Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 11 маусым — Қазақстан базарларындағы көкөніс бағасының қымбаттауына жергілікті әкімдіктер кінәлі. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай жағдай жыл сайын қайталанады және оны шешуге тиісті ауыл шаруашылығы министрлігі де қол қусырып қарап отыр деді министр. Ол бұл жағдайдың жақын арада шешілмейтіндігін де айтты. Кей аймақтар тұрақтандыру қорына үміт артып отырса, Атырауда бұл да жоқ. Себебі, облыстық тұрақтандыру қоры 2019 жылы 1500, ал былтыр 605 тонна көкөніс сатып алған. Тұрақтандыру қорындағылар көлемнің екі есе қысқаруын «көкөністердің бұзылып кету қаупі болғандықтан, аз алуға тура келді» деп түсіндіріп отыр. Өкінішке қарай, қазір осындай әрекеттің зардабын халық…

Read More

CaspianLife, 11 маусым — АҚШ географтары бесінші мұхит бар екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Daily Mail басылымы. Дүниежүзілік мұхиттар күнінде National Geographic картографтары мен АҚШ ұлттық географиялық қоғамы Оңтүстік деп аталатын жердегі бесінші мұхиттың бар екенін мойындады. 2021 жылдың 8 маусымынан бастап ұйымдар оны карталарда белгілей бастайды. Ғалымдар Оңтүстік мұхит терминін Антарктиканы қоршап тұрған теңіздерді көрсету үшін бұрыннан қолданып келсе де, бесінші мұхиттың шекараларын белгілейтін халықаралық келісім әлі жоқ. Сарапшылар оны Антарктикаға, әлде, Үнді, Атлант және Тынық мұхиттарының оңтүстік аймақтарына жатқызу дұрыс па деген сұрақты зерттеген. «Оңтүстік мұхитты ғалымдар бұрыннан біледі. Бірақ халықаралық келісім болмағандықтан, біз оны ешқашан ресми түрде…

Read More

CaspianLife, 11 маусым — Маңғыстау облысы соңғы 3 жылда тұрғын үй құрылысы бойынша республикадағы үздік үштіктің қатарына кіреді. Өңірде жеке тұрғын үй құрылысы бойынша да, мемлекеттік бағдарламалар бойынша да құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде. 5 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 9,1% — ға өсіп, 55,5 млрд теңгені құраған.  5 ай ішінде Маңғыстауда 440 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2962 отбасы пәтер сатып алды. «Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 200 отбасыға тұрғын үй сертификаттарын береміз. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1587 пәтер бөлінеді, оның 181 — і көпбалалы отбасыларға беріледі.…

Read More

CaspianLife, 11 маусым — Франция президенті Эммануэль Макронды ұрған Дэмьен Тарель есімді тұрғын төрт айға түрмеге қамалды, — деп хабарлайды РИА Новости. Валанса қаласы сотының шешімі бойынша ер адам дереу жазасын өтеуге аттануы керек. Сонымен қатар, екі жыл ішінде ол жұмыс істеуге немесе оқуға, сондай-ақ психологиялық көмек алуға және жаңа заңбұзушылық жасамауға міндетті. Сот, сонымен қатар, Тарельге бес жыл ішінде қару ұстауға, сол мерзімде мемлекеттік қызметте болуға тыйым салды. Одан бөлек, Франция президентіне шабуыл жасаған адам үш жылға азаматтық құқығынан айырылды. Прокуратура 18 айға қамауға алу жазасын талап етті. Тарельдің қорғаушылары мен прокуратураның үкімге қарсы шығып, оны қайта қаратуға 10…

Read More

CaspianLife, 11 маусым — Соңғы жылдары Маңғыстау облысында байқалған қатты құрғақшылық мал шаруашылығына зиянды әсер етуде. Осы жағдайда мал басын сақтау үшін шаруашылықтарды жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау үшін арнайы штаб құрылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Серікбай Трұмов айтты. Оның айтуынша, Ақтөбе облысының әкімдігімен меморандум жасалыпты. Соның ішінде маңғыстаулық малшыларға қажетті мөлшерде жем-шөп жеткізу және жайылым мен шабындық үшін жер учаскелерін беру туралы келісімге келген. Көрші облыстардан жөнелтілген жем-шөп өңір шаруаларына жеткізіледі. «Маңғыстауда агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беріледі. Ағымдағы жылдың 5 айында ауыл шаруашылығында 5,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 3% — ды құрады.…

Read More

CaspianLife, 11 маусым — Оңтүстік Кореяда ішінде жолаушылары бар автобус құлаған ғимараттың астында қалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Кванжу қаласындағы төтенше жағдай кезінде кем дегенде тоғыз адам құрбан болуы мүмкін, — деп хабарлайды  The Korea Herald басылымы. Желіде жарияланған видео кадрларынан аялдамада тоқтап тұрған автобустың үстіне құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бес қабатты ғимараттың қалай құлап кеткенін көруге болады. Ғимараттың құлауына не себеп болғаны әлі белгісіз. Жұмысшылар үйді сүруге дайындап жатқан және жоғарғы қабатын экскаватормен бұзып қойған. Жұмыс кезінде төменгі қабаттан күдікті дыбыс естіген құрылысшылар қашып үлгерген. Үйінді астынан сегіз адам шығарылған, олар әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Ел президенті Мун…

Read More

CaspianLife, 11 маусым – Ресми хабарламада айтылғандай, өлі барыстың денесінде жарақат іздері жоқ. Бұл туралы бүгін орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады. Бұған дейін хабарланғандай, 9 маусымда Маңғыстау облысында «Манашы» мемлекеттік табиғи қорығының аумағында «Күйкентау» жерінен өлі барыс табылды. Жыртқыш өлген жерге келген мамандар оның денесінде жарақат, қару-жарақтың іздері жоқ екенін анықтады. «Барыстың өлексесін сараптама үшін Атырауға жеткізу жоспарлануда. Қосымша ақпарат сараптама нәтижесі дайын болғанда берілетін болады», — деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті. Өлі барысты жергілікті тұрғындар 9 маусымға қараған түні тапқан. Бұл туралы «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшылығы…

Read More

CaspianLife, 11 маусым — Бүгін Әуезов-Азаттық қиылысындағы Балықшы бағыты бойынша автомобиль қозғалысы ашылды. Жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бірнеше күн бұрын аяқталып отыр. Жолды қайта жөндеу кезінде аталған аумақ айтарлықтай өзгерді. Яғни, бұрынғы айналма жолдың орнына қазір екі қарама-қарсы бағыттағы кең жолақты жол салынды. Қиылыстағы қозғалысты 4 бағдаршам реттейді. Одан бөлек, 4 бағыт бағдаршамға бағынбайтын қосымша жолақтармен қамтамасыз етілген. Бұл құрылыс жұмысы аяқталғаннан кейін және қозғалыс толық көлемде қайта басталған кезде қиылыстағы қозғалысты айтарлықтай жеңілдетеді. Ал тұрғын қалашығындағы (Жилгородок) көпірден АМӨЗ-ге дейінгі бағыттағы жұмыстар әлі жалғасуда.

Read More

CaspianLife, 11 маусым — Кезінде басқа мемлекеттiң аумағында әскери қызмет еткен атыраулық азаматтар мәртебе ала алмай жүр. ҚР Ардагерлер туралы заңына сәйкес, мәртебесі айқындалғандардың қатарында 1992 жылдан 2001 жылға дейін тәжік-ауған шекарасында және өзге де мемлекеттерде қызмет еткендер бар. Бірақ, бұл азаматтардың қолдарына берілген анықтамада «қай елде болғандығы көрсетілгенімен, соғыс іс-қимылдарына қатысқандығы» туралы жазылмапты. Сол себепті бұлар «ардагер» деген атақты да, оған тиесілі әлеуметтік төлемдерді де ала алмай жүр. Бұған наразылық білдіргендер облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент ғимаратының алдына жиылды. Алайда бұрынғы әскерилермен кездесуге ешкім шықпады. «Біз бірнеше сағаттан бері жауапты маманды күтіп тұрмыз. Ең құрығанда бір офицер, бір әскери…

Read More

CaspianLife, 10 маусым — Атырау облысында соңғы бес айда 68 нәресте шетінеген. Ал, бұл көрсеткіш өткен жылы 184-ті көрсетті. Мұны Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Сандарға қарап-ақ, өңірде бала өлімінің азаймай отырғандығын көруге болады. Бұл жағынан Атырау облысы республикада 3-ші орында тұр. Осыған байланысты аймаққа іссапармен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінен құралған мониторингтік топ келді. Құрамында елімізге белгілі профессорлар мен сарапшылар және денсаулық сақтау министрілігінің білікті мамандары бар топ 3 күн бойы өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас неонатологы Нышангүл Божбанбаеваның айтуынша, нәресте өліміне басты себептердің бірі — оның шала туылуы.…

Read More