Автор: Сайт әкімшілігі

СaspianLife, 25 мамыр — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан Бағыс және Хиебон ауылдары ресми түрде Түркістан облысының аумағына жатқызылды. Осыған байланысты премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды. «Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді: Бағыс және Хиебон елді мекендерінің жалпы алаңы 795,62 гектар жерін Түркістан облысының шекарасына қосу арқылы Түркістан облысының шекарасы өзгертілсін; Түркістан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын; Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген ресми құжатта. Еске сала кетсек, 2021 жылы сәуірде Түркістан облыстық мәслихаты Үкіметке тараптардың келісімі бойынша Өзбекстаннан Қазақстанға өткен, жалпы алаңы 795,62 гектар жерді облыс аумағына қосу арқылы өңірдің шекарасын өзгерту туралы…

Read More

СaspianLife, 25 мамыр — Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында екі мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болды. Оқиға орнынан жасалған видео әлеуметтік желіге тарап үлгерген. Кадрдан байқағандай, полицейлер төбелес басталған кезде жақын маңайда болған. Видеодан құқық қорғау органдары мен мектеп оқушыларының төбелес болған жерге жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Аталған оқиғаның мән-жайын Маңғыстау облыстық полиция департаменті айтып берді. «25 мамыр күні сағат 11.00-де Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев және Ы.Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиға орнында жеті адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жәбірленушілер жоқ. Соңғы қоңырау күніне байланысты полиция күшейтілген режимде қызмет атқаруға көшті», — деп хабарлады…

Read More

СaspianLife, 25 мамыр — бүгін елордада Қазақстан Кубогы-2021 топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Ел кубогы алғаш рет жаңа форматта өтетін болады. Топтық кезеңге он алты клуб қатысады. Кубок кезеңінде премьер-лигада ойнайтын он төрт командаға бірінші лиганың екі клубы қосылды. Олар — №8 ОРМБЖСМ және «Мақтаарал». Әр команда алты матч өткізеді. Келесі кезеңге өз топтарында бірінші және екінші орын алған сегіз команда шығады. Топтық кезеңнің ойындары 10 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді. Жеребе тастау қорытындысы бойынша «Атырау» футбол клубы «Тобыл», «Тараз» және «Мақтаарал» командаларымен бірге «B» тобына түсті. Фото: Рахим Қойлыбаев

Read More

CaspainLife, 24 мамыр – Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-лар Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі ақауға байланысты жұмысын тоқтатты. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі хабарлады. «ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жүйесінің істен шығуына байланысты Қазақстан бойынша мамандандырылған ХҚКО қызметтері қолжетімсіз. Уақытша ақаулар үшін кешірім өтінеміз. Мамандар жауапты мемлекеттік органмен бірлесіп техникалық ақауларды жойып жатыр. Қашан жұмысқа оралатынымызды кейінірек қосымша хабарлаймыз», — деп хабарлады мемлекеттік корпорация өкілдері. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, шамамен 12.00-ден бастап жүйеге кіру қиындаған. Мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтердің барлығы дерлік — автокөлікті тіркеу, айыппұлдар, жүргізуші куәлігін беру — Ішкі істер министрлігінің сервистеріне жатады.

Read More

CaspainLife, 25 мамыр – Бүгін 3 миллионнан астам қазақстандық оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Оның 150 мыңға жуығы мектеп бітіруші түлек. Ал, 200 мыңнан астамы 9-сыныпты аяқтайды. Былтыр мектеп табалдырығын алғаш аттаған 350 мыңға жуық бүлдіршін 1-сыныпты тәмамдамақ. Соңғы қоңырау шарасы 9 бен 11-сыныптар үшін дәстүрлі түрде өтсе, қалған оқушылар үшін онлайн форматта ұйымдастырылады. Атырау облысы бойынша 130 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтап отыр. Оның 6 мыңға жуығы мектеп бітіруші түлек. 288-і «Алтын белгіге» үміткер болса, «Ерекше аттестатты» 218 түлек иеленуі мүмкін. 9-сынып бітірушілер саны — 10 мыңнан асады. Оның ішінде 809-ы «Үздік аттестатқа» үміткер. Ақпарат көзі: CaspianLife

Read More

CaspainLife, 24 мамыр – Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/9 (ерлерді түзету колониясы) мекемесіне келген техникалық қызметкер ұялы телефонды іш киіміне жасырып кіргізбек болған. Ол рентген аппараты арқылы анықталды. «ЖШС қызметкері УГ-157/9 мекемесіне техникалық қызметтерді көрсету үшін келді. Алайда оны рентген аппараты арқылы тексерген кезде іш киімінен SAMSUNG ұялы телефоны мен sim-карта табылды. Сондай-ақ, оның құрал-саймандар салынған сөмкесінің түбіне жасырылған ұялы телефон мен 2 пакетке салынған насыбай табылды. Іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», — деп хабарлады УГ-157/9 режим бөлімінің бастығы Ғалымжан Қазыбай. Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз-қызметі, мекемеге келген келушілер міндетті түрде бірінше арнайы рентген аппараты…

Read More

CaspainLife, 24 мамыр – 23 мамыр кешкілік қаладағы Берғалиев-Баймұқанов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алып, автобус жүргізушісі әйел адамды қағып, үстінен басып өткен. Бүгінде сол оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. «94 жылы туған азаматша оқиға орнында қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі  «Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша жүргізілуде», — дейді Атырау облыстық ПД ресми өкілі Гүлназира Мұхтарова. Тергеп-тексеру жұмыстары нәтижесінде жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, ол бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға 23 мамырда кешкі сағат 20:00 шамасында болды. 57 бағытта қатынайтын қоғамдық көлік бұрылыста жаяу жүргіншілер жолағынан…

Read More

CaspainLife, 24 мамыр – Аспалы жолда болған апаттың кесірінен 13 адам қайтыс болды. Бұл – салынған тыйымдар алынып тасталғаннан кейінгі Италия туризмінде болған жағдай. Оқиға Маджоре өзенін бойлай орналасқан Стреза елдімекені маңындағы Моттароне тауында болды. Темір арқан таудың шыңына 300 метр және соңғы тіреуден 100 метр қашықтықта үзілген. Бұл ең биік нүкте болып саналады. Адамдар мінген кабина 1 жарым километр биіктіктен жерге құлаған. Құтқарушылардың сөзінше, ешқайсысының аман қалу мүмкіндігі болмапты. Дегенмен 5 және 9 жасар екі бала ауыр жағдайда тікұшақпен Туриндегі ауруханаға жетізілген. Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер мен сарапшылар арқанның үзілу себебін анықтап жатыр. Соған байланысты демалыс орны уақытша тоқтаған.…

Read More

CaspainLife, 24 мамыр – Конго демократиялық республикасының 5 мыңдай тұрғыны Ньирагонго жанартауының атқылауы себебінен көршілес жатқан Руандаға бас сауғалай қашқан. Лава тасқынынан құтылғандардың дені – елдің шығыс бөлігінде орналасқан Гома қаласының халқы. Әзірге зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Билік жанартауға жақын орналасқан елдімекендердің бәрін эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. Мамандар оның 2002 жылы болған құбылысқа қатты ұқсайтынын айтуда. Ол кезде лава Гома қаласын түгелдей басып тастаған еді. Тіпті, жергілікті аэропорттың ұшып-қону аймағы да табиғат құрбаны болды. 19 жыл бұрын жергілікті 1,5 млн тұрғынныңішінде 100 адамнан астам адам қаза тапты. Ал 600 адам қайтыс болған жағдай 1979 жылы…

Read More

CaspainLife, 24 мамыр – Биыл өңірде мешіт салу жұмыстары қарқын алмақ. Индер ауданында іссапармен болған Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысқанұлының сөзінше, аймақта демеушілердің қолдауымен 25 мешіт бой көтереді. Оның 3-і Индер ауданына қарасты Бөдене, Елтай, Өрлік ауылдық округтерінде салынады. Өрліктегі мешіт құрылысының іргетасын құю жұмыстары басталып та кетті. «Мұнда Алла қаласа 150-200 адам намаз оқи алады. Заман талабына сәйкес мешіттердің ішіндегі бірегейі болмақ. Мешіт салуға қойылған арнайы талабымыз да бар. Ол жерде мешіт имамының үйі ментахаратханасы болу керек деген. Осының бәрін орындай отырып, демеушілердің, халықтың көмегімен Алла қаласа мешіт құрылысы 1 жылда бітеді деген үлкен үміт бар», — дейді…

Read More