СaspianLife, 27 мамыр — Атырауда маса улау жұмыстары 8 ай бойы, қарашаның соңына дейін жүргізіледі. Қазіргі кезде дезинсекцияға бөлінген 126 миллион теңгенің 26 миллионы игерілген. Улау жұмыстарына 30 адам, 6 жел, 1 тұманды генератор және 2 су таситын көлік жұмылдырылыпты. Сәуірде басталған су қоймаларды дезинсекциялау мамыр айында да жалғасты. Қала сыртындағы елдімекендер де ұмыт қалған жоқ. «Қазіргі уақытта көп қабатты үйлердің подьездері мен қасындағы учаскелерін улау, сосын ашық су бекеттерін улау жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек қаладағы ашық парктерді де улаудамыз. Сонымен қатар, қала қасындағы ауылдық округтерде Атырау, Дамбы, Кеңөзек, Алмалы, Қайыршақты, Еркінқалада масаға қарсы улау жұмыстары жүріп жатыр», -…
Автор: Сайт әкімшілігі
СaspianLife, 27 мамыр — 26 мамыр күні Юрий Михайлистің шәкірттері В тобының көшбасшысы Германия құрамасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Немістер бұл турнирде алғаш рет жеңіліске ұшырап отыр. Ойынның 27-ші минутында қазақстандық құраманың ардагері Александр Шин ерекше көзге түсіп, алғашқы шайбаны салды. Бірақ одан кейін немістер Қазақстан командасының қорғанысына шабуыл жасап, алдымен 30-шы минутта, содан кейін 35-ші минутта екі рет шайба салып алға шықты. Ұлттық құраманың капитаны Роман Старченко екінші үзілістен кейін тепе-теңдікті қалпына келтірді. Павел Акользинге қатысты ереженің бұзылуы нәтижесінде болған буллитте тағы бір ұпайды иеленді. Соңғы шешуші шайбаны қазақстандық спортшылар үшінші кезеңнің соңында салды. 56-минутта Акользин Алексей Маклюковтың…
СaspianLife, 26 мамыр — Биыл қажылыққа тек вакцинацияланған адамдар қатыса алады. Бұл ретте QazVac, «Спутник V» немесе Hayat-Vax вакциналарымен иммундалған Қазақстан азаматтары қажылық жасай алмайды, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. «Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі «Қажылық-2021″ маусымына дайындық кезінде ерекше талаптар жариялады. Қажылар Сауд Арабиясында ресми түрде бекітілген вакциналардың екі дозасын қабылдауы керек (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna). Екінші дозаны қажылыққа барардан 14 күн бұрын қабылдау керек», — делінген хабарламада. Әрбір қажы аталған вакциналардың бірін алғаны туралы өз елінің құзыретті органдарынан анықтама ұсынуы және оны Сауд Арабиясының Шетелдегі елшіліктерінде заңдастыруы тиіс. Сауд Арабиясының билігі 2021 жылғы…
СaspianLife, 26 мамыр — Қазақстандағы коронавирус туралы coronavirus2020.kz сайтына 30 миллион теңге жұмсалған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте министрден сайттың қаншалықты пайдалы екендігі туралы сұрады. «Бұл инфекция пайда болғаннан бері біздің азаматтар мен оқырмандарға осы бағытта ақпарат алуға мүмкіндік беретін бір нақты ресурс қажет болды. Сондықтан сайт жұмыс істеді. Оған қосымша Telegram арнасы ашылды. Оған 240 мың адам жазылды. Бұл осы ресурстың өзектілігі мен танымалдылығын көрсетеді. Барлық ресурстар негізінен вирустық инфекциямен күресуге қатысты мәселелерді, мемлекет қабылдаған шаралар туралы толық ақпарат алу үшін ақпарат алғаны түсінікті. Бұл сайтты сүйемелдеуге шамамен 30…
СaspianLife, 26 мамыр — 2021 жылы Қазақстан Ресейге су үшін былтырғыдан қарағанда көп қаржы төлеген, бірақ аз көлемде су алады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғани Исқалиев айтты, деп хабарлайды Азаттық Радиосы порталы. «Былтыр 180 миллион кубметр су үшін үш миллиард теңге төледік. Биыл Ресейге 4,2 миллиард теңге төлеу жоспарда бар, бұл қаржыға 140 миллион куб су болады. Су Саратовтан келеді, ол жақта электр энергия тарифы өзгерген. Бұл суды Жайық өзенінен 92 метрден жоғарыға шығарады. Сондықтан біз насос станциясының да шығынын төлеуге мәжбүрміз», — деді облыс басшысы. Су ресурстары жөніндегі сарапшы Мейрам Жұмабековтің сөзінше, Қазақстан Ресейге судан гөрі насос…
СaspianLife, 26 мамыр — Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Халықаралық Golden Time Talent фестивалінде бірінші орынға ие болды. Түрлі санаттардағы гранд-финал онлайн-форматта өтті. Музыканттар авторлық өңдеуде Вивальдидің «Жыл мезгілдері» топтамасындағы туындыны ойнады. «Жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз. Эмоция керемет. Нәтиже бүгін түнде жарияланды. Одан бөлек бізге келісімшарт ұсынылды, шекара ашылып, жағдай тұрақталса, концертке барамыз», — деді Темірлан Олжабай. Golden Time Talent ұйымдастырушылары АҚШ-тағы Халықаралық байқауда алтын медаль жеңіп алғаннан кейін қазақстандықтардың дарынын байқап, оларды финалға қатысуға шақырыпты. Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып жүрген кезінде танысқан. Айта кетейік, ұжым 2017 жылы құрылған. Олар Димаш Құдайбергеновпен бірге I ‘…
СaspianLife, 26 мамыр — Беларусь Президенті Александр Лукашенко БАҚ және бұқаралық шаралар туралы заңдарды қатаңдату туралы түзетулерге қол қойды. Енді Беларусьте: — БАҚ-та келісілмеген акцияларды нақты уақыт режимінде жариялауға тыйым салынады; — журналистерге акция ұйымдастыруға және оған қатысуға тыйым салынады; -журналистер мен БАҚ өкілдеріне мемлекеттен рұқсат алмай қоғамдық-саяси тақырыптарға қоғамдық пікір сауалнамаларын жариялауға тыйым салынады; — бұқаралық іс-шараларды жергілікті биліктің рұқсатынсыз өткізуге тыйым салынады; — бұқаралық іс-шараларды өткізу ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеуге ақша жинауға тыйым салынады; — Беларусь аумағында шетелдік азаматтар мен заңды тұлғаларға БАҚ құруға тыйым салынады; — саяси және қоғамдық ұйымдарға акцияларды өткізуге ресми рұқсат алғанға дейін оларды…
СaspianLife, 26 мамыр — «Қазгидромет» синоптиктері 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстандықтарды 40 градусқа дейінгі ыстық күтіп тұр. Болжамға сәйкес, 25-26 мамырда Қазақстан аумағында жазғы ауа райы сақталады. Оңтүстіктен соғатын жылы және құрғақ ауа массалары ыстық және құрғақ күн тудыруы мүмкін. «Еліміздің батысында ауа температурасы 30-39 градус болады деп күтілуде, солтүстік бөлікте де термометр бағандары күндізгі уақытта сирек байқалатын 32-38 градусты көрсетіп тұр. Оңтүстік және шығыс аумақтардағы температура тез көтеріліп, оңтүстікте 30-40 грдаус ыстық, шығыста 30-36 градусқа дейін жетеді. Алайда, 27 мамырдан бастап Батыс, содан кейін солтүстік аймақтарға Батыс Еуропадан келетін антициклон әсер ете бастайды. Бұл өз кезегінде батыс…
СaspianLife, 26 мамыр — Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізілмек. Ол бірінші топтағы мүгедектердің күтушілеріне арналады. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов бүгінде 1 топтағы 66 мың мүгедектің көпшілігі жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етілмегенін және оларға қосымша өтемақы төленбейтінін мәлімдеді. «Оған комада немесе төсек тартып жатқан науқастар кіреді. Жаңа заң жобасы қабылданғаннан кейін мүгедек адамдарға күтушілік қызмет көрсететін 24 мыңдай тұлғаға қосымша жәрдемақы төленетін болады. Оны енгізу жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады министрлік басшысы. Сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасының нормаларында балаларды мүгедектік топтары бойынша бөліп қарау көзделген. «Заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік…
СaspianLife, 25 мамыр — Еуроодаққа мүше елдердің басшылары қатысқан саммитте Ryanair авиакомпаниясының мәжбүрлі қонуы қатаң айыпталып, Беларусь билігінен журналист Роман Протасевич пен оның серігі София Сапеганы дереу босату сұралды. Президенттер Минскінің бұл әрекетін талқылып жатқан кезде, сол елдің арнайы қызметі Протасевичтің видео-үндеуін жариялады. «Қайырлы күн, менің аты-жөнім – Роман Протасевич. Кеше мені Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Минскінің Ұлттық әуежайында ұстады. Қазір мен Минск қаласындағы №1 тергеу абақтысында отырмын. Денсаулығыма қатысты ешқандай мәселе жоқ. Қызметкерлердің маған деген көзқарасы да мүмкіндігінше дұрыс әрі заңға сәйкес. Сондай-ақ, мен қазір тергеу ісіне көмектесіп жатырмын, әрі Минск қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғанымды мойындадым», — деді «Нехта» телеграм-каналының…
