СaspianLife, 31 мамыр — Өзбекстан ТЖМ құтқарушылары Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмысына қосылды. «Олар Өзбекстан жағынан Өгем өзенінің бойымен Чарвак су қоймасына құятын жерге дейінгі шекаралық аумақты тексеріп жатыр», — деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен екі студентті іздеу жұмыстары жалғасуда. Таулы рельефтер мен өзендердің қатты ағысынан қиындықтар туындаған көрінеді. Десе де құтқарушылар бар күштерін салуда. «Бүгінгі күнге дейін іздеу жұмыстары ұзындығы 350 шақырымнан асатын тау шатқалдарында жүргізілді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, шамамен 170 шақырым аумақ зерттелді. Ұзындығы екі мың шақырымнан асатын «Қазавиақұтқару» тікұшақтарымен аэровизуалды ұшу жасалды», — деп атап өтті Талғат…
Автор: Сайт әкімшілігі
СaspianLife, 31 мамыр — Доссор кентінен Атырау бағытына қарай 30 шақырым қашықтықта орналасқан Оңай ата қорымының айналасы бүгінде адам шошырлық күйге түскен. Күре жолдағы кесене зиярат ететін емес, дәрет сындыратын орынға айналып барады. Бұл мәселе жергілікті тұрғындар тарапынан бірнеше жылдан бері көтерілгенмен, шешімі табылмаған еді. Енді Қызылқоғаға қарасты 415 мың гектар жер телімі Мақат ауданына қосылғаннан кейін сең қозғалды. Аудан әкімі Шәкір Кейкин бастаған жұмысшы топ Оңай ата басында болып, ұрпақтарымен кездесіп, киелі орынның маңын реттеуге жұмыстанып жатқанын айтты. Енді бұл жердегі қора-қопсы, әжетхана, көлік жөндейтін эстакада бұзылып, орны тазаланады. Сондай-ақ, ата бейіті басындағы тамақтану орындарын бір шақырым қашықтыққа көшіру…
СaspianLife, 28 мамыр — Канцев көшесі бойында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып келеді. Доссор көшесінен бастап Уәлиханов көшесінің қиылысына дейінгі ұзындығы 400 метр болатын бөлікті 2 маусым күні ашу жоспарланып отыр. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Атырау облысы бойынша филиалының мамандары жол құрылысының сапасын тексерді. Мамандар жөндеу жұмыстары әрбір кезеңде тексеріліп, әбден аяқталғанша бақылауда болады деп отыр. Егерде қандай да бір кемшілік анықталса, оны мердігер мекеме тез арада қалыпқа келтіруге міндетті. Ұзындығы 1260 метр болатын Георгий Канцев атындағы көше бойындағы жөндеу жұмыстары сәуір айының ортасында басталған еді.
СaspianLife, 28 мамыр — Атырауда бройлер балапандарын өсіретін кооперативке 80 миллион теңгеден астам қаржы субсидия заңсыз берілген. Заң бойынша қуаттылығы жылына 5000 тоннадан асатын құс фабрикаларын қаржыландыруға рұқсат етіледі. Ал, «Бұйырғын» кооперативінің қуаттылығы жылына небары 1000 тонна. Мұндай заңсыздықтар Құрманғазы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі мен маманының тәртіптік ісі қаралған әдеп кеңесінің отырысында айтылды. «83 миллион теңге қайда жұмсалды?» деген сауалға құрманғазылық шенеуніктер «қажетті құрал-жабдықтар алынды» деп жауап берді. Бірақ, прокурорлар мұндай жауапқа қанағаттанбай, заңсыз жұмсалған қаражат қазынаға қайтарылу керек деді. Тәртіптік кеңес соңында Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мұрзиевке қарамағындағы қос қызметкерге сөгіс жариялау туралы ұсыныс берілді.
СaspianLife, 28 мамыр — Шаһардағы Әуезов көшесінің бойында жасалып жатқан қайта жаңғырту жұмыстары кезінде кемшіліктер жіберілген. Оны «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» мамандары мониторинг барысында анықтапты. Нақтырақ айтқанда, ескі асфальтты алу мен топырақ төсеу жұмыстары уақытынан кешіктірілген және жол жиегіндегі бордюрларды орналастыру технологиясы бұзылған. Орталық мамандары қателікке жол берген мердігер мекемегеге қатысты хаттама толтырды. Әуезов көшесі бойындағы жөндеу жүргізілетін жолдың жалпы ұзындығы 2,8 шақырым, ал ені 14 метр. Жаңғырту жұмыстарына қазынадан 3 миллиард 227 миллион теңге бөлініп, 130 жұмысшы мен 50 техника жұмылдырылған. Жол сапасын тексеретін орталық мамандары асфальт төсеу жұмыстары маусымның орта тұсынан кейін басталады деп отыр.
СaspianLife, 28 мамыр — Нұр-Сұлтанда «Астана LRT»-ге қатысты іске нүкте қойылды. «Астана LRT» компаниясымен жұмыс істеген жеті экс-шенеунік пен компания қызметкерлері 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық Банкте, Ұлттық компанияларда 5 жыл мерзімге дейін жұмыс істеу құқығынан айырыла отырып, 10 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі колонияда өтейді. Нұр-Сұлтан мәслихатының Экс-хатшысы Жанат Нұрпейісов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған мемлекеттік қызметте 5 жылға дейін қызмет атқаруға тыйым салынды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді. Сонымен қатар, сот…
СaspianLife, 28 мамыр — Түркістан облысының Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің тауларында жоғалып кеткен жеті студенттің үшеуі табылды. «Бүгін, «Казавиаспас» тікұшағы іздеу жұмысы барысында Сайрам – Өгем шатқалында жоғалған жеті азаматтың үшеуін тапты. Табылғандардың жағдайы қанағаттанарлық. Қалған студенттерді іздеу жұмыстары жалғасуда», — деп хабарлады ТЖМ өкілі Талғат Уали. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары жоғалғандардың туыстарымен жұмыс істеуде. Айта кету керек, 25 мамыр күні кешке Түркістан облысында студенттердің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. Олар 21-мамырда «Сары-Айғыр» шатқалына барып, 24 мамыр күні қайтып келу керек болатын. Бірақ бүгінгі күнге дейін олардан еш хабар болмаған. Іздестірудің алғашқы тәулігінде құтқарушылар 37 шақырым таулы…
СaspianLife, 28 мамыр — «Мұғалімдер қауымы толық вакцина алмай, жаңа оқу жылында мектептер ашылмайды». Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай мәлімдеме жасады. Министр екпе салу ерікті шара болғанымен, ұстаздарды жаппай вакцина алуға шақырып отыр. Яғни, келесі оқу жылы дәстүрлі форматта өтуі мүмкін. Білім басшысының айтуынша, енді білім жүйесі, оның ішінде балалар қашықтан оқуға шыдамайды. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтап, дәстүрлі оқуға шығуға бар күшті салу қажет, дейді. Вакцина алу — тығырықтан шығудың жалғыз жолы деді Асхат Аймағамбетов. Министрлік тарапынан биылғы түлектерге аттестат беру рәсіміне қатысты да шешім қабылданды. 11 жыл бойы талмай білім алған оқушылардың көптен күткен сәті дәстүрлі…
СaspianLife, 28 мамыр — Қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдар дайындаған өнімге 10 ел қызығушылық танытып отыр. Олардың бәрі ислам мемлекеттері. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «QazVac» вакцинасына қандай мемлекеттер қызығушылық танытып отқанын атап өтті. «Біз өте үлкен белсенділікті байқадық. Шын мәнінде, біздің вакцина — мұсылман әлемінде толығымен жасалып шыққан алғашқы вакцина. Көптеген ислам мемлекеттері бізге жүгінеді», — деп мәлімдеді Алексей Цой ҚР Денсаулық сақтау министрі «QazVac»-ты жеткізу мәселесі бойынша министрлікке 10 ел өтініш білдіргенін айтты. Олардың қатарында Катар, БАӘ және басқа да ислам мемлекеттері бар. Отандық вакцинаны экспорттаудың уақыты туралы сұраққа жауап бере отырып, Алексей Цой қазіргі уақытта препараттың авторлық…
СaspianLife, 28 мамыр — Атырау қаласы, Алмагүл ықшам ауданында 27 мамыр күні, шамамен сағат 18:00-де 18 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсады. «Алмагүл ықшам ауданында бүгін 16 қабатты үйдің 8-ші қабатынан 2002 жылы туған бойжеткен секіріп, көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105 – бабы («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Мұндай әрекетке бармас бұрын, жас қыз отбасына арнап хат та жазып кеткен көрінеді. Онда ол отбасынан кешірім сұрап, ішінде өзінен де күшті біреу бар екенін және әжесінің жанына оралатынын жазған. Бұл Алмагүл ықшам ауданында соңғы екі аптада болған екінші…
