Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 8 маусым — Ақтөбе облысында бұршақтың астында қалған ұсақ мал қырылуда. Тоқтаусыз жауған жауын-шашынның кесірінен қой-ешкі тұра алмай қалған. Мал дәрігерлері төрт түлікке суық өткен деп отыр.  Шалқар ауданындағы екі ауылда 100-ге жуық ұсақ мал бұршақтан кейін пышаққа түсіпті. Оған себеп, жайылымда жүрген ұсақ мал тоқтаусыз жауған жауынды көтере алмапты. Тұрғындар жинап үлгерген қой-ешкіні ауылға жеткізіп, тірі қалғанын бауыздап алыпты. Мамандардың айтуынша қой-ешкі суықтан тұра алмай қырылып қалған. Өйткені, тұрғындар оларды қырықтыққа ерте салған. «Жүнін әзір қырықпағанда аман қалар еді», дейді ветеринарлар.

Read More

CaspianLife, 8 маусым — Атырау облысында сарматтар дәуіріне тән қорымда қазба жұмыстарын жүргізген археологтар үлкен олжаға кенелді. Олар 3 сармат жауынгерінің сүйегін тауыпты. Қазба жұмыстары Қызылқоға ауданының Мұқыр елдімекеніндегі Қарақұдық қорымында жүргізілген. Бір қорғанда 3 адамның жерленуі археологияда сирек кездесетін жағдай, дейді мамандар. Енді табылған сүйектерге антропологиялық зерттеу жүргізілетін болады. Қазба жұмыстары кезінде жебелер, найза, қылыш және тас қайрақ пен қыш құмыра да табылған. «Қарақұдық қорғандар тобы 2012 жылы археологиялық барлау-зерттеу жұмыстары кезінде анықталған болатын. Қарақұдық қорғандар тобы сармат дәуірінің тарихи ескерткіштері болып есептеледі. Археологиялық зерттеу жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Екінші кезеңді халықаралық экспедиция шеңберінде өткіземіз деп жоспарлап отырмыз», -…

Read More

CaspianLife, 7 маусым — Алексей Шпилевский «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті. Ол бұл қызметте 2,5 жыл жұмыс істеген.  Ол «Эрцгебирге» футбол клубына шақырту алып, жаңа қызметке тағайындалған. «Қайрат» ФК мерзімінен бұрын келісімшартты үзген бапкері үшін өтемақы алады. Әзірге бас бапкердің міндетін атқарушы болып биылғы маусымда «Қайрат-Жастар» командасын басқарған қазақстандық Кирилл Кекер тағайындалды. «Қайрат» ФК Алексей Николаевич Шпилевскийге атқарған жұмысы және бірге қол жеткізген жетістіктері үшін алғыс білдіреді! Жаттықтырушы мансабында табыс және жаңа жеңістер тілейміз!», — делінген клуб хабарламасында. Шпилевскийдің неміс клубына кетуі туралы қауесет бірер күн бұрын пайда болды. 33 жастағы маман «Қайратқа» 2018 жылдың қарашасында келген, ал…

Read More

CaspianLife, 7 маусым — Испанияда жол төсеу барысында ерекше әдіс қолданылып жатыр. Валенсияға жақын жерде жаңа технология қолға алынып, құрылыс саласы тың идеямен толықты. Қысқасы, «Acciona» мердігер компаниясы цементтің орнына қағаздан қалған күлді пайдалануда. Бұл қоспа жабындының сапасын арттырмаса, еш кемітпейтін көрінеді. «Жол салу үшін бізге ең мықты материалдар керек. Әдетте біз цемент қолданушы едік. Ал қағаз күлінің оған барлық жағынан ұқсап қана қоймай, артықшылығы бар екенін ескерген жөн. Ол – экологиялық таза өнім! Өзіміздің есептеуімізше, көміртек қостотығын 65-75 пайызға дейін азайтамыз. Ал көлемін ұлғайтқан сайын цементті де 18 мың тоннаға дейін үнемдемекпіз», — дейді мердігер компания өкілі Хуан Хосе…

Read More

CaspianLife, 7 маусым — Босниядағы Коньевич Поле елдімекенінде орналасқан шіркеу бұзылып тынды. Осылайша, жергілікті тұрғынның 20 жылдан бергі мақсаты орындалды. Ислам дінін ұстанатын Фата Орлович 90 жылдары соғыс басталған кезде туған ауылынан бас сауғалай қашыпты. Ал ол қос ғасыр тоғысқан тұста қайта оралғанда өзінің ауласында православ шіркеуі орналасқанын көрген. «Мен ақыры дегеніме жеттім. Бірақ ол үлкен күшпен келді. Осы аралықта 23 рет ауруханаға жатып шықтым, бәрінде аман-сау қалдым. Бастысы, өз меншігімді өзіме қайтардым», — дейді Фата Орлович. Сребреницадан әудем жерде орналасқан Коньевич Поле ауылына бір кездері мұсылмандар қашып тығылған. Дәл сол жерде Фатаның күйеуі мен тамыр-таныстары да қаза тапқан еді. Фатаның…

Read More

CaspianLife, 7 маусым — Беларусь оппозициясының өкілдері Польшамен арадағы кедендік бақылау пунктінде наразылық ұйымдастырды. Былтыр Лукашенко билігі белгілі бір себептер болмаса, азаматтардың басқа елге өту мүмкіндігін жойған еді. Тек қызмет бабымен және емделу, жаназа секілді жағдайларға рұқсат етілді. Жиналғандар Еуропаны Беларусь жеріндегі адам құқықтары мен сөз бостандығына назар аударуға шақырды. Олар әлі де бірнеше күн тұруға дайын екендерін жеткізді. Наразы топ елден шыға алмаудың артында президенттің тұрғанын айтады. «Саяси жүйенің қаталдығы сонша, халықты қыспаққа алу күшейді. Үреймен өмір сүріп келген көпшілік басқа елдерге кеткісі келеді. Бірақ мүмкін емес. Біз осы тұрысымыз шекараның ашылуына түрткі болады деген сенімдеміз», — дейді екі…

Read More

CaspianLife, 7 маусым — Будапешт қаласының мыңдаған тұрғыны ел астанасында салынатын қытайлық жоғары оқу орнының құрылысына наразылық білдіріп, көшеге шықты. Жоспар бойынша жақын арада Шанхайлық Фудань университетінің филиалы ашылуы тиіс. Бір қызығы, Қытай компартиясының толық бақылауында болатын оқу ордасына жергілікті салық төлеушілердің ақшасы жұмсалмақ. Бір сөзбен айтқанда, бұл – азиялық алпауыт мемлекеттің көңілінен шығу. Өйткені, Бейжіңнен бір жарым миллиард доллар қарыз алған билігіне мажар халқы қалай өкпелесе де, жарасқандай еді. Наразы болғандардың басы-қасында Будапешттің мэрі де жүр. Жалпы, жұрт оны келесі сайлауда қазіргі премьер-министр Виктор Орбанға негізгі қарсылас атануы мүмкін саясаткерлердің бірі ретінде таниды. «Біз мына жобаны тоқтатамыз. Билік белгілі…

Read More

CaspianLife, 7 маусым — Атырау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері қылмыстық істі қолдан құрастырып, немқұрайлыққа жол берді деп айыпталып жатыр. Бұл туралы 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, мемлекетке 268 миллион теңге төлеуге міндеттелген атыраулық Вадим Кимнің қорғаушысы Талғат Мұқатанов мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, 2019 жылдың маусым айында шекарадан темекі өнімдерін заңсыз өткізбек болған жүк көлігінің жүргізушісі ұсталған. Ал жүк көлігі жолдың бойындағы кемпингтердің біріне қойылады. Тергеу жұмыстарын аталған департаменттің қызметкерлері жүргізген. Арада 4 ай өткен соң көлік те, ондағы тауар да із-түссіз жоғалған. Сотталушының адвокатының айтуынша, тергеу кезінде бірқатар заңбұзушылықтарға жол беріліпті. «Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жүкті жоғалтып алған. Сосын…

Read More

CaspianLife, 7 маусым — Францияның монополияға қарсы реттеушісі Google компаниясына 220 миллион еуро айыппұл салды. Бұл туралы қызметтің ресми хабарламасында айтылған.  «Монополияға қарсы орган Google-ге онлайн — жарнама секторында өз қызметтерін ілгерілеткені үшін 220 миллион еуро көлемінде санкция салады», — деп хабарлады монополияға қарсы орган. Market Watch агенттігінің хабарлауынша, Google-ге ие америкалық Alphabet холдингін капиталдандыру 16 айда алғаш рет Amazon онлайн-сатушысының құнынан асып түскен. Жұма күнгі сауда-саттықтың нәтижелері бойынша Alphabet-тің капитализациясы 1,622 трлн долларды құрады, ал Amazon құны 1,616 трлн долларды құраған. Alphabet акциялары жұмада шамамен 2 пайызға өсіп, жыл басынан бері компания құжаттары 36,6 пайызға қымбаттаған. Ал Amazon акциялары…

Read More

CaspianLife, 7 маусым — Алматы облысының Іле ауданында 3,5 жыл бұрын бес адам қаза тапқан Ан-28 ұшағының апатына қатысты іс бойынша сот аяқталды. East Wing авиакомпаниясының басшысы Василий Масалитин ақталды. Алайда сарапшылар ұшақтың белгісіз ұшу аппаратымен соқтығысқанын анықтаған. Виталий Масалитиге «абайсызда адамдардың өліміне әкеп соқтырған қозғалыс қауіпсіздігі немесе әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзды» және «басқаруға құқығы жоқ тұлғаға әуе кемесін басқаруға рұқсат берді» деген айып тағылған болатын. Сотта ол кінәсін мойындамады. «Сотқа дейінгі тергеу барысында сот сарапшыларының қорытындыларындағы қарама-қайшылықтарға байланысты сот талқылауының жан-жақтылығы мен объективтілігі мақсатында кешенді сараптама (медициналық-криминалистикалық, сот-медициналық, көлік-трасологиялық, заттар мен бұйымдардың жарылыс-техникалық материалдары) тағайындалды. Сарапшылардың пікірінше, «ұшақ…

Read More