Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 10 маусым — Мәжіліс депутаттары жер қатынастарын дамыту мәселелері жөніндегі заңға түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады.  Заң жобасына сәйкес қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейінгі мерзімге  жалға алуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, оларда жалға алуды жаңа мерзімге ұзарту құқығы болады. «Бұдан басқа, заң жобасында жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау күшейтіледі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге сатып алынбаған жерді пайдалану құқығын иеліктен шығару мүмкіндігі көзделеді, жергілікті халықтың мұқтажы үшін жайылымдық жерлердің аумақтары айқындалады, сондай – ақ жер заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған басқа да нормалар енгізіледі», — деп атап өтті Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің хатшысы Берік Оспанов. Сонымен бірге,…

Read More

CaspianLife, 10 маусым — KazSat-2 геостационарлық спутнигінің пайдалану мерзімі аяқталуына байланысты 2024 жылы Қазақстан оны алмастыруға  58 миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Осылайша интернеттің жылдамдығы 200 мегабит/с-қа дейін артады деп мәлімдеді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәжілістің жалпы отырысында. Мусин қазір интернеттің жылдамдығы 10 мегабит/С екенін еске салды. «Іс жүзінде KazSat-2 және KazSat-3 жүктемелері 75% болып отыр. Біз бүгінде ғарыш саласындағы технологияларды ауыстыру қаншалықты қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. KazSat-2 және KazSat-3 геостационарлық спутниктер болып табылады, олар интернетпен қамтамасыз етеді. Бірақ бұл интернеттің жылдамдығы секундына 10 мегабит. Ал біз, қазір, жалпы технологиялардың дамығанына және 2019 жылға…

Read More

CaspianLife, 10 маусым — Полиция қызметкерлері Өзбекстанның Ангрен қаласындағы ондаған тұрғынның сақалын мәжбүрлеп қырғызған. Жергілікті БАҚ-тың мәлімдеуінше, Өзбекстандық полиция сақал өсіретін ер адамдарға тиісе бастаған. «Мені 7 маусымда полиция бөлімшесіне шақырып, сақалымды қыруды бұйырды. Бөлімшеде тағы он шақты ер адам болды. Сақалымызды өз еркімізбен алмасақ, күштеп қырып тастайтындарын ескертті. Олар бізді сақалмен кейін алып тастаған соң екі рет суретке түсіріп алды», — деді Ангрен қаласы тұрғындарының бірі. Оның сөзінше, полиция бөлімшесінде сақалын қыруға мәжбүр болған еркектердің бәрі намаз оқиды. Олар «полицейлерден сақал өсіруге болмайды» деген заңды көрсетуді талап еткен көрінеді. Полиция бөлімшесіндегілер болса «Сендердің сақалдарың басқа еркектердің сақалына ұқсамайды. Сақалды…

Read More

CaspianLife, 10 маусым — Шетелдік азамат ХҚКО-ға Атырауда уақытша тұруға рұқсат қағазын алуға келгенде  ұсталған. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау қаласы Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтап, ұстаған. «Ол Атырау қаласында уақытша тұру рұқсатын алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына келген. Оның құжаттарын тексеру барысында көші — қон полициясы азаматтың халықаралық іздеуде екенін анықтады», — деді полиция департаментінің баспасөз қызметі. Өзбекстанның 32 жастағы азаматы Мордовия Республикасында Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 291-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Бір жыл бұрын Ресейдің құқық қорғау органдары оған халықаралық іздеу жариялаған. Қазіргі уақытта оған Атыраудан…

Read More

CaspianLife, 10 маусым — Бұл туралы әлеуметтік желілерде танымал қазақстандық экобелсенді Сәкен Ділдахмет жазды. Оның айтуынша, өлі барыстың бейнесі кеше, 9 маусымда пайда болған. «Бұл аймақтағы екінші жағдай. Бұрын, 2015 жылы Жаңаөзенде жергілікті тұрғындар қолынан өлген леопард табылған болатын. Одан кейін 2018 жылы тағы бір Барыстың Үстірт қорығына кіру фактісі тіркелді. 2021 жылы Барыс (алдыңғы азиялық түр) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді. Өкінішке орай, бұл Маңғыстау облысындағы екінші факт. Егер аң адамның қолынан қаза тапқан болса, онда құқық қорғау органдары кінәлі адамның жеке басын анықтау үшін барлық шараларды қабылдауы керек», — деп жазады Сәкен Ділдахмет өз парақшасында. Бұл жағдайға байланысты ҚР…

Read More

CaspianLife, 9 маусым — Маңғыстауда «Ралли Қазақстан» автожарысы басталды. Оған Катар, Франция, Сауд Арабия, Германия, Чехия, Аргентина, Италия, Польша , Англия сияқты алпауыт мемлекеттерден келген 100-ден аса спортшы немесе 44 экипаж қатысып, «Әлем кубогы» үшін бақ сынайды. Осы жарысқа 45 рет қатысқан польшалық Рафал Соник Қазақстанға келгеніне қуанышты. Ол бұған дейінгі жарыстарда 9 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде иеленген. «Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Мен мұнда өз елімде жүргендей сезінемін. Өйткені тамақтануға барған мейрамханада Польшадан келген өнімдерді көріп, екі ел арасында байланыс бар екенін байқадым. Адамдарының да жүзі жылы. Былтыр әлемдік пандемия кесірінен жарыс өтпей қалып еді. Содан кейін…

Read More

CaspianLife, 9 маусым — Атырауда қой бағасы былтырғымен салыстырғанда бір жарым есеге өскен. Қазіргі кезде мал базарларында марқалар 40-45 мың теңгеге саудаланса, ірі қойлар жүз мың теңгеге дейін жеткен. Бұл әрине, қызылсырап, базар жағалайтындарды қуантатын жағдай емес. Сатушылар бағаның өсуіне жем-шөптің қымбаттауы себеп болып тұр дегенді айтады. Және ортадағы делдалдар да қымбатқа әкелетін көрінеді. Ал бұлар үстіне 3-4 мың теңге ғана қосып сатады-мыс. ал базарындағы саудагерлердің сөзіне сенсек, пандемия өршіген тұста сауда тоқтап қалған. Кейін жағдай қалыпқа түсе бастағанда, баға көтеріліп сала берген. Бірақ әкімдіктегілер мұны жылдағы жағдай деп түсіндіреді. Яғни, мал төлдер уақытта басталған қымбатшылық 3-4 айдан кейін қайта…

Read More

CaspianLife, 9 маусым — 130 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін 7-11 маусым аралығында өткізілетін «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы екі күнінде анықтаған. «Екі күннің нәтижесі бойынша 130 автобус жүргізішісіне қатысты құқық бұзушылықтар анықталып отыр. Оның ішінде бір автобус жүргізушісі автокөлікті мас күйінде жүргізгені анықталды. Одан басқа жылдамдықты асыру, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту, жол таңбаларының ережесін бұзу секілді қауіпсіздіктер сақталмаған», — дейді Атырау облысы ПД ЖПқБ бастығының орынбасары Мырзалы Өтеғалиев.  Қала тұрғындары да автобус жүргізушілерінің жол ережесін сақтамайтынына наразы. Қоғамдық көліктердің бір-бірімен жарысуы қалыпты жағдайға айналды дейді олар. Іс-шара барысында 2 автобус айып тұрағына…

Read More

CaspianLife, 9 маусым — АҚШ президенті Джо Байден Беларусь билігіне қарсы санкцияларды бір жылға ұзартты. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады. Байденнің айтуынша, Минск саясаты Беларуссиядағы демократиялық процестер мен институттарға нұқсан келтіреді Вашингтон республикада адам құқықтарының бұзылуы, саяси қуғын-сүргін, адамдарды ұстау және жоғалу, сыбайлас жемқорлық, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін теріс пайдалану және мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалану жағдайлары орын алуда деп мәлімдеді. «Беларусь Үкіметінің белгілі бір өкілдерінің және басқа да тұлғалардың әрекеттері мен саясаты АҚШ — тың Ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына ерекше және төтенше қауіп төндіреді», — делінген АҚШ әкімшілігінің хабарламасында. Бұған дейін АҚШ 3 маусымнан бастап республикадағы адам құқықтары…

Read More

CaspianLife, 9 маусым — «БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші пленарлық отырысында Қазақстан 2022-2024 жылдарға арналған БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің құрамына сайланды», — делінген сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында. ЭКОСОС БҰҰ-ның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметін үйлестіруге жауапты негізгі орган және осы салалардағы өзекті проблемалар бойынша шешімдерді ілгерілетуге арналған орталық алаң болып табылады. СІМ атап өткендей, Қазақстан тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарын тиімді іске асыру және Орталық Азиядағы неғұрлым маңызды гуманитарлық проблемаларды шешу үшін халықаралық қаржы және сауда ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесуге ниетті. ЭКОСОС-қа мүшелік Қазақстанға экономика, әлеуметтік сала және мемлекеттік басқару реформаларын жүзеге асыру үшін табысты әлемдік тәжірибені тартуға да ықпал ететін…

Read More