Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 26 желтоқсан — Физиопроцедура кезінде күйіп қалған үш айлық баланың анасы әлеуметтік желіде шағымданып, үндеу жариялады, — деп хабарлайды CaspianLife mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға Ақтау қалалық №1 емханада болды. Медицина қызметкерінің салғырттығынан баланың кеуде тұсы күйіп қалған. — Медицина қызметкері 0,5 орнына 1 қойды. Үш айлық баланы күйік шалды. Бала ауырып, қатты жылады. Балаларымыздың өмірін кімге сеніп тапсырамыз? – дейді зардап шеккен баланың анасы. №1 Ақтау қалалық емханасы хабарлағандай, медбике процедураларды бекітілген ережеге сәйкес жүргізді. Оқиға дереу бақылауға алынып, денсаулық сақтау және оңалту бөлімінің меңгерушісі, физиотерапевт және аудит қызметкерлерінің қатысуымен жағдайға талдау жасалды. — 26 желтоқсанда сағат 10:00-де…

Read More

CaspianLife, 26 желтоқсан — ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекітті, — деп хабарлайды CaspianLife. Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген максимал бағалар төмендегідей: Астана — 76 теңге; Алматы — 81 теңге; Шымкент — 64 теңге; Алматы облысы, СҚО — 81 теңге; Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары — 54 теңге; Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары — 76 теңге; Жамбыл облысы — 71 теңге; Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары — 64 теңге; Павлодар облысы — 74 теңге; Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары — 76 теңге. Әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс…

Read More

CaspianLife, 26 желтоқсан — Атырауда биыл дүниеге келген сәби аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оған бронхит диагнозы қойылған, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау қаласындағы №2 облыстық аурухана әкімшілігінің айтуынша, науқас сәби Қ.А. биыл 9-15 желтоқсан аралығында «ОРВИ. О.Бронхит» диагнозымен емделген. Оның жағдайы жақсарған соң үйіне жіберілген. Ауруханадан шыққан кезде мекенжайы бойынша Атырау қаласындағы №1 емханаға мәлімет берілген. Ата-анасы 17 желтоқсан күні баласын жеке клиникаға апарып, дәрігерге қаратқан. Алайда, 21 желтоқсанда нәрестенің дене қызуы тағы да көтеріліп, жөтелі күшейген. Соған байланысты науқас сәби №2 облыстық ауруханаға қайта жатқызылған. «Дәрігерлер қойылған диагнозға байланысты емдеу хаттамасына сай емдік және диагностикалық шараларды жүргізуді бекітті. Балада…

Read More

CaspianLife, 26 желтоқсан — Құрманғазы ауданында әйел адам мұз үстімен өтпек болғанда, мұз жарылып, батып кете жаздаған. Оқиға кеше сағат 19:20 шамасында Құрманғазы ауданы Шарон өзені үстінде болды. Әйел адам жедел көмекке келген полицейлердің арқасында аман қалған. Сол уақытта полиция қызметкерлері аудандық полиция бөлімінен саптық жиыннан тарап келе жатқан екен. Аталған хабарламаны естіген Тәрбие және кадр бөлімшесінің инспекторы Роман Насихан да уақыт өткізбей жеке автокөлігімен оқиға орнына жеткен. Оқиға орнына бірінші жеткен ол автокөліктен арқан жіп алып, мұз үстіне шыққан. Мұз үстіне шыққан кезде көмекке келген ер адамның да мұз ойығына түсіп кеткенін көрген. Сол сәтте патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері…

Read More

CaspianLife, 25 желтоқсан — Еліміздің аумағында «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлайды CaspianLife Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. «Ішкі істер министрлігі осы жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 3 қаңтар аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғау бөлімшелерімен бірлесіп, «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді. Аталған іс-шара нарықтарда сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды, сондай-ақ оларды рұқсатсыз бей-берекет сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Іс-шаралар барысында пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау тәртібінің сақталу мәніне заңды тұлғалар және сауда орындарын тексеретін болады», — деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен…

Read More

CaspianLife, 25 желтоқсан — Бүгін сағат 18:30-да Исатай-Махамбет алаңында қаланың бас шыршасы жағылады. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, облыс орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай биіктігі 18 метрлік жеті шырша жағылмақ. Олар Нұрсая, Вокзал маңы (С.Мұқашев алаңы), Балықшы мөлтекауданы, «Атырау» әуежайы, орталық Исатай-Махамбет пен Бейбарыс алаңдары және М.Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театрының алдына орнатылмақ. «Қаланы жаңа жылдық безендіруге NCOC, Казтрансойл, BI, АИС, АНПЗ, БАЗИС А мекемелері демеушілік көрсетуде. Ал, шыршаны безендіруге қалалық бюджетен 19 миллион теңге қаражат бөлінді» дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова. Еске сала кетсек, былтыр қалалық бюджеттен мерекелік безендіруге 31,3 млн теңге бөлінген болатын. Ал, 2020, 2021 жылдарға…

Read More

CaspianLife, 24 желтоқсан — Олар Ақжар-2 ықшамауданында орналасқан «Ақжелкен», А.Байтұрсынов көшесіндегі «Болашақ» және Белинский көшесіндегі «Бәйтерек» балабақшалары. Әрқайсының сыйымдылығы 290 орынға арналған. Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов «Ақжелкен» бөбекжайының ашылу салтанатына қатысып, балаларға сапалы білім мен ұлттық тәрбие беретін жобалар алға қарай да жалғасатынын айтты. — Бүгін тағы да қуанышты сәт. Бүгін балаларымыздың игілігі үшін салынған тағы бір балабақша ашылып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жан-жақты жағдай жасау үшін балабақша мен мектептердің санын көбейтуді тапсырды. Біз қазіргі таңда облыстағы балабақша санын көбейтіп жатырмыз. Алдағы бес жылда 2-6 жасқа арналған 8000-ға жуық орындық бөбекжай…

Read More

CaspianLife, 23 желтоқсан — Атырауда республикалық маңызы бар тас жолда екі көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты. Жүргізушілердің бірі 6 сағат бұрын жылдамдықты асырып, жауапқа тартылған болып шықты. Оқиға 22 желтоқсан күні сағат 20:00 шамасында Астрахань-Ақтөбе тас жолының 513-514 шақырым тұсында болған. Toyota Avalon және Ваз 2114 автокөліктері соқтығысып, Ваз 2114 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Қазіргі тиісті іс-құжаттар жинақталуда. Айта кетейік, Toyota Avalon маркалы автокөлік жүргізушісіне Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 22 желтоқсан күні сағат 15:00 шамасында ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабының 1-бөлігімен, яғни тас жолдағы көлік жылдамдығын асырғаны үшін әкімшілік хаттама жасақтаған. Сондай-ақ, Toyota…

Read More

CaspianLife, 22 желтоқсан — Ақтау қаласы, Өмірзақ селосы, Приморский тұрғын үй массиві, Лазурная көшесі, №60 жер учаскесінде заңсыз салынған үй сүрілді. 60-қа жуық салымшы ғимаратты қиратуға келген техниканы тоқтатпақ болғанымен нәтиже шықпады, деп хабарлайды CaspianLife mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. Құзырлы орган құрылыстың заңсыз екенін айтып отыр. Көбі бітіп, азы қалған нысанды техникалар әп-сәтте қиратып салды. Ал халық тірнектеп жинаған ақшамыз күлге ұшты деп қапалы. — Мен 8 миллион теңгедей ақша салдым. Қанша қаражат кетті, халық далада қалды. Енді бізге ақшаны ешкім қайтарып бермейді. Салып беріп жатқан затты қайтадан бұзып жатыр. Бұл халыққа қиянат қой, — дейді салымшылардың бірі Ергешбай Әлмұратов. Алғашында…

Read More

CaspianLife, 22 желтоқсан — Маңғыстауда 11 желтоқсаннан бері ереуілдеп жатқан West oil компаниясы жұмысшыларының бірінің денсаулығы нашарлап, ауруханаға түсті. Ереуілшілердің бірі Қонысбай Өтеповті 21 желтоқсанда кешке қарай жедел жәрдем көлігі әкеткен. Ауруханада оған система қойылған. «Бір өлім аузынан қалдым, қан қысымым түсіп кетті. 50 ма, 60 па болды. Система қойды. Кеудем қысып ауырғанда жаным көзіме көрінді» деді Өтепов 21 желтоқсандағы аудиосында. Наразылардың айтуынша, Жетібайда жағдай өзгермеген. Тағы бір адамның қан қысымы көтеріліпті. Жұмысшыда жөтел пайда болып, ауруханаға өзі барған. Ол қазір үйінде емделіп жатыр, деді ереуілшілердің бірі. Мұнайшылар талап орындалғанша тұра беретінін мәлімдеді.

Read More