Үндістанда дауыл кезінде 18 пілді найзағай ұрып өлтірді. Бұл туралы Дэйли Мэйл басылымы хабарлады. Өлі пілдерді Ассамның солтүстік-шығысындағы Нагаон қаласында жақын маңдағы ауыл тұрғындары тапқан. Жергілікті билік Кандоли қорығында пілдерді найзағай кезінде өлдіге санайды. Ассамның бас министрі Химанта Бисва Сарма бірнеше пілдің өліміне алаңдаушылық білдіріп, тергеу басталғанын жариялады. Оның айтуынша, пілдің төрт қаңқасы бір жерден, ал 14-і басқа жерден табылған. Алайда алдын ала жүргізілген тергеу жұмыстары олардың жай түсіп өлген болуы мүмкін екенін анықтады. Орман басқармасының өкілдері мен мал дәрігерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, қырғынның себебін білуге кіріскен. Ассамдағы көптеген пілдің бір уақытта қырылу жағдайы 20 жыл ішінде алғаш рет…
Автор: Сайт әкімшілігі
Галапагос аралдарында табиғи эрозия салдарынан әлемдегі ең танымал жартастардың бірі – Дарвин аркасы құлады. Бұл туралы Галапагос аралдарын қорғау қорының Twitter-дегі парақшасында жарияланды. Хабарламада «Галапагос аралдарының символы болған Дарвин аркасы кеше эрозияға байланысты құлады. Бұл сүңгуірлер үшін ең танымал орындардың бірі саналатын» деп жазылған. Көрнекті орын 234 арал мен жеке жартастар архипелагының құрамына кіретін Кулпеппер аралынан бір шақырым жерде орналасқан. Ұлыбританиялық ғалым Чарльз Дарвиннің есімімен аталған доға жанартау арқылы пайда болған. Сондай-ақ, ол – суасты жартасының шыңы. Мыңдаған жыл бойы көпір кейпіндегі жартас ХХІ ғасырда қирап тынды. Жартастың Дарвин аталуына себеп ретінде ғалымның 1835 жылы Галапагос аралдарын зерттегені айтылады. Осы…
Қытайда Атлант мұхитында апатқа ұшыраған британиялық «Титаник» кемесінің көшірмесі пайда болады. Бұл туралы «France24» хабарлады. Басылымның мәліметінше, жобаның бас демеушісі инвестор Су Шаожун 1997 жылы шыққан «Титаник» фильмінің әсерінен шабыт алып, аты аңызға айналған алып кемені қалпына келтіруді қолға алған. Кеменің көшірмесін салу түпнұсқаның құрылысына қарағанда үш жылға көп уақыт алған және оның құны бір миллиард юань болып отыр. Яғни, біздің валютаға шаққанда 66,4 миллиард теңге. Көшірмеде асханадан шкафтарға дейінгі барлық нәрсе түпнұсқадағы стильде жасалған. Дегенмен жаңа кеме Сычуань провинциясында құрлықта орналасады. Оған туристер қона алады. Онда бір тәулік өмір сүру құны 2000 юаньға дейін жетеді. Бұл дегенің – шамамен…
CaspainLife, 13 мамыр – Газа секторында Израильдің соққыларынан қаза тапқандар саны 67-ге жетті. Бұл туралы шетелдік БАҚ өкілдері хабарлады. Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қаза тапқандардың 17-сі – бала. Одан бөлек, 388 адам түрлі жарақат алған. Оның ішінде, 115 бала мен 50 әйел адам бар. Еске салайық, 10 мамырда Иерусалим, Бейт-Шемеш және елдің оңтүстігінде әуе шабуылы жайында қауіп-қатер дабылы соққан болатын. Зымыранмен жасалған соққыларға жауапкершілікті ХАМАС әскері өз мойнына алды. Изриаль ХАМАС қозғалысының әскери нысандарына деп Газа секторынан қарымта соққы жасаған. Бұл ХАМАС ұйымының шабуылына жауап дейді Израиль тарапы. Бірақ бүкіл әлем еврей билігінің шектен шыққанын айтып, атысты тоқтатуға шақыруда.…
CaspainLife, 13 мамыр – Желілік полиция қызметкерлері темір жолды торуылдаған қылмыстық топты ұстады. Жеңіл ақша табуды көздегендер Мақат станциясына келіп тоқтап тұрған транзитті жүк пойызынан 8 тонна өсімдік майын ұрлаған. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жергілікті бірнеше тұрғын ұсталып, ұрланған тауар тиелген көлік табылды. «Олар өздерінің уаз көліктерімен түнгі уақытта вагон есігін ашу арқылы ішінен 8 тоннадан астам күнбағыс майын ұрлағаны анықталды. Қазіргі таңда ҚР-ң қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде», — дейді Атырау станциясы ЖПБ Криминалдық полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Айболат Көшімов.
CaspainLife, 13 мамыр – Ресейге Үндістаннан келген Ульянов мемлекеттік университетінің 16 шетелдік студентінен коронавирустың үндістандық штамы анықталды. Бұл туралы «Коммерсант» басылымы жазды. «Студенттер оқшауланды, олар ульяндықтармен сөйлесіп те үлгермеген. Оларды жеткізген екі жүргізуші бақылауға алынды. Студенттерге 14 күн бойы көппен араласуға тыйым салынған. Оңаша тамақтанып жатыр. Әрқайсысына медициналық қызметкер бекітілген, күніне екі рет дене қызуы өлшенеді. Хостел жұмысшылары олардың киімдерін жуып, бөлмелерін тазалап, қызмет көрсетеді»,- деді Роспотребнадзордың бөлім жетекшісі Диляра Хакимова. Студенттермен байланыста болған 120 адам да екі аптаға оқшауланған, олар қашықтан оқиды. Хакимованың айтуынша, вирустың таралмауы үшін қажетті барлық шара жасалып жатыр. Аймақ үкіметі үндістандық штамның анықталуына байланысты қосымша…
CaspainLife, 13 мамыр – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Бақыт Тұяқбаева коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін қол-аяғының жансыздана бастағанын сезген. Соның кесірінен ол құлап, жамбас сүйегін де сындырған. Бұл туралы оның ұлы Олжас Тұяқбаев айтты. Бақыт Тұяқбаева 77 жаста. Ол Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры. Жүздеген шәкірт тәрбиелеп шығарған. Оның ұлы Олжас анасының коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасымен егілгенін айтады. Бірінші компонентті 5 мамыр күні алған. «Дәрігерлер таңдау жасауды ұсынды. Біз қазақстандық өндірушіні таңдадық. Мен анаммен бірге емханаға барып өтінішті өз қолыммен толтырдым. Екпеден кейін жарты сағатқа дейін жағдайы жақсы болды. Бірақ, кейін анам қол мен аяқтың ауырсынуын сезіне бастады.…
CaspainLife, 13 мамыр – Бүгін, сағат 14:42-де Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Құлманов 50 мекен-жайында орналасқан «Аспава» мейрамханасынан өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 2 минутта жеткен. Қызыл жалын мейрамханының екінші қабатында басталған. Қызметкерлердің айтуынша оқиға кезінде іште қонақтар болмапты. 15 қызметкер өз күшімен қауіпсіз жерге шығып үлгерген. «Өрт сөндіруге барлығы 7 техника мен 2 автосаты және 45 жеке құрам қызметкері тартылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», — дейді Атырау облыстық ТЖ департаменті өкілі Тлекқабыл Досмағамбетов.
CaspainLife, 13 мамыр – Атырау да ішімдікке тойып алған 46 жастағы азамат өз анасын ұрып-соққан. 9 мамыр күні «102» операторына егде жастағы әйелден өзінің баласы мас күйінде отбасылық жанжал шығарып, үйінің терезесін сындырып, соққыға жыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ер адам ішімдік ішуін және егде жастағы анасымен жанжалдасуын қоймай, оған психологиялық және физикалық жәбір көрсеткен. Учаскелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы, 2-бөлігі (Ұрып-соғу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Мамандандырылған қалалық соттың шешімімен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды. «Айта кету керек, соңғы жылдары елімізде тұрмыстық заң бұзушылық өзекті мəселеге айналып отыр. Бұл тұрғыда…
CaspainLife, 13 мамыр – Ұлыбритания соты премьер-министр Борис Джонсонға бірнеше жүз фунт стерлинг айыппұл салды. Нақтырақ айтқанда британиялық округ соты Премьер-министрден 535 фунт стерлинг (322 мың теңге) төлеуді талап етті. Джонсонға не үшін айыппұл салынғаны әзірге белгісіз. Іс құжаттарда саясаткердің ресми тұрғылықты жері — Даунинг-стриттегі резиденция көрсетілгені ғана белгілі. Премьер-Министрдің өкілі үкімге шағымданатындарын хабарлады. «Шешімнің күшін жою, талапты алып тастау және талапты толығымен негізсіз деп тану туралы өтініш беріледі», — делінген премьер-министр өкілінің мәлімдемесінде. Айта кетейік, шешім консервативті партия инвесторларының бірі Джонсонның пәтерін жөндеуге 58 мың фунт (34 миллион теңге) көлемінде қайырымдылық жасап жатқанын хабарлағаннан кейін екі аптадан аз уақыт…
