс әкімдігі жанындағы 109 бірыңғай байланыс орталығы әлеуметтік желілерде хабарлады. Хабарландыруда ертең, 5 мамырда электр жабдықтары мен электр беру желілерінде (ЭБЖ) жоспарлы жұмыстар жүргізілуіне байланысты төмендегі мекенжайлар бойынша электр энергиясын жоспарлы ажырату жүргізілетіні айтылған. Атап айтқанда: — сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Алмалы кентінде; — сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Авангард-4 шағын ауданындағы №4, №17, №19, Владимирская көшесіндегі №7, №7 «А» және №7 «Б» үйлерінде; — сағат 10: 00-17:00 аралығында Мечников, Станционная, Заболотная көшелерінде, сондай-ақ Атырау шағын ауданындағы №41 көшеде;…

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен (ТМРКД)  «Атырау Энерго Сату» ЖШС-дегі электр энергиясының бөлшек саудадағы шекті бағалары келісілді.  Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында «Атырау Энерго Сату» ЖШС ТМРКД-ға  2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілген қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес, электр энергиясын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының алдағы уақытта көтерілетіні туралы хабарлама берген. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті хабарлады. «Атырау Энерго Сату» ЖШС (АЭС) ТМРКД-ға мынадай мөлшерлердегі жобалық бағалар ұсынған: — орташа бағасы-22,95 теңге/кВтсағ (16,59 теңге/кВтсағ-тан 38,3%-ға ауытқу); — жеке тұлғалар үшін-8,48 теңге/кВтсағ (4,73 теңге/кВтсағ-тан 79,3%-ке);…

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — Атырау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына бойы 170 см-ден кем болмайтын келбетті, модель керек. Былайша айтқанда, модельдей сұлу-сымбатты ұлттық киім киген арулар қызмет көрсетуі тиіс. Бұл басқарманын спорттық іс-шаралардың салтанатты ашылып және жабылуын ұйымдастыруға жариялаған тендер сипаттамасындағы көп талаптың бірі. Жалпы құны шамамен 22 миллион теңгеге жарияланған тендерге қатысу үшін қазақ және орыс тілдерін жетік білетін дикторлармен қоса лэд-экрандар және басқа да қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етуіңіз керек. Сонымен қатар, сценарий жазып, оны басқармамен бекіту шарт. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынын басшысы Ринат Ибрагимов талаптардың ішіндегі «модель қыз қажет » деген ақпарат шындыққа жанаспайды…

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — Қазақстанда үлгерімі нашар оқушылар үшін мамыр айының соңында жазғы мектептер ашылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады. Оның айтуынша, осылайша оқушылар қашықтан оқыту нәтижесінде туындаған олқылықтардың орнын толтырады. Білім министрі биыл мектептерде оқу жылы дәстүрлі түрде 25 мамырда аяқталатынын айтты. «Бұл ретте (26 мамырдан бастап) 19 маусымға дейін мектептерде жазғы мектеп ұйымдастырамыз. Негізінде, бұл ерікті сипатқа ие, бұл шара қосымша қаржыландыруды қажет етпейді», — деді Аймағамбетов. Ведомство басшысының ойынша, жазғы мектеп оқушыларға білімін жетілдіруге, ал олардың ата-аналарына балалардың жазғы демалысын ойластыруға мүмкіндік береді. Баланы жазғы мектепке қабылдау үшін ата-анасы өтініш жазуы қажет.…

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — Соңғы уақыттары Британия жағалалауларында құрлықтың суға кету деректері жиі тіркеле бастады. Мәселен, Уэльстің солтүстік-батысында орналасқан Нефин қаласы маңында опырылып түскен жарқабақ қыдырып жүрген екі әйелді басып қалу қаупін тудырған. Абырой болғанда, адамдар дін-аман. Дегенмен сол арадағы үйлердің бау-бақшасына айтарлықтай зиян келген. 40 метрдей жердің әлегінен жергілікті әкімшілік тұрғындарды басқа жерге көшірудің амалына кірісіпті. Сондай-ақ, адамдарға жағаға қарай жақындамауды ескертіп-ақ жатыр. Бұл жергілікті халықты алаңдатып отырған бірінші жағдайға ұқсамайды. Олар осыған дейін де бірнеше рет қауіппен бетпе-бет келген көрінеді. Ал сарапшылар табиғаттың тосын мінезін бірнеше аптадан бері төпелеп жауған жаңбырдан көреді. Сондай-ақ, ғаламдық жылынудың әсерінен дейтін ғалымдар…

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — «Қайыршақты» ауылдық округіне қарасты Бесікті ауылы маңындағы «Безымянное» жайылмасынан 2,5 тонна балық өлексесі жиналды. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбалардан жайылманы жағалаған жұрттың қарасы көбейіп, тірі балықтарды қапқа салып алып кетіп жатқанын көруге болады. «Бұл туралы біз фейсбук парақшасынан көрдік. Естіген бойда келіп, 120 литрлік бөшкені ортасына дейін балыққа толтырдық», — дейді атыраулық тұрғын Альбина БЕКТІБАЕВА. Енді бірі балық өлімінің қоршаған ортаға залал келтіретінін, ауаны бүлдіретінін алға тартып, тірі кезінде жинап алуға келгендерін айтты. Балықтың қырылуына Жайық суының тасуы себеп болған. Өзен суы көтерілгенде, құрғап жатқан жайылмаға су келген. Уылдырық шашпақ болған балықтар су қайтқан кезде бөлініп қалып…

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — Бұл – кәмелеттік жасқа толмағандарға жасалатын жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің ең ірі жеңістерінің бірі. Алты мемлекеттің арнаулы құқыққорғау органдарының бірігіп зерттеуінің нәтижесінде, интернет әлемінде педофилдерге арналған ауқымы кең сайттың жүмыс істеуіне тосқауыл қойылды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі 400 мыңдай адам күн сайын осы сайтқа емін-еркін кіріп, балаларға жасалған зорлық бейнелетін түрлі деңгейдегі суреттер мен видеоларды бөлісіп келген. Сайтта, әсіресе, балиғат жасына толмаған ұл балаларға көрсетілген қиянат көп сұранысқа ие болған. Сондай-ақ, әртүрлі форумдар қызмет көрсетіп, қолданушылардың өзара тілдесуі үшін жағдай жасалған. Сайтқа талдау жасаған мамандар оны пайдаланатын адамдардың өте көп екенін айтып, таңдай қағысқан. Ұзақ із кесудің арқасында…

Read More