Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 7 маусым — Атырау-Астрахань бағытындағы әбден күйі кеткен тас жолмен қатынап, ығыр болған тұрғындар екі ортаға теміржол қатынасын қосуды талап етуде.  Сәуір айында тиісті басқарма басшылары Атырау-Аққыстау-Дина Нұрпейісова бағытында облысішілік теміржол қатынасын бекіту туралы шешімді депутаттардың қарауына ұсынған. Бірақ, әлі бір нәтиже шықпаған. Ал, Құрманғазы мен Исатай ауданы тұрғындарының екі ортада таксимен жүргеннен басқа амалы жоқ. Көлік жүргізушілері оның да бағасын көтеріп жіберген. «Атырау-Құрманғазы тас жолының жағдайын көріп тұрсыздар. Жолдың жағдайы өте нашар. Пойыз шығады деп айтылды. Сессия болды, депутаттар сөз сөйледі. Теміржолдың басшылары да сөйледі. Бірақ ешқандайда қозғалыс жоқ. Демалыс күндері, мереке күндері таксистер бағаны қымбаттатып жібереді», -…

Read More

CaspianLife, 7 маусым — Қазақстанда несие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым салатын қызмет түрі енгізілуі мүмкін. Бұл қызмет біреудің атын пайдаланып несие алатын алаяқтарға тосқауыл бола алады. «Агенттік азаматтардың қарыз алуға «ерікті түрде тыйым салу» құқығын іске асыру мүмкіндігін қолдайды. Келісілген ұстанымды әзірлеу үшін Агенттік Ұлттық Банкі, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» және кредиттік ұйымдармен бірлесіп кеңес өткізді, оның барысында қатысушылар ұсынылған стратегияны қолдады», – делінген Қазақстан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Айгүл Құспанның депутаттық сауалына берген жауабында. Бұл механизмді енгізу үшін азаматтың өзі жазбаша тыйымды басқара алатындай процесті толық реттеу қажет болады. Өйткені, оның өмірлік жағдайы өзгеруі мүмкін немесе басқа себептер…

Read More

CaspianLife, 7 маусым — Жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған Эмирге бір миллиард теңге тұратын екпе салынды. Қаражат қамқор адамдардың көмегімен жиналды. Бұл туралы Эмирдің ата-анасы Сабина Дәулетқалиева мен Талех Шахмаров әлеуметтік желілерде хабарлады. Баласына қойылған диагноз бойынша дәрігерлер оларға бала екі жасқа толғанға дейін «Золгенсма» инъекциясын алу керек деп айтқан. Аталған препарат миллиард теңге тұрады. Бұл қаражатты халықтың, жанашыр жандардың көмегімен жинаймыз деген мақсатта арнайы парақша мен шот ашылған болатын. Наурыз айының соңында ақша жинау тоқтатылды. Себебі, қажетті сомадағы қаражат түгел жиналған. «Күтудің өзі ұзаққа созылды және сол уақыт аралығы біз үшін оңайға соқпады. Біз соңына дейін үмітімізді үзбедік және…

Read More

CaspianLife, 7 маусым — Өзін-өзі оқшаулау режимін қасақана бұзған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік жүктеледі. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен КВИ-мен ауыратын науқастар мен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелер бекітілгенін хабарлайды. Осы талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жаза көзделген. Ереже 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғандар «Ashyq» ақпараттық платформасы арқылы анықталады. Осылайша, бұл жүйелер «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық нысандарға барған кезде «қызыл» мәртебесі бар адамдарды тіркеу фактісін растау болып табылады. Яғни, карантиндегі науқас адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы ӘҚБтК-нің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және…

Read More

CaspianLife, 4 маусым — Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында түйіршіктелген күкірт өндіретін зауыт жұмыс істей бастады. Бұл туралы «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Таратылған баспасөз хабарламасында жаңа зауыт объектілерде өндірілетін барлық сұйық күкіртті қайта өңдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні айтылған. ТШО мәлімдегендей, бұл өз кезегінде экологиялық қауіпсіздікті арттырып, өндірістік тәуекелдерді азайтады. Сондай-ақ, ай сайынғы өндірістік қуаты 40 мың тонна күкіртті құрайтын жаңа зауыт басқа қондырғылар жұмыс істемей тұрған кезде өндірістің қажетті деңгейін сақтауға мүмкіндік береді. «ТШО күкіртін басқару жоспары аясында, сондай-ақ жергілікті компаниялардың мүмкіндіктерін дамыту мақсатында біздің команда күкіртті қайта өңдеу қуатын кеңейткен жобаны іске асырды», -…

Read More

CaspianLife, 4 маусым — «Самұрық — Қазына» ұлттық әл—ауқат қоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы (ҚМГ) және «СИБУР Холдинг» жария акционерлік қоғамы (СИБУР) Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу жобасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі шарттарына қол қойды (бірінші фаза-полипропилен өндірісі, екінші фаза-полиэтилен өндірісі). Бұл туралы бүгін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Іс-шара Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумы аясында өтті. Құжатқа сәйкес, тараптар СИБУР-дың іске асырылып жатқан интеграцияланған газ-химиялық кешен құрылысының жобасына қатысу мүмкіндігін қарастырады. Серіктестер 2021 жылдың соңына дейін СИБУР-дың экономикалық тиімділігін зерттеу нәтижелері бойынша жобаға бірлесіп қатысу туралы шешім қабылдайды деп күтілуде. «ҚазМұнайГаз» Басқармасының Төрағасы Алик Айдарбаев мәлімдегендей, СИБУР-ға қатысты жобаға кіру…

Read More

CaspianLife, 4 маусым — АҚШ-тың Флорида штатында генетикалық түрлендірілген масалар қоршаған ортаға шығарылды. Мұндай экспериментке Aedes aegypti тасымалдаушы масалардың белсенділігінің артуы себеп болыр отыр. Олар адамды шаққан жағдайда денге және чикунгуния безгегін тудырады, егер уақтылы емделмесе, науқас шок пен қан кету жағдайына дейін жетуі мүмкін. Экспериментке арналған жәндіктерді бұған дейін Бразилия, Кайман аралдары, Панама және Малайзия сияқты елдерде осындай жобаны жүзеге асырған британдық Oxitec компаниясы ұсынды. Осы елдердегі тәжірибеден кейін тасымалдаушы масалардың саны 90 пайызға азайған. Модификацияланған масалардың шығарылуы пестицидтерді қолданбай-ақ популяцияны бақылауға мүмкіндік беретінін атап өту керек. Штат билігі зиянкестермен күресуге жыл сайын 1 миллион доллар (430 миллион теңге) бөлетін…

Read More

CaspianLife, 4 маусым — Токио жазғы ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Қиыр Шығысқа аттанатын ресейлік спортшылар коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін дайындықтарын Владивосток, Улан-Удэ, Комсомольск және Хабаровск қалаларында өткізбек. Көрші елдің спорт министрі Олег Матыцин Петербургта өткен халықаралық экономикалық форумда спортшыларының басындағы оқшаулану мен олимпиадада өз жанкүйерлерінің болмауы сияқты қиындықтар туралы айтты. «Жағдайды жүйелендіру қиын боп жатыр. Құрама командаларымыздың көп бөлігі жаттығуын Қиыр шығыстағы федеральды округте өткізбек. Климаттық жағдай, уақыт белдеуі дегендер салыстырмалы түрде Токиоға көбірек ұқсас. Бірақ әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерге келгенде спортшыларымыздың күйзеліске шыдай алатын қасиетіне сенім артпақпыз», — дейді Ресей спорт министрі Олег Матыцин. Мойындау керек, басқа қатысушыларға қарағанда…

Read More

CaspianLife, 4 маусым — АҚШ барлау агенттіктері америкалық әскери-теңіз күштерінің ұшқыштары байқаған атмосфералық құбылыстардың адам қолынан шыққан бөтен ғарыш кемелерімен байланысы бар екенін дәлелдей алмады. «The New York Times» басылымының деректеріне сәйкес, арнайы қызметтердің материалдарында соңғы 20 жылда болған 120-ға жуық оқиға қаралған. Бұл құбылыстардың АҚШ армиясына тиесілі технологияға қатысы жоқ екені атап өтілді. Бұл ұшқыштардың Үкіметтің құпия бағдарламаларына қатысы бар ұшақтарды көрді деген мәліметті жоққа шығарады. «Үкімет зерттеліп жатқан құбылыстар бөтен кемелердің болуы мүмкін деген теорияны толығымен жоққа шығармауы керек», делінген әкімшіліктің жоғары лауазымды тұлғаларының хабарламасында. Сондай-ақ, Пентагон беймәлім ұшатын нысандар туралы есебін көпшілікке ресми түрде жариялайтынын хабарлаған-ды.

Read More

CaspianLife, 4 маусым — Қырғыз-тәжік шекарасының бір бөлігінде жағдай қайта ушығып тұр. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасап. Тәжікстан 4 маусымда сағат 03.00-де Қырғызстан аумағына, Чон-Алай ауданының Унжу-Бұлақ елді мекенінде контейнер орната бастағаны хабарланды. Сосын сағат 06.00-де тәжікстандықтар өздері орнатқан контейнерден 600 метрге аулақ кеткен. «Тәжік тарапынан әскери қызметшілердің жеке құрамының автомобиль және жеңіл құрышпен қапталған техникамен жиналғаны байқалады. ҰҚК Шекара қызметі жанжалдың ушығуына жол бермеу мақсатында барлық шараны қабылдайды. Алайда Тәжіктстан шекара өкілдері телефон қоңырауларына жауап бермей жатыр. Қырғыз-тәжік шекара учаскесінде орналасқан Қырғыз Республикасының Шекара қызметі бөлімшелері қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшті», — деп хабарлады…

Read More