CaspianLife, 20 желтоқсан — Ресми мәлімдемеде: «Басқа мемлекетте тіркелген көлік құралдарын Қазақстан аумағында пайдалану олардың халықаралық қозғалысқа қатысуы үшін ғана мүмкін», делінген. Бұл Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар ғана шетелде тіркеліп, Қазақстан Республикасы бойынша қозғала алады деген сөз. Қазақстандықтар болса басқа мемлекетте тіркелген автокөліктерді Қазақстан Республикасына тек тіркеу үшін әкеле алады.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 20 желтоқсан — Атырауда 51 жастағы келіншек №1 қалалық емхана филиалының емдеу бөлмесінде екпе алған соң көз жұмған, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 1972 жылы туған әйел 24 қараша күні есту шағымдарымен алдымен осы емдеу мекемесінің отоларинголог дәрігеріне жүгінген. Кейін 13 желтоқсанда ол емдеу бөлмесіне жолдама алу үшін жеке сурдолог-дәрігердің жазылуымен учаскелік дәрігерге барған. 14 желтоқсан күні сағат 09:15-те бірінші екпені алған соң науқас ауырып, есінен танып қалады. Дәрігерлер дереу жедел жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда сағат 09:51-де биологиялық өлім тіркелді. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Нұржан Саясат апатты деп таңылған Азаттық 76 тұрғындарына жаңа үйдің кілтін табыстап, қоныс тойларымен құттықтады. — 1947 жылы салынған Азаттық 76 апатты үй тізіміне тіркелген болатын. Міне, бүгін сол пәтерлердің иелеріне қалалық бюджеттен «Модерн» жеке тұрғын үй кешенінен үй сатып алып, кілтін табыстадық. Жыл соңына дейін апатты деп таңылған қосымша тағы бір үй жаңа баспанаға көшірілетін болады, деді Н.Саясат. Жаңа пәтер иелерінің бірі — Айгүл Бекесова өз қуанышымен бөлісіп, ризашылығын білдірді. — Бүгін көптен күткен қуанышты жаңалық — жаңа пәтерге ие болып жатырмыз. Бүгін облыс және қала әкімідігінің көмегімен жаңа пәтерге қоныстандық.…
Атырауда Абай көшесі (Махамбет көшесінен Азаттық даңғылына дейінгі айналма жол аралығы) бүгін, 19 желтоқсан 14:00 ден бастап «Жұлдызды аспан» жарық шамдарын орнату үшін 3 күнге уақытша жабылады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қосымша өзгерістер болса Атырау қаласы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланады.
Ел президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес аймақ басшысы Серік Шәпкенов жеке мәселемен келген тұрғындарды қабылдап, олардың ұсыныс-пікірін тыңдады. Халықты баспанамен қамту, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, еңбек дауын шешу сынды әлеуметтік мәселелер алаңдатын көрінеді. Серік Шәпкенов азаматтардың мәселесін қабылдауға қатысқан жауапты басқарма басшылары, «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының өкілдерімен бірге талқылап, қажетті кеңес берді. Атыраулықтардың көпшілігі өздерін тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұрады. Оларға баспана заң аясында кезек бойынша берілетіні түсіндірілді. Серік Шәпкенов жыл басынан бері 57 қабылдау өткізіп, 700-ден астам тұрғынды қабылдады. Сондай-ақ, аудандарға жұмыс сапары барысында 300-ден астам адамның өтінішіне құлақ түрді.
CaspianLife, 17 желтоқсан — «Арнаулы автобаза» мекемесі Атырау қаласын қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде 8 бірлік трактор, 3 — біріктірілген жол көлігі, 4 — тиегіш (погрузчик) және 15 — самосвал техникасы жұмылдырылды. Қаланы қардан тазалауға 100 жұмысшы тартылған.
Ақтауда 19 «а» ықшам ауданнан «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында екі ай бұрын пәтер алған тұрғындар жылудың жоқтығын айтып, қара суықта өздерін бүрсеңдетіп қойған жауапты орындарға реніш білдіруде. Сөздеріне қарағанда қас қылғандай күн күрт суытқанда үйлерге жылу беру де тоқтапты. Жағдайды қала әкімінің өзі де келіп көріп кеткенімен, мәселе шешілер емес, — дейді тұрғындар. Әйгерім ҚАЛИЕВА, Ақтау қаласының тұрғыны — Біз жоқта келіп кеткен, халықпен ақылдаспаған, көріп кеткен. Көтердік дейді, көтергенмен пайдасы жоқ. Үйдің іші қара суық, қара боран, терезеден жел келеді. Үйге қызмет көрсететін компания өкілдерінің сөзінше жылу құбырларын коммуналдық жұмысшылар тексеріп, не болғанын анықтап жатыр. Сондықтан жұмыс аяқталмайынша кесіп…
«Қазгидромет» мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облысында жауын-шашынсыз ашық ауа-райы сақталады, бірақ аяз біртіндеп әлсірей бастайды. Арктикалық антициклон орталығы Қазақстанның шығысында байқалады, осыған байланысты төмен және аязды температура сақталады. 15-16 желтоқсанда еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, таулы аудандарда тұман, республиканың батысында шаңды дауыл күтіледі. Түнде ауа температурасы батыста 5-15 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және орталықта 10-25 градус аязға дейін, солтүстікте 17-28 градус аязға дейін, оңтүстікте 5-18 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 10-25 аязға дейін біртіндеп жоғарылайды деп болжанып отыр, Қазақстанның…
CaspianLife, 15 желтоқсан — Атырау мұнай өңдеу зауыты аймақтағы ең ірі салық төлеушілердің бірі болып қалады. Биыл қаңтар-қараша айлары аралығында кәсіпорын 142 млрд теңгеден артық салық төлесе, оның 22,2 млрд теңгесі мемлекет қазынасына, ал 120 млрд теңдеген астамы қалалық бюджетке төлеген. 2022 жылы АМӨЗ-ден түскен салық төлемдері Атырау қаласы бюджетіндегі жалпы шығыстың 33%-ын құрады. Жыл соңына дейін кәсіпорын жалпы көлемі 154,7 млрд теңге салық төлеуді жоспарлап отыр, бұл былтырғы көрсеткіштен 1,5 есе артық. Салық төлемдерінің жыл сайын өсуі, ең алдымен, зауытта жүргізілген үш кезеңді жаңғыртудың экономикалық тиімділігімен байланысты. Жаңғырту жұмыстары нәтижесінде дизель отыны, бензин, керосин және параксилол секілді қосылған құны…
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті барлық Қазақстан азаматының мобильді аударымдарын тексеру қашан басталатынын мәлімдеді. Комитет мәліметінше, 2023 жылы Мемлекеттік кірістер комитеті банк шоттарына кәсіпкерлік қызметпен байланысты ақша түскен азаматтар туралы банктерден ақпарат ала бастаған. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру белгілерін айқындау критерийі жеке тұлғаның қатарынан үш ай ішінде әр түрлі тұлғалардан жеке банк шотына ай сайын 100-ден аса аударым алуы болып табылады. Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың аударымдары туралы ақпаратты банктерден кезең-кезеңімен алу мерзімдерін белгіледі: 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік қызметшілерге, оларға теңестірілген тұлғаларға және олардың жұбайлары (2022 жылдың қорытындысы бойынша); 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік…
