CaspianLife, 12 мамыр — Жыл басынан бері мемлекеттік бюджеттің игерілмеуі 13 млрд.теңгені құрап отыр. Игерілмеген қаражаттың ірі сомалары ішкі істер, қорғаныс, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Білім және ғылым мен төтенше жағдайлар министрліктеріне қатысты. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, мемлекеттік кіріс бюджетіне 3 трлн. 217 млрд. теңге түскен немесе жоспар 117,1% орындалды. Ал республикалық кіріс бюджетіне 1 трлн. 909 млрд. теңге түскен немесе жоспар 106,7% орындалды деуге болады. «Кірістер бойынша жоспар 120 млрд. теңгеге артығымен орындалды, оның ішінде салықтар бойынша — 88 млрд.теңге. Асыра орындау негізінен импортқа ҚҚС, мұнайға ЭСА және КТС есебінен қамтамасыз етілді. Импортқа ҚҚС бойынша жоспардың асыра…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 12 мамыр — Бүгін оразаның соңғы күні. 13 мамырда ораза айт. Биыл Қазақстан бойынша ораза айт намазын мешіт аулаларында оқуға рұқсат берді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бүкіл ел бойынша мешіттердің аулаларында мерекелік намазды аймақтық бас санитарлық дәрігерлердің қаулысымен өткізуге рұқсат етілгені туралы мәлімдеме таратты. Атырауда мерекелік Ораза айт намазы сағат 07.00-де басталады. Бұл ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мұсылман қауымдастығын келесі сақтық шараларына назар аударуға шақырады: – Бетперде (маска) киіп келу; – Үйден дәрет алып келу; – Намаздан соң қол беріп амандаспау; – Намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту; – Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;…
CaspianLife, 12 мамыр — Біріккен Араб Әмірліктерінде жасалған Sinopharm компаниясының вакцинасы Атырауға жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 11 мамырда аймақтың алғашқы тұрғыны «Hayat-Vax» вакцинасын алды. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, препарат сертификатталған және ерікті негізде вакцинациялауға арналған. «Біздің облыста халықты жаппай вакцинациялау жалғасуда. Жақында аймаққа БАӘ шығарған Sinopharm компаниясының «Hayat-Vax «вакцинасының 7500 дозасы жеткізілді. Алғашқы 200 дозаны «Медикер Жайық» ЖШС-не жібердік, қалған дозалар қазіргі уақытта қоймада сақталуда және вакцинация пункттері бойынша үлестірілетін болады»,- деді А. Байдуәлиев. Осылайша, қазіргі уақытта Атырау облысының егу кабинеттерінде Qazvaс, «Спутник V» және Hayat-Vax вакциналары қолжетімді. Естеріңізге…
CaspianLife, 11 мамыр — Атақты америкалық актер Том Круз өзінің «Алтын глобустарын» қайтарып берді. Оған Голливуд шетелдік баспасөз қауымдастығының нәсілдік тұрғыдан алалаушылық әрекеті себеп болған. Deadline басылымының мәліметіне сүйенсек, Круз «Джерри Магуайер» және «Рожденный 4 июля» фильміндегі басты рөлі, сондай-ақ «Магнолия» фильміндегі қосымша рөлі үшін алған марапатынан бас тартып, оны Голливуд шетелдік баспасөз қауымдастығына қайтарып берген. Сонымен қатар, дүйсенбіде HFPA-ға қарсы наразылық аясында NBC телеарнасы 2022 жылы болатын марапаттау рәсімін тікелей трансляцияға шығарудан бас тартқан. Олар іс-шараны 2023 жылы қауымдастықтағы нәсілдік алауыздық мәселесі шешілгенде ғана көрсететінін жеткізген. Жыл сайын «Алтын глобус» сыйлығын ұсыну іс-шарасын өкізетін қауымдастық соңғы жылдары нәсілдік алалаушылық…
CaspianLife, 11 мамыр — Атырау қаласының жарты бөлігі 3 күн бойы ыстық сусыз отырады. «Атырау жылу жүйелері» АҚ мамырдың 11 мен 14 аралығында шаһардағы жылу жүйелеріндегі күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты тұрғын үйлерге ыстық су берілмейтіндігін хабарлады. «Алау» орталық жылу пунктіне қарайтын Азаттық, Молдағалиев, Смағұлов пен Атамбаев көшелеріндегі 16 тұрғын үйде, Егоров орталық жылу пунктіне қарасты Привокзальный 3 «А» ықшамауданындағы 25 үйде және «Авангард – 2» орталық жылу пунктіне қарасты Авангард – 2 ықшамауданындағы 24 үйде ыссы су болмайды. Нақты мекен-жайлар төменде: Азаттық көшесі: №71, 75, 77, 87, 89, 91, 93, 95, 99А; Молдағалиев көшесі: №5, 7, 29, 31; Смағұлов көшесі: №56;…
CaspianLife, 11 мамыр — 26 мамыр мен 19 маусым аралығында республика бойынша жазғы мектептер жұмыс жасайды. Яғни, оқушылар үшін дәстүрлі форматта қосымша сабақтар өткізілетін болады. Дегенмен, жазғы мектепке бару-бармау — оқушылардың өз еркінде. Негізгі мақсат — онлайн оқу кезіндегі олқылықтардың орнын толтыру. «Жазғы мектептерді ұйымдастырудың негізгі мақсаты ол жыл бойы біздің оқушыларымыздың кейбір білім олқылықтарын толықтару мақсатында, сонымен қатар мемлекеттік емтиханға дайындау, ҰБТ дайындау және тағы да басқа оқу процесінде нығайтуға қажетті тақырыптарды қайталау мақсатында біз жазғы мектептерді ұйымдастырамыз. Қазіргі таңда ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ұстаздардың жүктемелері және сабақ кестелері анықталуда», — деп нақтылады Атырау облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары…
CaspianLife, 11 мамыр — Атырау облысы ана мен бала өлімі бойынша республикада алдыңғы орында тұр. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында жаңа туған сәбилер өлімі былтырғымен салыстырғанда 2 есеге өскен. Осындай мәліметтерді келтірген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құдаманова нақты сандарға келгенде үнсіз қалып, тек балалардың өліміне не себеп болғандығын айтумен шектелді. «Сәбилер өлімінің негізгі себебі — сепсис пен пневмония. Ал, екінші орында тыныс алу жолдарының бұзылуы мен тұншығу. Сондай-ақ, перинатальды кезеңдегі ми ишемиясы мен асқазан ішілік қан кетулер үшінші орында тұр», — деп атап өтті Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құдаманова. Ана өлімі туралы айтар болсақ, былтыр 9…
CaspianLife, 11 мамыр — Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы шартты түрде сотталды. Қалалық сот Жамал Жаманбаеваның бас бостандығын 3 жыл 6 ай мерзімге шектеу түрінде жаза тағайындап, экс шенеунікті сот залынан босатты. Және ол енді мемлекеттік қызмет атқармайтын болады. Судья сотталушының кәмелетке толмаған балалары барын және бұрын-соңды қылмыстық жауаптылыққа тартылмағанын ескерді. Сондай-ақ, Жамал Жаманбаева сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде кінәсін мойындап, келтірілген шығынды өтеген. «Үкім бойынша Ж.Жаманбаева ҚР ҚК-нің 361-бабы 4- бөлігінің 3- тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.Осы тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді және ҚР ҚК 44-бабында көрсетілген шектеулер тағайындалды»,…
CaspianLife, 11 мамыр — Израиль полицейлері мен палестиналықтардың арасында болған қақтығыстан 120 адамдай зардап шекті. 7 мамыр күні ебірей сотының шешімімен бірнеше араб отбасы Шейх-Джарре ауданынан көшірілетін болған. Осы жағдайдан кейін халық арасында толқу болып, ол жаппай наразылыққа ұласты. БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Шығыс Иерусалимде Израиль күштік құрылымдарының тарапынан жиі болатын зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды. Ол Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты жақын арада ұйымның Қауіпсіздік Кеңесін өткізетінін де мәлімдеді. Сондай-ақ, ЕуроОдақ та екі жақтың ортақ келісімге келуін талап етуде. «Өзімнің пікірімше, дәл қазіргі уақытта Шығыстағы жанжалды тоқтатуға күш салуымыз керек. Ол үшін екі тарапты ымыраға келтіру – міндет. Зорлық-зомбылық жүрген жерде бейбіт…
CaspianLife, 11 мамыр — Бүгін таңертең қара киім мен маска киген жас жігіт Файзи көшесіндегі №175 гимназия ғимаратына кіріп, автоматтан оқ жаудырған. Шабуыл жасаушы ұсталды. Ол — 19 жастағы Ильназ Галявиев деген жас жігіт. 4 жыл бұрын сол №175 гимназияны бітірген көрінеді. Қазір колледжде IT мамандығында оқиды. Әкесінің айтуынша, ол бүгінгі күнге дейін артық қылық көрсетпеген және де ешқандай дінге қатысы болмаған. Атыс салдарынан 8 сыныптың 7 оқушысы және 1 мұғалім қаза болған. Одан бөлек 20-ға жуық оқушы мен мектеп қызметкері жарақат алған. Қылмыскер ұсталғаннан кейін өзінің тұрғылықты мекен-жайында бомба қойылғанын мәлімдеген. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға қарағанда шабуыл жасаған 2…
