Автор: Сайт әкімшілігі

Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің…

Read More

Ғаламдық жылыну басқа жерлерге қарағанда, Арктикада 3 есеге жылдам өтуде. Мәселен, мұзды аймақта соңғы жарты ғасырда жылдық орташа температура 3,1 градусқа көтерілген. Ал жердің басқа бөлігінде ауа температурасы бар болғаны 1 градусқа артыпты. Арктикаға мониторинг жасайтын арнайы бағдарламалар алдағы уақытта бұдан да күрделі күн туатынын айтып, дабыл қағуда. Мұз жамылғының жоғалуы адамзатты экономикалық өрлеуге әкелгенмен, табиғи құндылықтрдан көз жазып қалуға апаратыны жасырын емес. Мәселен, балық шаруашылығы мен құрлықтық қатынас дамып, жаңа мұнай-газ орындары ашылғанмен, көптеген өсімдік атаулы тіршілігін тоқтатып, ақ аюдың да біржола ғайып болу қаупі туындайды. Қазірдің өзінде теңіз деңгейінің көтерілуі солтүстік жағалауларда тұратын адамдарға байқалып жатыр. Швеция, Сібір,…

Read More

Еуроодақ Кеңесі мен Еуропарламент вакцинацияға арналған ортақ сертификат енгізетіні туралы келісімге келді. «Жасыл паспорт» аталатын құжат электронды нұсқада болмақ. Онда әр азаматтың коронавирусқа қатысты барлық мәліметі енгізіледі. Яғни, ПТР тест қорытындысы, қалай емделгені, екпе салдырғаны-салдырмағаны – бәрі көрсетіледі. 1 шілдеден бастап айналымға енетін «Жасыл паспорты» бар адамдар ЕуроОдақ елдеріне сапарлайтын жағдайда кез келген медициналық талаптан бас тартпауы тиіс. Дидье Рейндерс, әділет жөніндегі еурокомиссар Азаматтар вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін ғана толық егілген болып есептеледі. Сертификатта барлығы көрсетіледі – қай дозаны және оны қашан алғаны туралы мәлімет кім-кімнің де шетелге шығуына ықпал етеді. Дегенмен сіздің шекара асуыңыз үшін міндетті түрде толық…

Read More

Ресей өзінің шекарасына көз алартқандардың жағын айырып, тісін қағып алуға дайын. Бұл сөзді патриоттық тәрбие беруге арналған «Победа» ұйымдастыру комитетінің отырысында Владимир Путиннің өзі айтты. Көрші президенттің айтуынша, бәзбіреулер үшін Ресей тым кең, тым үлкен көрінеді. Владимир Путин, Ресей президенті Бәрі бізді тістеуге құмар немесе біздің бір жерімізді жұлып алуға дайын. Бірақ олардың сондай әрекетке бармасы үшін қай-қайсысының да тісін қағып тастаймыз. Оған әскери әлеуетімізді дамыту ғана кепіл бола алады. Путин әңгіменің қайдан шығып, қалай басталғанын да білетінін айтты. «Мұндай алып аймақтың байлығы Ресейге ғана тиесілі болғаны әділдікке жатпайды» деген Сібірге қатысты сөздің соңында суық көңілді мемлекеттердің тұрғанын ыммен жеткізді.…

Read More

Израиль мен ХАМАС қозғалысы бір уақытта атысты тоқтату туралы келісімге келді. Бір сөзбен айтқанда, өткен түнгі сағат 2-ден бастап екі жақ бір-біріне қару кеземейтін болып уағдаласты. Тель-Авив тарапы қарсы бетке қандай да болмасын талап қоймай-ақ, тыныш өмірге оралу туралы Мысырдың ұсынысын қабылдайтын болды. Газа Секторы аймағын бақылауда ұстаған ХАМАС өкілдері де мұны жоққа шығармады. Оны Иордан өзенінің батыс бөлігінде орналасқан Палестина Сыртқы Істер министрлігі жеткізген. Осылайша халықаралық ұйымдардың шиеленісті доғаруға шақырып, араға түсуі өз нәтижесін беріп жатыр. Бірақ қос тарап келісімге келгеннен кейін де зымырандардың ұшуы толастамаған. Израиль қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, шекарада орналасқан тұрғындарға әзірге еркінсуге болмайтыны ескертілген. Сондай-ақ, әскерилер…

Read More

Қытайда даулы заң қабылданғаннан кейін ажырасу саны 70 пайызға азайды. Бұл туралы Tengrinews сайты хабарлады. Қытайдың Азаматтық істер министрлігі мәліметі бойынша, 2021 жылдың бірінші тоқсанында елде 296 мыңға жуық ажырасу дерегі тіркелген. Бұл көрсеткіш 2020 жылы миллионға жеткен. Оған Үкіметтің 1 қаңтардан бері «ойлану» кезеңін міндетті етіп заңдастырғаны себеп болып отыр. Азаматтық кодекске енгізілген жаңа түзетуге сәйкес, ерлі-зайыпты ажырасуды ресми тіркеу үшін 30 күн күту керек. Үкімет ажырасудың өсуіне байланысты туу деңгейінің күрт төмендегені үшін дабыл қағып, заң қабылдады. Егер 30-ыншы күннен бастап 60-шы күнге дейінгі кезеңде ерлі-зайыпты уәкілетті органға қайта өтініш білдірмесе, олардың өтінімі күшін жояды. Дегенмен ерлі-зайыптының бірі…

Read More

Германия Намибиямен Африкада отарлау кезеңінде неміс әскери күштерінің жасаған қылмыстары үшін өтемақы төлеу туралы келісімге келді. Бұл туралы еуропалық БАҚ өкілдері хабар таратты. Олардың мәліметіне сүйенсек, құжатта Германия гереро мен нама өкілдерінің өлімін геноцид деп тануға дайын екені көрсетілген. Құжатқа Берлинде Христиан-демократиялық одағы (ХДС) партиясының бұрынғы депутаты Рупрехт Поленц және Намибияның бұрынғы дипломаты Зедекия Нгавирю қол қойған. Екі елдің сыртқы істер министрлері Намибияда шамамен екі аптадан кейін келісімге қол қою керек. Сонымен қатар, Германияның федерал президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Намибия парламентіндегі рәсімге ресми түрде кешірім сұрау үшін келеді деген келісім жасалған. Ол үшін өтемақы ретінде Германия зардап шеккен екі халық тұратын…

Read More

АҚШ Ұлттық барлау директорының аппараты және басқа агенттіктер Конгреске белгісіз ұшатын нысандар туралы есептерін ұсынуы тиіс. Бұл туралы «Unilad» басылымы хабарлады.  Былтыр жыл соңында Дональд Трамп АҚШ барлау агенттіктері мен Қорғаныс министрлігін беймәлім ұшатын нысандар (БҰН) туралы есеп дайындауға міндеттеген болатын. 2021 жылға арналған бюджет туралы заң жобасына сәйкес, құжат Конгреске 180 күн ішінде, яғни 25 маусымға дейін ұсынылу қажет. Қорғаныс министрлігінің өкілі Пентагон БҰН туралы хабарламаларды қалай өңдегенін де зерттеу керек. Хабарламада «Бұл баяндаманың мақсаты – Қорғаныс министрлігінің белгісіз ұшатын нысандарға қатысты әрекет ету дәрежесін анықтау» делінген. Басылымның мәліметінше, дайындалып жатқан баяндамада беймәлім ұшатын нысандар туралы АҚШ-тың барлық барлау…

Read More

Президент Родриго Дутерте Филиппин тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцинаны таңдауға тыйым салды. Бұл туралы шетелдік БАҚ өкілдері жарыса жазуда.  «Барлық вакцина тиімді. Ешқандай кемсіту болмайды. Вакцинаны таңдай алмайсыз, себебі бәрі бірдей» деді Филиппин президенті. Оның сөзінше, ел тұрғындарының көбі Pfizer және Moderna вакцинасын күтіп жүр. Президент үкімет ешкімді әлеуметтік статусына байланысты бөлмейтінін, бұл мәселеде бәріне бірдей қарайтынын айтты. Айта кетейік, Филиппинде «Moderna», ресейлік «Спутник V», сондай-ақ, «Pfizer», «AstraZeneca», қытайлық «Sinovac» және үндістандық «Bharat Biotech» және «Janssen» вакцинасын қолдануға рұқсат берілген.

Read More

Жапониялық дәрігерлер Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарын коронавирус пандемиясына байланысты тағы да кейінге қалдыруға шақырды. Бұл туралы шетелдік БАҚ өкілдері хабарлады.  Олардың мәліметінше, кәсіподақ мүшелері Жапонияның денсаулық сақтау министрлігіне барып, премьер-министр Есихидэ Сугеге хат жазбақ. Дәрігерлер мыңдаған спортшы мен қонақтың келуі COVID-19-дың өршуіне әкеліп соғатынын айтып, дабыл қағуда. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, үкіметке үндеу жасаған. Себебі, олар елдегі жағдайға байланысты жеке ойларын білдіруді міндет санайды. Әсіресе, мыңдаған спортшы, жаттықтырушы мен журналистің бір жерге бір уақытта шоғырлануы Олимпиада ойындарының қауіпсіз өтуіне күмән тудыратын көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, жапон дәрігерлері ойынның өтуіне түбегейлі қарсылық білдіріп жатыр. Жалпы, Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының өтуіне…

Read More