CaspianLife, 4 маусым — Түркия Қара теңізден жаңа табиғи газ кен орындарын тапты. Амасра-1 теңіз ұңғымасынан алынған алғашқы мәліметтер жаңа кен орнында айтарлықтай газ қоры бар екенін көрсетті. Ел билігі өткен жылы түрік геологтары Туна-1 көрші ұңғымасынан 405 миллиард текше метр газ тапқанына қарамастан, Қара теңіздегі жаңа ашық кен орындарының ешқайсысына аудит жүргізбеген көрінеді. Агенттік дереккөздерінің айтуынша, жаңа кен орнын ТРАО мемлекеттік мұнай компаниясы игеруді жоспарлап отыр. Ішкі өндіріс елдегі газға деген сұранысты 60 пайызға, 2030 жылға қарай жылына 80 миллиард текше метрге дейін арттырады деп күтілуде. Жаңа кен орындарын ашу Түркияға арзан газды импорттауға және орташа жылдық электр энергиясын шамамен…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 4 маусым — Қазақстандықтарды жұмысқа қабылдау кезінде тапсыратын қағаз анықтамалардан босатады. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдегендей, елде қажетті құжаттарды жұмыс берушіге қашықтықтан жіберетін жаңа қызмет түрі сынақтан өткізілуде. «Азаматтарға да, кәсіпке де қатысты процестер бар. Атап айтсақ, жұмысқа қабылдау. Халыққа анықтамалар бірнеше рет беріледі, оларды алу үшін адамдар ХҚКО-ға немесе электрондық үкімет порталына келеді. Себебі, бизнес-құрылымдар сотталмағандығы туралы анықтаманы, психонаркобақылау анықтамасын, мекенжайды растауды талап етеді. Қазір біз сол қағаз анықтамадан құтқаратын қызметті сынақтан өткізіп жатырмыз. Жыл соңына дейін қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз, сол арқылы адамдар анықтамаларды тасып жүруден құтылады», — деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі…
CaspianLife, 3 маусым — Поляк депутаты Мәскеумен арадағы жанжалдың шиеленісуіне байланысты елді әскери салаға дайындауды ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Сеймнің халықаралық істер комитеті төрағасының орынбасары Аркадиуш Мулярчик «Интериа» басылымына берген сұхбатында Ресейдің «Польшаның күшін сынау» әрекеті туралы айтты. Әңгіме «Ашық Ресейдің» экс-басшысы Андрей Пивоваровтың ұсталғаны туралы жаңалықтардан кейін болды. Ол белгілі бір ұйымның қызметіне қатысқаны үшін қылмыстық іс бойынша айыпталып отыр. Муларчик Ресейде «халықаралық тәртіптің кедергілерін жою» үшін «Варшавамен қарама-қайшылықтар күшейіп келеді» деп санайды. Поляктар өздерінің барынша соғысқа дайын екенін көрсетеді, дейді саясаткер. «Біз бұл ситуацияға реакция білдіруіміз керек, қарулануымыз керек, армияның әлеуетін арттыруымыз керек. Бұл негізгі қағида.…
CaspianLife, 3 маусым — Қоғамдық орындарға бару үшін қазақстандықтар енді Ashyq сервисін тікелей Kaspi.kz қосымшасында пайдалана алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин онлайн-брифинг барысында хабарлады. «Бүгін Ashyq сервисі Kaspi.kz. клиенттеріне де қол жетімді. Біз ел халқы алдындағы жауапкершілігімізді түсінеміз және бизнесті қорғауға, сондай-ақ қазақстандықтар арасында вирустың таралуына жол бермеуге бар күшімізді саламыз», — деді министр. Дәл қазіргі сәтте сервисті екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан көрінеді. Қосымшада Ashyq қызметін пайдалану үшін Kaspi QR бөліміне кіріп, мекемеге кіре берісте орнатылған QR-кодты сканерлеу қажет. Содан кейін экранда пайдаланушы мәртебесі пайда болады: Бейтарап-ПТР сынағы…
CaspianLife, 3 маусым — Қостанай облысы Меңдіқара ауданының білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгінісов жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілініп, тергеу жұмыстары басталған болатын. Оның зейнеткерлікке шығуына 3 жылдай уақыт қалған болатын. Өз – өзіне қол жұмсар алдында, 2 апта бойы үй қамауында отырған. Қайғылы оқиға 2 маусым күні Боровской ауылында болды. Жұбайы Қостанайға кетіп қалып Жүгінісов үйде жалғыз қалыпты. Сәрсенбі күні кешке туыстары оның денесін үйінен тапқан. Меңдіқара ауданының білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Жанайдаров Қалыбек Жүгінісовты Қызылорда облысының Арал қаласында дүниеге келгенін айтты. Ол Қостанай облысына 2015 жылы келіп, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Үш жыл бұрын…
CaspianLife, 3 маусым — Атырауда жыл басынан бастап қалалық полиция басқармасына балалардың жоғалғаны туралы 25 хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшыларының шұғыл әрекет етуінің арқасында барлық бала тірі табылды. Олардың бәрі кәмелет жасқа толмаған. «Көбінесе балалар немесе жасөспірімдер ата-аналарына ескертусіз үйден кетеді. Кейбіреулері өзенге барады, ата-аналарының қарауынсыз шомылады. Сонымен қатар, жасөспірімдердің жиі серуендеуі және ата-аналардың полицияға дер кезінде хабар бермеуіның соңы қайғылы оқиғаға әкеп соғады. Тағы бір мәселе, жасөспірімдер мен ата-аналар бір-бірін түсінбей өзара туындаған ұрыс кезінде бала жиі үйден кетіп қалып жатады. Ата-аналарға балаларының қауіпсіздігіне аса мән беру керектігін ескертеміз. Балаларыңызға түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз тыс жерде болуға, үйде жалғыз…
CaspianLife, 3 маусым — Педофилдік әрекеті үшін сотталған 32 адам жыл соңына дейін бостандыққа шығады. Оларға қатысты химиялық кастрация қолданылмайды. Себебі, олардың бәрі елде Заңға тиісті түзетулер енгізгенге дейін сотталған. Құқық қорғаушылар мен психологтар Қазақстанда осы санаттағы қылмыскерлер босатылғаннан кейін оларды бақылау немесе олармен жұмыс істеу бойынша бағдарлама әлі жоқ деп дабыл қағуда. Тек өткен жылдың өзінде Қазақстанда, Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетінің деректері бойынша, баланың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы 300-ден астам қылмыс тіркелген. Бұл тек белгілі болған фактілер. Көп жағдайда ата-аналар жариялаудан қорқып, болған жағдайды мәлімдемейді. Психологтарға да сирек жүгінеді. ІІМ айтуынша, 80% педофил, отбасы мүшелері немесе соларға жақын адамдар…
CaspianLife, 3 маусым — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) және Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) TAZALYQ жобасын қаржыландыру мақсатында 80 млн.доллар болатын келісімге қол қойды. АМӨЗ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қол қою Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ECOJER» — » Тұрақты болашақты қалыптастыр!» атты халықаралық конгресс аясында жүзеге асырылған. TAZALYQ жобасы АМӨЗ ағынды суларын тазарту құрылыстарын жаңғыртуды, сондай-ақ ауданы 860 гектар болатын булану алаңдарын рекультивациялауды көздейді. Одан бөлек, жоба шеңберінде қолданыстағы ашық бұру арнасының орнына АМӨЗ сарқынды суларын тазарту құрылыстарына беруге арналған ұзындығы 3,5 км жаңа құбыр салу жоспарлануда. Жобаға сәйкес, Кәсіпорында пайда болған ағынды сулар жаңа механикалық, содан кейін қолданыстағы…
CaspianLife, 3 маусым — Атырау қаласында Баймұханов көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде ересектердің қарауынсыз қалған алты жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 2 маусымға қараған түні болған. 33 жастағы тұрғын баласымен серуендеп болып, таксимен үйіне кеш оралған. Анасы ұйқылы-ояу баласын үйге кіргізіп, көлікте қалған заттарын алып келуге шығып кеткен. Үйге қайта оралғанда баласының терезеден құлап бара жатқанын көрген. Бақытқа орай, бала аман қалды, түрлі жарақаттармен Атырау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. «Бұл жыл басынан бері тіркелген балалардың терезеден құлауының алтыншы жағдайы. Атырау қалалық полиция басқармасының алдын алу шаралары мен ескертулеріне қарамастан, мұндай…
CaspianLife, 2 маусым — Шри-Ланка өз тарихындағы ең ірі экологиялық апатты бастан кешіруде. Жүктасығыш кемеде болған өрттің кесірінен жағалаулар мен суға зиянды қалдықтар төгіліп, елді әбігерге салған. 25 тонна азот қышқылы, натрий гидроксиді және одан да басқа қауіпті химикаттар тиеген су көлігінде пластик дорба дайындауға арналған 28 контейнер толы шикізаттың болғаны да анықталып отыр. Соның кесірінен теңіздегі мақұлықтар қырылып жатыр. Жергілікті халықты қалдықтарға жақындамауға шақыруда. Өйткені, қай-қайсысы да өте улы болу мүмкін. Сонымен қатар, апат болған жерден 50 миль қашықтықта балық аулауға мүлде тыйым салынды. Қазіргі уақытта тазалау жұмыстарына мың шақты әскери қызметкер тартылған. Жүк кемесі Үндістаннан шығып, Сингапурға барар…
