CaspianLife, 11 мамыр — Елімізде соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда соғылады. Алайда, қоңырау тек 9 -11 сынып түлектері үшін офлайн форматта өткізілмек. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты. «Ұсынылған екі формат та қарастырылып жатыр. Біріншіден, дәстүрлі түрде ашық таза ауада 9 және 11-сынып оқушылары үшін, сондай-ақ 300-ге дейін оқушысы бар әрі осы уақытқа дейін штаттық режимде оқытып келе жатқан мектептер өткізе алады. Сонымен қатар, екінші нұсқа ұсынылып отыр, яғни сынып ішінде немесе онлайн түрде өткізу қарастырылған. Қажет деп санаса, сынып ішінде өткізу нұсқасы ұсынылады. Ал қашықтан оқытып жатқандар үшін соңғы қоңырау мерекесі онлайн режимде болады», — деді…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife,11 мамыр — Өзбекстан жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Сардоба су қоймасының жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды. Іс бойынша 17 адам айыпталып отыр. Бұл туралы Өзбекстан жоғарғы соты хабарлады. Сот ісін қарау 2020 жылдың 21 желтоқсанында басталды. Процесс жабық түрде жүрді. Оған себеп қылмыстық істе мемлекеттік құпия санатына жататын материалдардың болуы. Сот «Узтемирйулкурилишмонтаж» кәсіпорны директорының бұрынғы орынбасары М.Холматовқа 10 жыл түрме жазасын берді. Оған «ірі көлемде ақша жымқыру», «жалған құжат жасау», «тау, құрылыс немесе жарылыс жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздік ережелерін бұзу» баптары бойынша айып тағылған. UzGIP жобалау бөлімінің бұрынғы бастығы С.Руднев болса бес жылға бас бостандығынан…
CaspianLife, 11 мамыр — Риддердегі алапат өртке кінәлі деген күдікті ұсталды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Ол журналистерге, «Анықтау жұмыстары ТЖМ құзыретіне кірмейді, бірақ менің білуімше, Ішкі істер министрлігі бір адамды ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол от жаққан. Толық ақпаратты ІІМ-нен сұраңыздар», — деп жауап берген. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Риддер қаласының маңындағы орманда жойқын өрт туралы видео тараған болатын. Оны ШҚО ТЖД мен куәгерлер жолдаған. Бастапқыда өрттен 14 үй зардап шеккені айтылған еді, алайда кейін ол көрсеткіштің 35-ке жеткені анықталды. Төтенше жағдайдан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алып ауруханаға жатқызылған. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт…
CaspianLife, 11 мамыр — Полицияға қарсылық танытқан жүргізушіге 291 700 теңге айыппұл салынды. 7 мамыр күні сағат 01:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері Азаттық көшесінде орналасқан «Бармаглот» мейрамханасының тұсынан “Ваз 2110” маркалы автокөлікті жолдың қарама-қарсы бағытына шыққаны үшін тоқтатқан. Алайда, аталған автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, қашып кеткен. Полиция қызметкерлері де автокөліктің артынан ере отырып Сырым Каженбаев көшесі, 50 үйдің тұсынан тоқтатқан. Тексеру кезінде де 23 жастағы көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қарсылық танытқан. Сонымен қатар, аталған көлік жүргізушісінің көлік басқаруға құқығы жоқ екендігі де анықталған. Нәтижесінде, 23 жастағы көлік жүргізушісіне…
CaspianLife, 6 мамыр — Бүгін қол қойылған құжатта Атырау облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы жазылған (мәтіні төменде). Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі…
CaspianLife, 6 мамыр – Ресейлік РБК телеарнасының хабарлауынша, ғалымдар екі күн ішінде Дағыстанда Каспий теңізінің жағасынан 150-ден астам өлі итбалық тапқан. Бұл туралы РБК-ға «Каспий табиғатты қорғау орталығының» бас директоры Заур Гапизов хабарлаған. Оның айтуынша ғалымдар Дағыстан жағалауының барлық жерінен өлі итбалықтар тапқан. Өлекселерді Зеленомор, Манас аудандары мен Новокаякен және Сулак ауылына тасталады. «Теңіз сүтқоректілері»ғылыми-экспедициялық орталығынан келген мамандар бізбен бірге жағдайды бақылап отырады. Олар өлімнің себебін анықтау үшін жануарлардан ДНҚ сынамаларын алуда», — дейді жергілікті ғалымдар. Каспий табиғатты қорғау орталығы өкілдерінің айтуынша, жануарлар балықшылардың торына түсіп қалған. «Олар сөзсіз теңізде өлген, содан кейін ғана оларды жағаға тастаған. Кейбір итбалықтарда тордың…
CaspianLife, 6 мамыр — 4 жасар Ағлес өте сезімтал. Ойы жүйрік, айтқан нәрсені тез жаттап, лезде қағып алады. Өлең оқуда елгезектігі бірден байқалады. Ал есептерді шығаруға келгенде қамшы салдырмайды екен. Құрдастарынан қабілеті жағынан оқ бойы озық қыздың бойында тағы бір ерекшелігі бар: жүрегі кеуденің оң жақ бөлігінде орналасқан. Ата-анасы мұны перзентханада білген көрінеді. Бастапқыда қобалжу, қорқу болған. Тіпті, жақындары да балаға күмәнмен қарапты. «Басында жақсы қабылдаған жоқ. Кішкене балаға мүсіркеп қарап, аяп деген сияқты көзқарастар болды. Артынан барлығы жақсы екенін білгеннен кейін олар да үйреніп кетті. Ал оған дейін, әрине, қорқыныш болды. Астана қаласына дейін барып, тексеруден өтіп келгенбіз. Өйткені…
CaspianLife, 6 мамыр — Қаржы министрлігі 2021 жылға арналған бюджет шығындарын 1,3 трлн. теңгеге арттыруды ұсынды. Сондай-ақ, ведомство бұл ақшаның неге жұмсалатынын да айтты. Ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, ақша пандемиямен күреске, Nur Otan сайлауалды тұғырнамасын іске асыруға және Президенттің бастамаларына бағытталатын болады. «Бірінші. Nur Otan сайлауалды тұғырнамасын іске асыру — жалпы сомасы 884 млрд теңге. Осы қаражат шеңберінде жолдарды салу және қайта жаңарту, АӨК дамыту, азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту, таза ауыз сумен қамтамасыз ету және «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде ауылдарды жаңғырту бойынша шаралар қабылданатын болады», – деп нақтылады министр. Екіншіден, оның айтуынша, коронавирустық инфекциямен күрес бойынша…
CaspianLife, 6 мамыр — 42 жастағы Алматы тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін көз жұмды. 12 сәуірде ер адам вакцинаның алғашқы дозасын алған. Сол күні ол өзін жақсы сезінген. 21 күннен кейін вакцинаның екінші дозасын алуға барып, 30 минут ұстап үйге жіберген. Ол үйде болғанда жағдайы нашарлап, жедел жәрдем келгенге дейін өмірден өтіп кеткен. Дәрігерлер өлім инфаркттан болды деген ойда. Сот-медициналық сараптама жүргізіледі. «Алдын ала ақпаратқа сәйкес, өлімнің себебі — жедел жүрек-тамыр жеткіліксіздігі. Өлімнің себептерін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды. Нәтижелер қосымша хабарланады, соңғы диагноз гистологиялық зерттеуден кейін болады», — деп атап өтті Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.…
CaspianLife, 6 мамыр — Экс-министр Елжан Біртанов сотта сөз сөйледі. Ол бюджет қаражатын жымқыруға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. «Кеше бұқаралық ақпарат құралдарының бірқатары прокурордың маған айып таққандығы туралы қате немесе мақсатты түрде ақпарат таратты. БАҚ өкілдеріне маған әлі күнге дейін айып тағылмағанын, тергеу әлі жүріп жатқанын тағы да мәлімдегім келеді». «Прокурордың өтінішінде маған қарсы жасалған күдіктердің заңдылығы мен негізділігін растайтын ешқандай анық фактілер жоқ. Себебі ұрлық болған жоқ. Мен ешқандай сыбайлас жемқорлық істеріне қатыспағанымды тағы да мәлімдеймін». «Мен министр болып туған жоқпын, мен осы елде өстім, адал жұмыс істедім, салық төледім және бәрімен бірдей құқығым бар». «Өтініште менің шетелде…
