CaspianLife, 6 мамыр — 1989 жылы Ленинградта тұратын қазақтардың бастамасы бойынша «Ата-Мекен» Қазақ мәдениеті қоғамын құру туралы шешім қабылданды. Оны Сәрсенғали Аққұлұлы 1996 жылдан бастап қазіргі күнге дейін басқарды. Санкт-Петербургтегі отандастар қоғамдастығының жетекшісі Сәрсенғали Құспановтың өмірден өткені туралы қайғылы хабардыҚазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің баспасөз қызметі жеткізді. Сәрсенғали Аққұлұлы Құспанов 1938 жылы Қазақ КСР Гурьев облысында (қазіргі Атырау облысы) дүниеге келген. Әскери қызметке дейін мұнай өнеркәсібінде жұмыс істеді. Кейін Қиыр Шығыста әскери борышын өтеген. Әскерден кейін Ленинградтағы Ульянов-Ленин атындағы электротехникалық институтына түсіп, оқуды аяқтап сол Ленинградта қалады. Тыл және көлік әскери академиясының электрондық есептеу орталығын басқарды. КСРО-ның барлық металлургиялық зауыты…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 6 мамыр – Қалада автомобиль жолдарындағы шұңқырларды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның барысында жалпы ауданы 18 мың шаршы метр болатын жол жөнделеді деп күтілуде. Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оның ішінде Сәтпаев көшесіндегі жөндеу аяқталып үлгерген. Азаттық көшесі мен Атырау — Доссор тас жолындағы жұмыстар әлі де жүргізілуде. Ендігі кезекте Сырым Датов көшесіндегі, сондай-ақ екінші дәрежелі көшелердегі шұңқырларды жамау жұмыстары жоспарлануда. «Бұған дейінгі жөндеуге жауапты компания жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмауы себебінен мердігер ұйым белгіленген тәртіппен ауыстырылды», — деп мәлімдеді қалалық әкімдіктегілер. 2021 жылы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жолдардағы шұңқырларды жамау, зақымдалған асфальтбетон жабынының жекелеген учаскелерін қалпына келтіруді…
CaspianLife, 5 мамыр — Грепплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовтың өліміне кінәлі деп танылған Бекет Мазлом 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Бейімбет Дүйсенғалиевке 3 жыл жаза кесілді. Еске сала кетейік, былтыр 9 тамызда түнде қала маңындағы Дамбы және Құрманғазы ауылының жігіттері арасындағы төбелес кезінде 2002 жылғы спортшының жүрегіне оқ тиіп, тіл тартпай кеткен еді. «ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 387,391,393,395,398,401,402 баптары басшылыққа ала отырып, сот үкім етті. Мазлұм Бекет Қуандықұлы ҚР қылмыстық кодексінің9 9-бабының 2-бөлігінің 6,9 тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 6,9 тармақтары 15 жылға мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мазлұмның жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсізідігі…
CaspianLife, 5 мамыр — 6 мамырда ALTYN BARYS инвестициялық монеталарының сатылымға шықпақ. Бұл туралы 24.kz Қазақстан Ұлттық банкіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуға тиіс. ALTYN BARYS инвестициялық монеталары – 999,9 жоғары сынамалы, сапасы жоғары алтын монеталар. Инвестициялық монеталардың ерекшелігі – бұл монеталар жасалған металдың өзіндік құны мен салмағына байланысты табыс әкелетіндігінде. Сондай-ақ ережелерге сәйкес, инвестициялық монеталарды Ұлттық банк кері сатып алуға қабылдай береді және олардың құны монетадағы металдың салмағына қарай есептеледі. Барлық номиналдағы инвестициялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнына сәйкес кез келген төлем түрі бойынша, сондай-ақ…
CaspianLife, 5 мамыр — 3 мамыр күні Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары өз аумақтарында тексеріс жүргізу барысында Сәтпаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен тәуліктік пәтерді жалға ала отырып, интимдік массаж қызметін көрсеткен Алматы, Тараз қалаларынан келген 22,28,30,34 жастағы төрт әйел азаматшаны ұстаған. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігімен (сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсету), ҚР ӘҚБтК-нің 492- бабының 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы) әкімшілік хаттамалар толтырылып, саусақ іздері алынды. Ал, 4 мамыр күні учаскелік полиция…
CaspianLife, 5 мамыр — Буркина-Фасоның шығысында, Нигермен шекараласатын Команджари провинциясының Кодил елдімекеніне жасалған шабуылдан кем дегенде 30 адам қайтыс болды. Бас сауғалап үлгерген жергілікті атқамінерлердің бірінің айтуынша, баскесерлер алдымен ауылды қоршауға алып, кейін тұрғындарды өлтіріп қана қоймай, үйлерге өрт қойған. Екінші куәгердің айтуынша, 100 шақты экстремист велосипедпен, мотокөлікпен және пикаппен аяқ астынан келе қалыпты. Олар қанды қасап жасағанда әйел-бала деп бөліп жармай, бәрін қынадай қыра берген. Елдің белгілі жүйеге құрылмаған әскері «әл-Каида» және «Ислам мемлекеті» сияқты атау жамылған террорлық ұйымдарға қарсы барынша қарсылық танытқанмен, осы күнге дейін мыңдаған адам қаза тауып, миллионнан астамы босып кеткен. Өткен жылдан бастап әскер қатарына…
CaspianLife, 5 мамыр — Маңғыстау облысы, Қызылтөбе елді мекенінде жасы 63-ке аяқ басқан қарт әже үш бірдей жиен-немересімен көлік жөндеу аумағындағы үйшікте тұрып жатыр. Мұндайға жағдайға олар жоқшылықтың кесірінен жетіп отыр. Отбасының бұл үйшікте тұрып жатқанына 5 айға жуықтапты. Ал, бұған дейін әр жерде пәтер жағалап, күнелтіп жүрген. Екі жыл бұрын күйеу баласы қайтыс болғаннан кейін, жағдайлары тіпті қиындап кетіпті. Тамара әжей болса, бірнеше жыл бұрын алаяқтардың арбауына түсіп баспанасынан мүлде айрылып қалған. «Балалардың әкесі қайтыс болғаннан кейін, анасы осы жаққа жұмыс іздеп келді. Сөйтіп пәтер жалдап жүрдік. Мен өзім 10 жыл бұрын алаяққа алданып үйімнен айырылдым», — дейді Тамара…
CaspianLife, 5 мамыр — Бүгінде апат салдарынан жарақат алған 70 адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Мамандар мерт болғандардың саны тағы артуы мүмкін деп отыр. Өйткені қирандылар астында тағы адамдар қалып қойған болуы мүмкін. Көпірдің басқа бөліктерінің қирау қаупі болғандықтан құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылды. «Бірнеше аурухананы аралап шықтым, бірақ ұлымды таба алмадым. Полиция учаскесіне келгенде баламды қаза тапқан адамдар арасынан табылғанын естідім. Ұлымды қайтара алмаймын. Биліктен әділдікті талап етемін», — дейді қаза болған азаматтың әкесі. Мексиканың бұқаралық ақпарат құралдары құлаған метро көпірі осыдан бірнеше жыл бұрын пайдалануға жарамсыз екенін жарыса жазған болатын. Жергілікті тұрғындар да сол мәселеге шағымданған болатын. Мәселен, 2017…
CaspianLife, 5 мамыр — Қазақстан Парламенті жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін Сенат Мәжіліске шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын «Жер қатынастары мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына түзетулер енгізіп қайтарған болатын. Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары заң жобасына жеке орман өсіру мәселесі бойынша өзгерістер енгізу қажет деп шешті. Олар түзетулерге қазақстандықтар мен шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға ғана жеке орман өсіру үшін жер беруге рұқсат ететін норманы енгізді. Сондықтан сенаторлар түзетілген құжатты Мәжіліске жіберуді ұйғарған. Мәжіліс депутаттары жеке орман өсіруге арналған жерлерге қатысты…
CaspianLife, 5 мамыр — 6 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қытайлық Sinopharm вакцинасын салдыра алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлаған. «Қазір басқарма қоймаларына қытайлық Sinopharm өндірушісінің вакцинасы келді. Ертеңнен бастап осы вакцинаны егуге кірісеміз. Бұл вакцина осы өндіруші компанияның вакцинасын салдыруға ниет білдірушілер үшін таңдау-препараты», — деді Мұратов елорда әкімдігінің онлайн-брифингінде. Оның айтуынша, қала тұрғындары препаратты өз қалауы бойынша таңдай алады және вакцинация ерікті түрде жүргізіле береді. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинаның үш түрі барын мәлімдеген болатын. Олар — ресейлік «Спутник V», қазақстандық QazVac және қытай технологиясымен өндірілген Hayat-Vax…
