CaspianLife, 1 маусым — Қазақстан азаматтары үшін «кредиттік рақымшылықты» ұзарту жоспарланып отырғаны туралы бірқатар БАҚ-тағы жарияланымдар журналистердің «ашық деректер» порталында орналастырылған ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дұрыс түсіндірмеуінен және ол шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын орындау үшін ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға арналған қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» қаулысы қабылданды. Қаулыда есептен шығару мерзімі 2019 жылғы 13 желтоқсаннан кешіктірілмейді деп белгіленген. Қазақстанда борыш жүктемесін азайту үш кезеңде…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 1 маусым — Әлеуметтік желіге Атырау тутұғырындағы мемлекеттік тудың теріс ілініп тұрған видеосы жарияланды. Келеңсіз жағдайға байланысты әкімдіктегілер жауап берді. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, теріс ілінген ту 10-15 метр биікке көтерілгенде ғана байқалған. «Туды ілу кезінде оның жоғарғы жағын анықтау бойынша қиындық туды. Сенбі күні сағат 19.00 шамасы туды 10-15 метр биікке көтергенде теріс екені байқалды. Туды түсіріп қайта ілді. Бұл бірнеше минутқа созылды. Желіде тараған видеода тудың енді ілініп жатқаны көрініп тұр», — деді әкімдік өкілдері. Еске сала кету керек, бұл туға қатысты туындаған алғашқы келеңсіздік емес. 1 қаңтар күні Атырау қаласының тұрғындары өңірдегі басты мемлекеттік тудың орнында…
CaspianLife, 1 маусым — 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мамандандырылған балалар үйіндегі кішкентайларды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар берді. Сонымен қатар жаңадан тәй-тәй басып жүрген сәбилердің тұсауын кесті. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты мамандандырылға балалар үйінде қазір түрлі сырқатқа шалдыққан 4 жасқа дейінгі 23 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Оларға әлеуметтік мекеменің 50 қызметкері қамқорлық көрсетіп, балалардың жан-жақты дамуына барынша үлес қосуда. Балалар үйінің жанынан 2017 жылы ашылған оңалту орталығы да жұмыс істеп тұр. Бұл жерден 26 бала тегін медициналық көмек алады. Бүгінгі мерекелік іс-шарадан олар да қалыс қалған жоқ.…
CaspianLife, 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «CEREBRUM» биоакустикалық ми түзету клиникасы салтанатты түрде ашылды. Клиниканың жетекшісі – тәжірибелі невролог дәрігер, ерекше баланың анасы Лаура Исаева. Лаура 2020 жылы «Теңізшевройл» компаниясы және «Орталық Азияның Еуразия қоры» қолдауымен «Әлеуметтік бағдарламалар мен инновация қоры» жүзеге асыратын «Жарқыра» бағдарламасынан пайызсыз несие ұтып алды. Ол сол қаражатқа құрал-жабдық сатып алып, шағын биоакустикалық ми түзету кабинетін ашқан. Клиникада аутизм, психикалық және сөйлеу қабілеті тежелген, сал дертіне, Даун синдромына шалдыққан, нейросенсорлық кереңдігі бар, эписиндром және басқа да неврологиялық аурулары бар балалар ем ала алады. Ем екі бағытта жүргізіледі: Биоакустикалық ми түзету — орталық жүйке…
СaspianLife, 31 мамыр — Америкалық ер адам істемеген қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Бірақ, 32 жыл өткенен кейін оның кінәсіз екені дәлелденді. Гилберт Ли Пул 1988 жылдың аяғында Мичиган штатының Понтиак қаласында Роберт Мехианы өлтірді деген айыппен қамауға алынған. 1989 жылы сот 22 жастағы Пулды шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айырды. Үкім Пулдың сүйіктісі берген жалған куәліктер мен тіс дәрігерінің мәлімдемесі негізінде шығарылды. Тіс дәрігері Мехияның денесінде Гилберттің тісінің ізі қалды деп айтқан. Ол тергеу кезінде өзінің бұрынғы сүйіктісінің айғақтарын жоққа шығарды. Ал қазіргі уақытта тіс іздерін зерттеу ғылыми тұрғыдан жеткілікті негізді деп…
СaspianLife, 31 мамыр — Нұр Отандық депутаттар өткен оқу жылын сынға алды. Бас партияның мүшелері әлеуметтік желіге өз беттерінше мониторинг жүргізіп, онда білім беру басқармасына ата-аналар тарапынан арыз-шағымның көп екендігін анықтапты. Олардың басым бөлігі қашықтан оқу кезінде берілген гаджеттердің өз құнын ақтамайтындығын жазған. Партиялықтар пандемия кезіндегі білім беру басқармасы басшылығының жасаған жұмысын жоққа шығармайтынын, алайда шағымдардың негізсіз емес екендігін айтты. Өйткені, жергілікті бюджеттен бөлінген 555 млн. теңгеге 15 мыңнан астам балаға қайтарымды негізде компьютер берілген еді. «Мемлекеттік сатып алу порталынан алынған ақпаратқа сәйкес, 1 дана ноутбукке мемлекет тарпынан ұсынылып отырған бағасы 178 мың теңге. Компьютерлік техника нарығын зерттей келе әлдеқайда…
СaspianLife, 31 мамыр — Қару-жарақ, жол талғамайтын 2 көлік, 3 қайық пен 7 қапшық ау құралдары және ішінде бар-жағдайы жасалған күрке. Мұның барлығы Каспий теңізінің Жылыой ауданы аумағындағы бөлігіне тікұшақпен рейд жасау кезінде анықталды. Рейдке Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы мен мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері қатысты. Лагерь Тереңөзек кен орнына жақын, қалың қамыс арасында көзден таса жерге орналастырылыпты. Иесі тыңғылықты дайындалса керек, күрке ішін азық-түлік пен киім-кешекке толтырып, қажетті құрал-жабдықтар мен тіпті қару-жарақ та әкеліп қойыпты. Екі қуатты көлік пен рұқсат етілмеген ау-тор құралдары салынған 3 резеңке қайық және бар. Осы дерек бойынша қажетті құжаттар рәсімделіп, құқық қорғау…
СaspianLife, 31 мамыр — «Артық қыламын деп тыртық қылды». Испания поштасы теңсіздік пен расизммен күреске бағытталған марка шығарып, басы дауға қалды. Әртүрлі түстен басқа ешқандай сурет салынбаған 4 марка Джордж Флойдтың қайтыс болуына 1 жыл толғанына байланысты шығарылған еді. Идея авторларының айтуынша, мұндай хаттар жан-жаққа нәсілдік теңсіздікке қарсы пиғылмен жолданып отыратын көрінеді. Бірақ даудың басы ашық түсті марканың ең қою түрінен 1 еуроға қымбат бағалануынан басталып отыр. Сыншылар ойсыз бекітілген құн бүкіл сенімді быт-шыт қылдыға балайды. Антирасистік ұйым өкілдері поштаның бұл бастамасы нәсілдік теңсіздікке назар аударғысы келгенмен, нақты идеяға келгенде әлі де ойлану керектігін айтады. «Испанияда жағдайды тым күрделі деп…
СaspianLife, 31 мамыр — Канадалықтар адам шошырлық жағдайға тап болды. Бірнеше жыл бұрын үндістерге арналған мектеп маңынан 215 баланың мәйіті табылды. Жергілікті үндіс тайпаларының бірі ұйытқы болып, Британ Колумбиясы провинциясында орналасқан Камлупс қаласы маңында жер астынан кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектердің сүйегі шығарылған еді. Соған байланысты Ванкувер қаласында белсенділер мұражай алдына балалардың 200 сыңар аяқкиімін қойып, шеру ұйымдастырды. «Біз сіздерді осы балалар үшін дұға етуге шақырамыз. Олар келместің кемесіне мініп, екінші жаққа сапар шегіп кетті. Онда тған-туыстары мен ат-бабалары күтіп алды деп ойлаймыз», — дейді акцияға қатысушылардың бірі. Бұл оқу ордасы 1890 және 1969 жылдар аралығында қызмет еткен. Мектеп-интернатқа әкелінген үндіс…
СaspianLife, 31 мамыр — 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өзінің басына оқ атып қаза тапты. Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады. «29 мамырда бекетте қызметте отырған, 3477 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Ілияс Мұратұлы Айдосов бекітілген қарудан басына оқ атып, оқиға орнында көз жұмды», — деді баспасөз қызметі. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп, қызметтік тергеу тағайындалғаны белгілі. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. «Ұлттық ұланның» Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — деп хабарлады баспасөз қызметі. Айта кету керек, 3477 әскери бөлімі Өскеменде орналасқан.
