СaspianLife, 27 мамыр — Сауд Арабиясында Кағбадағы имамға шабуыл жасалды. Үстіне ихрам киген жергілікті тұрғын тікелей эфирде мінберге қарай тұра ұмтылған. Ол кезде әл-Харам мешітіндегі имамдардың бірі шейх Бандар Балила жұртшылыққа уағыз айтып жатқан еді. Арабньюс сайтының хабарлауынша, сол жерде тұрған күзетшілердің бірі Мухаммад әз-Захрани құқықбұзушыны тоқтатып үлгерген. Мұндай келеңсіздікке қарамастан, халықты шошытып алмау мақсатында имам өзінің жұмысын әрі қарай жалғастыра берген. Тәртіп бұзушыны тексере келе, оның 40 жасар саудтық араб екені анықталды. Ұсталғаннан кейін ол полицейлерге өзінің Мәді екенін айтқан. Қазіргі уақытта азамат қамауда отыр және оның психикалық ауытқушылығы болу мүмкін деген жорамал бар.
Автор: Сайт әкімшілігі
СaspianLife, 27 мамыр — Бразилия ғалымдары коронавирустың бүкіл елге өте тез таралатын жаңа түрін тапты, әзірше оның шығу тегі белгісіз, деп хабарлайды Globo. Сан-Паулу университетінің зерттеушілері оны бірінші Мококадан алынған сынамадан анықтады, кейін ол Порту-Феррейрада кеңінен тараған, екі елдімекен де Сан-Паулу штатында орналасқан. Бүгінде коронавирустың жаңа түрі елдің ең бай және халқы көп штатының он қаласында анықталған. Университеттің зерттеу деректері тұмау мен коронавирус геномдары туралы ақпаратқа еркін қол жеткізу үшін халықаралық GISAID (ДЖИСЭЙД) ұйымына жіберген, онда вирустың бұл түріне P4 деген атау берілді. Бразилия вирусология қоғамының вице-президенті Жоао Пессоа Араужудың айтуынша, P4 кәдімгі вирусқа қарағанда қауіпті екенін немесе одан да…
СaspianLife, 27 мамыр — «Ryanair» ұшағында бомба бар деген хабарлама «Швейцариядан келген». Бұл – Александр Лукашенконың сөзі. Мұндай хабарламаны алғаш болып «Пул первого» телеграм-арнасы таратты. Лукашенко оппозиционер Роман Протасевич отырған «Ryanair» ұшағын қондыру туралы мәлімдемесін Парламент және Конституциялық комиссияның мүшелерімен, Беларусьтің мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен кездесуде айтты. «Ұшақтың миналанғаны туралы хабарлама Швейцариядан келді. Ұшақ БелАЭС маңына тоқтады. АЭС қауіпсіздік жүйелері толық жауынгерлік әзірлік режиміне ауыстырылса не болар еді? Беларусь егемен мемлекеттерге сай әрекет етті», — деді Лукашенко. Оның айтуынша, арнайы қызметтер мұны жасауға мәжбүр болды. «Біздің нысанда мина қаупі барда қалай әрекет етуіміз керек еді? Сіздер Беларусьте тұрғандықтан күнделікті мектептер,…
СaspianLife, 27 мамыр — АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Хосе қаласында қарулы адам атыс шығарып, салдарынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды «Лос Анджелес Таймс». Атыс сәрсенбіде таңертең теміржол депосының аумағында болды. Күдікті кейін өзіне оқ атып, қаза тапқан. «Cегіз адам атыс құрбанына айналды, олар қаза тапты, бір күдікті өзіне оқ атқан», — дейді аудандық полиция өкілі Рассел Дэвис. Сонымен қатар, полицейлер қылмыскер депоға барар алдында өз үйін өртеп жібергенін айтады. Ресми мәліметтер бойынша, ол адамдарға екі түрлі ғимараттан оқ атқан. Дэвистің айтуынша, атыс шығарған ер адам – VTA теміржол компаниясының қызметкері 57 жастағы Самюэль Кэссиди.
СaspianLife, 27 мамыр — Назарбаев университетінің 22 жастағы студенті Нұрдәулет Наурызбай 26 мамыр күні кешкісін із – түссіз жоғалып кеткен. Туыстарының айтуынша 3 – курс бітіргеннен кейін Нұр – Сұлтаннан Атырауға оралған. Демалыста группаластарымен бірге Шымкентке, әрі қарай 4 күнге Түркістан облысының тауларына барып, 24 мамыр күні кері келуді жоспарлаған көрінеді. Бірақ әлі хабар жоқ. Нұрдәулеттің анасы бүгінгі күнге дейін полицияға баласының жоғалып кеткендігі туралы мәлімдеме бермеген. 26 мамыр күні кешке Түркістан облысында жоғалған жігіттердің бірі өз баласы екенін Нұрдәулеттің ағасы хабарлағанда бір-ақ білген. «Олар Мыңжылқы шатқалына баруды жоспарлаған. Тәжірибелі альпинистер балалар таңдаған бағытты 4 күн емес, 6-7 күнге дейін…
СaspianLife, 27 мамыр — Вакцина алмас бұрын және алғаннан кейін де антиденеге сынама тапсырудың қажеті жоқ. Себебі, денсаулық сақтау министрлігінің нұсқамасында антиденені анықтау міндетті емес делінген. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі алып-қашпа әңгімелер де шындыққа жанаспайды. Тек нақты дереккөздерге сенген жөн. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдік өкілдерінен құралған арнайы түсіндіру тобы айтты. Жиынның ұйымдастырылуына Атырау облысының вакцина салдырушылар жағынан республика бойынша соңғы орында болуы себеп. «Егер сіз ауырған болсаңыз жарты жылдан кейін вакцина ала аласыз. Вакцина салғаннан кейін антидене қанша уақытта қалыптасады деген сұрақ та болды. Ол бірінші, екінші компонентті алғаннан соң үш аптадан кейін қалыптасатын болады. Барлық азамат қай…
СaspianLife, 27 мамыр — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменттің басқарма басшысы Марат Хайруллин қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін қанша максималды соманы ала алатындығын мәлімдеді. «Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы күресте көмек қолын созған азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақы беріледі», — деді Марат Хайруллин арнайы брифингте. «Бүгінде, сыбайлас жемқорлық жолымен алған қаражаты немесе келтірілген залал сомасы 1 мың АЕК – тен (2 млн 917 мың теңге) аспаса, құқық бұзушылық фактісі жайлы мәлімдеген тұлғаға төленетін ақы (қылмыстың ауырлығына байланысты) 30-дан 100 АЕК – ке дейінгі соманы құрайды. Сыбайлас жемқорлық фактісі аталған сомадан артық болса…
СaspianLife, 27 мамыр — Маңғыстау облысында «Мұнайтелеком» компаниясының жұмысшылары — штат қызметкерлері мен бірдей біліктіліктегі аутстаффинг қызметкерлері арасында жалақының әділетсіз бөлінгенін айтып, оны көтеруді талап етіп, наразылық акциясына шықты. Наразылық акциясына Қаламқас, Жетібай, Жаңаөзен аудандарындағы және Ақтау қаласындағы «Мұнайтелекомның» аутстаффинг қызметкерлері жиналған. Олардың айтуынша, компания осылайша аутстаффинг қызметкерлерінің құқықтарына нұқсан келтіріп отыр. Жұмысшылар өткен жылы компания директорының кейбір лауазымдар атауына өзгерістер енгізгенін және соған орай жалақы мөлшерінің де өзгергенін айтты. Олардың сөзінше, ұқсас лауазымдардағы жұмысшылар бірдей жалақы алуы керек. «Ағымдағы жылдан бастап штаттық өкім бойынша лауазымдардың атауы өзгертілді. Мысалы, 2021 жылға дейін штаттық өкімде және аутстаффинг құрамында «КИПиА слесарі» лауазымы…
СaspianLife, 27 мамыр — 3 маусымнан бастап Air Astana Атыраудан Амстердамға аптасына бір рет тұрақты жасалатын халықаралық рейсті қайта бастайды, деп хабарлайды авиакомпанияның баспасөз қызметі. Рейс жергілікті уақыт бойынша Атыраудан сағат 05:40-та ұшып 07:50-де Амстердамға келеді. Ал 11:50-де Амстердамнан Атырауға кері рейс орындалады. Ұшу ұзақтығы 5 сағат 10 минут және 4 сағат 50 минут болады. «Атырау-Амстердам» рейсі әр сәрсенбі сайын Атыраудан Франкфуртқа орындалатын рейсті толықтырады. Рейстер Air Astana серіктес авиакомпанияларының Еуропа мен Солтүстік Америкадағы рейстерімен ыңғайлы түйісуге мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.
СaspianLife, 27 мамыр — Жапондық «Дай-хати Хокко-мару» балық аулау кемесі Момбецу қаласының маңында ресейлік «Амур» кемесімен соқтығысты. Бұл туралы Ресей Федерациясының Токиодағы елшілігі Жапонияның балық аулау басқармасына сілтеме жасап хабарлады. Апат салдарынан үш жапондық балықшы қаза тапқан. «Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз жапон тарапымен үнемі байланыста боламыз, оқиғаның барлық мән-жайларын нақтылаймыз», – деді Ресей елшілігі. Жапондық балық аулау кемесімен соқтығысқан ресейлік «Амур» кемесінің Сахалин балық аулау компаниясына тиесілі екені анықталды. «Интерфакс» мәліметтері бойынша, бортта 24 адам болған. Олардың барлығы — Ресей Федерациясының азаматы. Капитан зардап шеккендердің жоқ екенін айтты.
