CaspianLife, 2 қаңтар — Бүгін, 2 қаңтар күні 00:30 шамасында Атырау қаласында орталыққа жақын Жайық жағалауында қыз бала мұз ойылып, суға түсіп кеткен. Оқиға бойынша хабарлама алған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ғапу Жанарыс, Арсен Мұратов, Құрманғазы Мерей және Әкімшілік полиция бөлімі инспекторы Арманбек Габитов дереу мұз ойылған жерге жетіп, жасөспірімді құтқарып алды. «Мұз ойығынан басы ғана көрінген адамның әйел адам екендігін дауысынан ғана айырған полицейлер құтқаруға бірден кіріскен. Полиция лейтенанты Жанарыс Ғапу беліне арқан жіп байлап мұз үстімен жасөспірімге қарай беттеді. Әріптесі Мерей Құрманғазы оған көмектесу үшін жіп бойымен бірге жүрді. Өзге полицейлер жағада Жанарыс Ғапуды суға батып бара жатқан…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 1 қаңтар — Жаңа жыл қарсаңында өңірімізде 30 сәби дүниеге келген. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 31 желтоқсан сағат 9.00-24.00 аралығында перинаталдық орталықта дүние есігін ашқан 30 сәбидің 14-і қыз, 16-сы ұл бала. Ал 1 қаңтар күні 00.00-16.00 арлығында орталықта 5 сәби өмірге келсе, олардың 4-і ұл, 1-і қыз бала. Сондай-ақ желтоқсанның 31-і күні сағат 15.20-да Атырау қаласында егіздер дүниеге келді. Аудандар бойынша 1-қаңтарда Индер мен Құрманғазыда бір-бір сәбиден өмірге келген. Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы, дәрігерлердің бақылауында. Жаңа жыл қарсаңында облыс бойынша 52 бригада, қалада 32 бригада, 104 фельдшер мен 52 жүргізуші тәулік бойы медициналық қызмет көрсетті.
CaspianLife, 28 желтоқсан — Бүгін 13:00 шамасында Атырау агро-техникалық колледжінің 17 жастағы 1 курс студентін қатарластары соққыға жыққан. Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлауынша, құқық бұзушылық жасады деген күдікпен сол оқу орнының 5 студенті полиция бөліміне жеткізілгкен. Жәбірленуші студент облыстық аурухана жеткізіліп жеңіл дене жарақатын алғаны анықталды. Қазір тиісті тергеу жүргізілуде.
CaspianLife, 28 желтоқсан — Приморскийде орналасқан заңсыз құрылысты бұзып жатырған техника үстіне тас құлады.
CaspianLife, 27 желтоқсан — Ақтауда 2 ер адам блогер қызға шабуыл жасап, өлтірмек болған. Қазір зардап шеккен блогердің жағдайы – орташа ауыр, деп хабарлайды CaspianLife mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде ұрып-соғудың әсерінен ауыр халге түскенін айтқанын блогер жігіттерді жазалауды сұрайды. «Мен Дүйсенова Несібелі Маратқызы қазіргі таңда облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінде орташа ауыр дәрежеде жатырмын. Маған қасақана өлтіру мақсатында шабуыл жасаған Т. Т. қамауға алып, 24-баппен іс қозғауыңызды талап етемін»,- делінген блогердің желідегі постында. Оның айтуынша, жәбірлеушіге бұл жерден тірі шықпайтынын ескерткен. Қыздың өтінішіне құлақ аспай, зорлық әрекетін жалғастыра берген. Мойнын жіппен қылқындырып, басына секірген көрінеді. Аталған дерек бойынша ҚР…
CaspianLife, 27 желтоқсан — Кеше түнде Ақтау қаласының 38-ші шағын ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің қасбетінен өрт шықты. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбав инстаграм парақшасында жариялады. «K7group құрылыс компаниясы салған тұрғын үй кешені бұған дейін де бірнеше рет өртке оранған. Яғни, 2021 жылдың желтоқсанында тұрғын үй кешенінің қасбеті дәл осылай өртенген еді. Флоренция тұрғын үй кешенінің тағы бірінің шатыры өртенген, ал жақында сол элиталық тұрғын үй кешенінде тағы бір өрт болды 2021 жылдың желтоқсанында шатыры өртенді, жақында сол элиталық тұрғын үй кешенінде тағы бір өрт болды, бұл жолы өрттің себебі таратушы электр сымдарындағы қысқа тұйықталу болып шықты», -дейді ол.…
CaspianLife, 27 желтоқсан — ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Kcell, Tele2/ Altel және Beeline ұялы байланыс операторының тарифтің бағасын айтарлықтай көтергенін мәлімдеді. Агенттік абоненттердің бағаға қатысты өтініш-шағымдарын қарап, ұялы байланыс операторларының биыл тарифті 7,7% — дан 57,3% — ға дейін өсіргенін анықтапты. Аталған компаниялар әсіресе мамыр-шілде айлары аралығында ай сайынғы абоненттік төлем мен 30-дан астам тарифтің құнын бірінен соң бірі қымбаттатқан. Бұдан басқа агенттік қызметкерлері операторлардың кәсіпкерлік туралы кодекстің 170-бабын бұзғанын да айтып отыр. Яғни, компаниялар тарифтік жоспардағы бір смс пен бір минуттық қоңырау құнын белгілеуге қатысты да ойларына келгенін жасаған. Негізі бұл жерде аталған қызмет бір бірлік ретінде…
CaspianLife, 27 желтоқсан — Атырау мұнай өңдеу зауыты жыл қорытындысын жасады. Кәсіпорын берген мәлімет бойынша, биыл зауыт 154,7 млрд теңге көлемінде салық төлейді екен. Оның ішінде Атырау қаласының бюджетіне 131,9 млрд теңге түспек. Бұл өткен жылмен слыстырғанда 1,5 есеге артық. «АМӨЗ» ЖШС-нің төлемдері Атырау қаласы бюджетінің 1/3 бөлігін құрайды. Салықтық түсімнің көбеюі зауыттың технологиялық қондырғыларының – каталитикалық крекинг пен баяу кокстеу қуатының артуына байланысты. Бұл өз кезегінде мұнай өңдеу тереңдігін арттырады. Айта кетейік, іске қосылғаннан бері алғаш рет каталитикалық крекинг қондырғысының жобалық қуаты 300 тонна/сағ-қа жетіп орнатылып, мұнай өңдеу тереңдігі 86% болған. 2023 жылдың желтоқсан айында мұнай-химия өнеркәсібінің шикізаты параксилол…
CaspianLife, 27 желтоқсан — Қазір мамандар сыбырлақ аққулар өлімінің себебін анықтауда. Бұл туралы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығынан хабарлады. Қарақия-Қаракөл табиғи резерватының инспекторлары 21 желтоқсан күні көл жағасын күзетіп жүріп, отыз сыбырлақ аққудың өлексесін тапты. Кейін бұл туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хабарланған. Құстардың өлу себептерін анықтау үшін өлекселерден сынамалар алынды. Сонымен қатар, инспекторлар табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп, қорықтағы басқа құстардың қырылуын анықтап жатыр. «26 желтоқсандағы жағдай бойынша «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС (Алматы қаласында орналасқан) Вирус экологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері Ермұхаммет Қасымбеков өлген аққулардың денелерінен алынған сынамаларды зерттеп, тиісті зертханалық жұмыстарды жүргізуде», -…
CaspianLife, 26 желтоқсан — Маңғыстаудағы «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт арада 7 айға жуық уақыт өткенде сөндірілді. Бұл туралы ҚР отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы хабарлады. Орталық таратқан мәліметке қарағанда «Бозащы мұнай» компаниясы игеріп жатқан Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы қызыл жалын 25 желтоқсан күні өшірілген. «Мамандар әуелі ұңғымадан 100-150 метрдей жерден бір шақырымға дейін көлбеу бұрғылап, содан кейін газ бен су аралас атқылап жатқан фонтанның аузына ауыр бетон ерітіндісін құйды. Енді ол жер цементтеледі. Содан кейін айналаны рекультивациялау жұмысы тұр, — делінген ресми мәліметте. Ал қоршаған ортаға қыруан зиян келтірген мұнай компаниясы Маңғыстау ауданы әкімдігіне қайтарымсыз 50 миллион теңге бөлетін болды.…
