Автор: Сайт әкімшілігі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, кезектен тыс ХІІ (12) сессиясы шақырылады. Өтетін уақыты: 2023 жылдың желтоқсан айының 28 күні сағат 10:00-де. Өткізілетін орны: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі №77а, Үлкен мәжіліс залы Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі: 1. Атырау қаласы бойынша аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы; Атырау қаласының Мәслихаты

Read More

CaspianLife, 21 желтоқсан — Такси жүргізушісі ретінде жұмыс істейтіндер немесе жолаушы тасымалдайтындар енді жалпыға бірдей декларациядан өтуі керек. Кез келген кәсіпкерлік қызмет тіркелуге міндетті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің басшысы Нұржан Қуандықов мәлімдеді. Мемлекеттік кірістер комитеті жанындағы департамент басшысы кез келген кәсіпкерлік қызмет елде тіркелуі тиіс екенін атап өтті. “Жалдамалы жұмыскерлері жоқ азаматтар шағын бизнеске жатады, олар үшін арнайы мобильді қосымша ретінде арнайы салық режимін қарастырдық. Такси жүргізушілері үйден шықпай-ақ мобильді қосымша арқылы тіркеліп, салық төлей алады. Мемлекеттік кірістер комитеті Яндекс таксимен бірлесіп, пилоттық жоба жүргізуде. Жалпыға бірдей декларациялау…

Read More

CaspianLife, 21 желтоқсан — Электронды үкімет платформасында кейбір балалардың цифрлық құжаттары жоқ екендігі анықталды. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 1 қаңтардан бастап, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында балаларға төлем төлеу күшіне енеді. Осыған байланысты көптеген отандасымыздың eGov платформасынан балаларының цифрлық құжаттарын тексеруі кезінде кейбір деректердің жаппай жоқ екендігі анықталды. Бұл қандай да бір қателіктен, не болмаса кемшіліктен, техникалық ақаудан емес. 2008 жылдан бастап туған балалардың құжаттары ғана цифрлық форматқа өткен болатын», – деді Талғат Уәли. Министрлік өкілі балаларды eGov платформасына тіркеу жолдарын айтты.…

Read More

CaspianLife, 21 желтоқсан — Құлсарыда 57 жастағы әйел қызының азаматтық некедегі күйеуін пышақтап тастаған. Бұл туралы полицияға 20 желтоқсан күні сағат 18:50 шамасында күдіктінің 37 жастағы қызы хабарлады. Атырау облысы ПД хабарлауынша, оқиға орнына жедел жеткен полицейлер отбасылық жанжалдың нәтижесінде 57 жастағы әйел адамның 27 жастағы күйеу баласын ас үй пышағымен жарақаттағанын анықтады.  Жарақат салдарынан ер адам қаза тапқан. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Бұл жанұяда бұрын да отбасылық жанжал болып, марқұмның қаңтар мен сәуір айларында 2 мәрте әкімшілік қамауда болғаны анықталды.

Read More

CaspianLife, 20 желтоқсан — Енді «Сергек» интеллектуалды жүйесі жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарды елемейтін жүргізушілерді де тіркейді. Пилоттық жоба Алматыда іске қосылған, — деп хабарлайды CaspianLife Polisia.kz-ке сілтеме жасап. «Талдау деректері бойынша, биылғы 11 айда 556 жаяу жүргінші көлік қағып, қаза тапты, оның 478-і жаяу жүргіншілер өткелінде. Жүргізуші тәртібін арттыру өліммен аяқталған жол апаттарының азаюына ықпал етед», – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова. Заңбұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабына сәйкес «Жаяу жүргіншілердің немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу» тіркеледі. Мысалы, егер автокөлік жаяу жүргіншіден кейін жүрсе, бұл жол жүрісі қағидасын бұзу болып…

Read More

CaspianLife, 20 желтоқсан — Атырауда «Жұқа мұз» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. Атырау қаласы полиция басқармасы мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мұз үстіндегі тұрғындарға ескерту жасап, жадынама тарату жұмыстарын жүргізуде.

Read More

CaspianLife, 20 желтоқсан — NCOC су тазартатын жаңа құрылғының құрылысын аяқтады, деп хабарлайды энерджи монитор телеграм каналы. Бұл жоба Астарахань-Маңғышлақ су құбырынан алынатын тұщы су көлемін азайтуға және Болашақ кешенінен келетін сұйықтықты қосымша тазарту арқылы булану тоғандарына жіберілетін су сапасын жақсартуға бағытталған. 2020 жылы басталған құрылыс жұмысы аясында Болашақ кешені аумағындағы пласт суын тазартатын бұрынғы қондырғыдан бөлек жаңасы салына бастады. Қондырғылар сағатына 110 текше метр, ал тәулігіне 2640 текше метр су тазалайды. Бұл өндіріс үшін қажетті көлем саналады. Іске қосылған соң сарқынды судың құрамы мұнай, күкіртті сутегі, темірден тазарып, экология үшін айтарлықтай тиімді болмақ.

Read More

CaspianLife, 20 желтоқсан — Сенбі күні Қазақстанның түкпір-түкпірінде техникалық қызмет көрсету үшін теледидар мен радио өшіріледі, — деп хабарлайды CaspianLife “Қазтелерадио” мәліметіне сілтеме жасап. “2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) “Қазмедиаорталығының” хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарланған. Сондай-ақ, “Қазтелерадио” АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырыппрофилактикалық жұмыс жүргізетін болады”, — делінген хабарламада. Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-, радиоарналарды тарату тоқтайтыны хабарланды.

Read More

CaspianLife, 20 желтоқсан — Бүгін Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаевтың бастамасымен West Oil Software қызметкерлерімен келіссөз жүргізуге әрекет жасалды. Дегенмен, жұмысшылар «ҚазМұнайГаз» штатына жұмысқа орналасуды талап етіп, келіссөздерден бас тартқан, деп хабарлайды CaspianLife Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 19 желтоқсан күні Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев West Oil software наразылық білдіруші қызметкерлерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Төретаев наразылық білдірушілерді жағдайды сындарлы бағытқа ауыстыруға, келіссөздер үстелінде бәрін шешуге шақырды. Қызметкерлер әкімнің ұсынысымен келісті. 20 желтоқсан күні таңертең «ҚазМұнайГаз» АҚ төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшысы Мұрат Мұстафаев, West Oil software басшылығы және Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев заңсыз ереуіл…

Read More

CaspianLife, 20 желтоқсан — Атырауда «QazHome» тұтыну кооперативінің атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғындары нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды. Аталған тұлғалардың заңсыз әрекеттерін ҚМА Атырау облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері әшкереледі. Ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік береміз деген желеумен қаржы пирамидасына ақша салу ұсынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кооперативтің қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылған, оның ішінде тек 35 адам ғана өтініш беріп, бұл өтініштер бойынша келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгеден асатыны анықталды. Сот үкімімен «QazHome» тұтыну кооперативінің басшылары кінәлі деп танылып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Құрметті азаматтар! Қаражатты инвестициялау кезінде компанияның сенімділігін тексеру қажет. Осы мақсатта «Baiqa, piramida!»…

Read More