CaspainLife, 13 мамыр – Қазан қаласында мектепте оқ атқан 19 жастағы Ильназ Галявиевке бұлтартпау шарасын таңдау бойынша сот отырысы өтті. Жігіт өз кінәсін толық мойындады. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдіктіге қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Іс бойынша сотты ол тергеу изоляторында күтеді. Еске сала кетейік, Қазандағы мектеп-гимназиясында оқ атылып, 9 адам қаза тапты, оның 7-еуі оқушы. 20-дан астамы әртүрлі деңгейдегі жарақат алды. Күдікті бірден ұсталды. Ол сол мектептің 19 жастағы түлегі Ильназ Галявиев болып шықты. Жауап алу кезінде ол екі ай бұрын «өзін құдай деп танығанын» мәлімдеді. Жас жігіт «бәрін жек көретінін» де…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspainLife, 13 мамыр – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жер сатуға тыйым салатын заңға қол қойды. «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды», — делінген Ақорда таратқан хабарламада. Бұған дейін Парламент шетелдіктердің, қандастардың және шетелдік заңды тұлғалардың ауылшаруашылық жерлерін иемденуіне тыйым салатын заң қабылдаған болатын. Заң жобасының мақсаты шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстанның заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен қандастардың иеленуіне тыйым салуды енгізу. Сондай-ақ,…
CaspainLife, 13 мамыр – Бүгін бүкіл әлем мұсылмандары Ораза Айт мерекесін атап өтуде. Қазақстандағы барлық мешітте айт намазы әлеуметтік қашықтықты қатаң түрде сақтай отырып, көшеде оқылды. Өткен жылы пандемияға байланысты мұсылмандардың ең басты екі мерекесі — Ораза Айт пен Құрбан Айт мерекесін атап өтуге тыйым салынып, айт намаздары оқылған жоқ. Бірақ биыл елде ұжымдық мерекелік намаз оқуға рұқсат етілді, бірақ, тек ашық ауада және эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып деген талаппен. Атырау облысының мешіттерінде Айт намазы таңғы сағат 7-де басталды. Жұмыс күніне қарамастан, мешіттердің аулаларына ондаған мың мұсылман намаз оқуға жиналды. Бір ғана «Иманғали» орталық мешітінің өзіне бірнеше мың…
CaspianLife, 12 мамыр — 2020 жылдың ақпан айынан бері сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған атыраулықтарға 1 миллион 800 000 теңгеден астам қаражат төленген. Ал, биылғы жылдың басынан бері 4 адам 700 000 теңгеден астам сыйақы алыпты. Олар берген ақпарат бойынша 15 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт айтты. «2020 жылғы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы расталған хабарламалар үшін жалпы сомасы 1 871 260 теңгеге 11 тұлға ынталандырылды. 2021 жылдың 3 айында 40 азаматқа 6,4 млн теңге төленді.Оның ішінде Атырау облысында 4 адам жалпы сомасы 704 230 теңгеге ақшалай сыйақымен марапатталды»,…
CaspianLife, 12 мамыр — Атырауда 5 тоннадан астам балық қырылды. Бұл жолы балық өлексесі Махамбет ауданындагы Бақсай су айдыны мен Құрманғазы ауданындагы Шарон өзенінен табылды. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбаларға қарасақ, су бетіне шығып қалған балықтардың басым бөлігі — қаракөз. Қазір мамандар өлген балықтарды көміп, тірі қалғандарын құтқарып жатыр. «Махамбет ауданы Ақтоғай ауылы Бақсай су айдыны бойынша бүгінде Махамбет Балық инспекция бөлімі және Ақтоғай ауылдық әкімшілігі қызметкерлерімен 8,100 тонна балық құтқарылып, 4 тонна 692 кг балық санитарлық талаптарға сай жерге көмілді. 10 мамыр күні Құрманғазы балық инспекциясы бөлімі Павлодар өзен порты және Каспий таңы өндірістік кооперативінің қызметкерлерімен 700 кг балықты…
CaspianLife, 12 мамыр — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өкілдері коронавирустың Үндістанда тарап жатқан үштік мутация түрінің шынымен алаңдатып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ДДҰ ресми өкілі Мария Ван Керкхове СNBC телеарнасында айтты. Ұйым өкілінің сөзінше, Үндістанда тарап жатқан штамм тез жұғады, вирустан қайтыс болатындар көбейіп, вакциналарға төзімді келеді. «Сондықтан вирустың бұл түрі жаһандық деңгейде алаңдатып отырғанын айтамыз. Тіпті алдын ала зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша штамның тез жұғатынын көрсеткеніне қарамастан, бізге вирустың бұл түрі туралы көп ақпарат керек» деді Керкхове. ДДҰ өкілі мутацияланған инфекция вирустың кейінгі түріне қарағанда тез тарайтынын атап өтті. Айта кетейік, 11 мамырдағы кешкі жағдай бойынша, дүние жүзінде…
CaspianLife, 12 мамыр — Құрлықтық Қытай тұрғындарының саны 1,41178 млрд адамға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік статистикалық басқармасының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады. «Құрлықтық Қытайда халық саны 1,41178 млрд адамға жетіп, 2020 жылы көбеюін жалғастырды» делінген таратылған баяндамада. Қала тұрғындарының үлесі 901,99 млн адамға жетіп, ел тұрғындарының жалпы санының 63,89 пайызын құрады. Елде 60 жас және одан асқандар үлесі 18,7 пайызға жеткен, бұл 2010 жылы өткен халық санағындағы көрсеткіштен 5.44 пайыз жоғары. Сондай-ақ, 105 ер адамға шаққанда 100 әйел адамнан келген. Қытайдағы 7-ші жалпыұлттық халық санағына сәйкес, соңғы онжылдықта ел тұрғындарының саны орташа есеппен алғанда жылына 0,53 пайызға…
CaspianLife, 12 мамыр — «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын «Союз-2» тасымалдағыш-зымыраны экологиялық қауіпсіз керосин-оттегі отынымен ұшырылады. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінің отырысында айтылды, деп жазды holanews.kz порталы. ҚР үкіметі мен РФ үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппаратын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыру туралы заң мақұлданды. Екі ел ортақ келісімге 2019 жылы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойған болатын. «Осы келісім бүкіл әлемді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған OneWeb халықаралық жобасын жүзеге асыру үшін «Байқоңыр» айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру кезінде Қостанай облысының аумағында «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктерінің құлау ауданын Ресей тарапымен…
CaspianLife, 12 мамыр — Биыл елімізде 22,1 миллион тонна мұнай экспортталып, қаңтар-сәуір айларының жоспары 100% орындалды. Бұл туралы үкімет отырысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев хабарлады. «Биыл төрт айда мұнай және конденсат өндіру көлемі 28,1 миллион тоннаға жетіп, жоспар 99,4% орындалды. Мұнай және конденсат өндіру көлемінің есепті айдың жоспарынан төмен болуының себебі – сәуір айындағы Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстары», — деді энергетика министрі. Сонымен қатар, ол мұнай-газ саласындағы iрі компаниялардың көрсеткіштеріне де тоқталып, жоспардың 100% орындалғанын атап өтті. «Теңіз жобасында аталған кезеңде 9 миллион тонна мұнай өндіріліп, жоспар 100,1% орындалды. Солтүстік Каспий жобасы – Қашағанда мұнай өндіру көлемі…
CaspianLife, 12 мамыр — Қызылқоғада Ойыл өзенінің қазіргі экологиялық ахуалы талқыланған жиын өтті. Онда «Ералы» су қоймасына жиналған су қорының деңгейі туралы айтылып , су бөлу мәселесі қаралды. Мамандардың сөзінше, биыл Ойылға 4 млн.текше метр су келеді деп жоспарланып отыр. Ал, жауын-шашын көп түскенімен, жер астындағы су қоры көбеймепті. Қызылқоғалықтар арнайы 3 топ болып, Ойылдың бойын жағалап, жағдайды саралап қайтыпты. Айтуларынша, өзен бойынан суды жібермей тұрған бірнеше көпір, тоғандар анықталған. «Бас аяғы 2 күннің ішінде біздер 33 көпір, 3 тоған, 2 су тіреп тұрған көпірді анықтадық. Бұндағы айтпағымыз, Ойыл өзеніне құятын бүкіл салалар, өзендер, өзеншелер, жыралар бойы 3-4 жерден бөгеліп…
