CaspianLife, 9 қаңтар — Атырауда кәріз құдықтарын қоқыстан тазалау кезінде кәріз жүйесінен өлі күшік пен кілем және басқа да бөгде заттар шығарылды, деп хабарлайды CaspianLife. «Атырау облысы су арнасы» мекемесіне қарасты Кәріз насостық стансасының бастығы Жеңіс Кисимовтың айтуынша, қалада күніне жоқ дегенде 20 шақырту түседі. Ал өткен демалыста жұмысшылар бас көтермей жұмыс істеп, 100-ден астам шақыртуға барған. «Адамдардың көбі үйден шыққан тұрмыстық қоқысты тиісті жерге апармай, кәріз құдығына тастап кетеді. Бұл жолы күшік, кілем мен күртеше және басқа да заттарды шығарып алдық. Ал унитазға жеке гигиеналық заттарды тастап, тамақ қалдықтарын төгетіндер бар. Тіпті қазан түбінде қалған майды да унитазға төгетін…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 9 қаңтар — 7Qazyna тұрғын үй кешеніндегі үй құрылысы кезінде пенопласт пайдаланылған. Жанғыш материалдың кесірінен өрт оқиға болған күні тұрғын үйге тез тарады. Бұл туралы Ақтау әкімі Ұлықбек Тінәлиев мәлімдеген. Естеріңізге салайық, 2023 жылдың 27 желтоқсанында 38-ші шағын ауданда орналасқан 7Qazyna тұрғын үй кешенінің үйлерінің бірінде ірі өрт болды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 19 өрт сөндіруші жұмылдырылып, 5 техника пайдаланылған. Өрттің себебі 170 шаршы метр аумақтың сыртқы қаптамасының өртенуі болды. Тұрғын үй құрылысымен «K7 Group» компаниясы айналысқан. «Басты басымдық – азаматтардың қауіпсіздігі. Өрт қауіпсіздігі басты назарда болуы керек. Тек ішкі аспектілерге ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлердің сыртқы келбетінің жоғары…
CaspianLife, 9 қаңтар — Экологтар әлеуметтік желілерде таралып кеткен суреттерге қатысты ақпарат берді. Бейнеден «Rixos» қонақ үйі ағынды суларды Қаракөл көліне ағызып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды CaspianLife. Қаракөлге құйылған белгісіз қара сұйықтықтың аққулардың өліміне қатысы бар болуы мүмкін, дейді қоғам белсенділері. Бұл мәселені экологтар мен орнитологтар тексеріп жатыр. Сонымен қатар Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті бүгін-ертең Қаракөлге ағынды суды жіберу фактісін тексеретінін хабарлады. Су сынамалары алынды. Егер су сынамаларын талдау нәтижесі бойынша ластаушы заттардың құрамы рұқсат етілген концентрациясынан асып кету анықталса, қонақ үйге айыппұл салынуы мүмкін, айыппұлдің көлемі ағынды сулардың көлемі мен құрамына сәйкес есептелмек. Айта кетейік, бұл қонақ…
CaspianLife, 8 қаңтар — 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға 6,4 трлн теңге қаржы түскен. Бұл туралы Energymonitor телеграмм арнасында хабарлады. Түсімнің 4,6 трлн теңгесі мұнай компанияларының салығы. Ал, 1,8 трлн теңгесі Ұлттық қордың инвестициялық жобаларынан түскен кіріс. Қазіргі таңда қорда 29 трлн теңге немесе 63 млрд доллар қаражат бар. Түсім 2022 жылмен салыстырғанда жарты трлн-ға өскен. Energymonitor-дың хабарлауынша, инвестициялық түсім қарқыны өзгермесе, биыл кәмелетке толмаған әр баланың шотына 300 доллар ақша түседі.
CaspianLife, 8 қаңтар — 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғалары кезінде полицияның және соттың қатысуынсыз жеңілдетілген тәртіпте сақтандыруды ресімдей алады. Бұл үшін мемлекет «Еурохаттама» арнайы мобильді қосымшасын әзірлеген, деп хабарлайды CaspianLife Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қосымшаның көмегімен жүргізушілер өздері жол-көлік оқиғаларын тіркеп, сақтандыру компанияларына материалдық залалды өтеуге өтінім бере алады. «Еурохаттама» арқылы жол-көлік оқиғаларын ресімдеудің міндетті үш шарты бар: 1) Жол-көлік оқиғасына екі көлік құралы ғана қатысқан кезде; 2) Жүргізушілердің қолданыстағы сақтандыруы болуы қажет. Сондай-ақ кім кінәлі, ал кім зардап шегуші екенінде келіспеушіліктер болмаған кезде; 3) Апат салдарынан денсаулыққа залал келтірілмесе, ал көлікке келтірілген шығын сомасы 100 айлық…
Жаңа жылдың жаңалығы сол — ірілі-ұсақты сауда орындарының сатушылары мобильді аударымнан бас тартып, клиенттерден қолма-қол ақша талап етуде. Басқа амалымыз жоқ, — дейді олар. Себебі, енді телефондағы банк қосымшасына 3 ай қатарынан 100 түрлі адамнан аударым түссе, салықшылар тексереді. Бұл ең бірінші кезекте, кәсіпкерлерге қиындық туғызып отыр. Саудагерлер жауаптылардан салық көлемін азайтуды сұрайды. Әйтпесе, кірістен шығысымыз көбейіп кетеді дейді. Мұндай тексеріс елдегі көлеңкелі экономиканың жолын кесуге бағытталған. Яғни, жауаптылар осындай шараның көмегімен заңсыз табыс тауып отырғандарды анықтамақ. Ал, сатушылар жеке кәсіпкер болып тіркелсе де, жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Себебі, аударым арқылы төлем қабылдауға әу бастан тыйым салынған.
Қала маңындағы «Көкарна» ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған газ жарылысынан соң ауруханаға түскен 54 жастағы әйел көз жұмды. Кеше оның 59 жастағы жұбайы есін жимастан ауруханада қайтқан еді. Қазір жансақтау бөлімінде сол үйдің 23 жастағы келіні 3 жасар және 4 айлық кішкентайымен жатыр. Үшеуінің де денесінің көп бөлігін күйік шалған. Ержан ЕСБОЛАЕВ, Атырау облыстық балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары 2 қаңтар күні, сағат 11:00 шамасында Атырау облыстық балалар ауруханасына шұғыл жағдайда жедел-жәрдеммен дене аумағын толық күйік шалған 3 және 2 жасар бала келіп түсті. Күйік аумағы 90 пайызға дейін шоктық жағдайда келді. Жағдайы критикалық…
CaspianLife, 3 қаңтар — Маңғыстау облысындағы «Қаракөл» көлінде өлген аққу саны 300-ге жуықтады, деп хабарлайды CaspianLife. «Сыбырлақ» санатына жататын аққулар құс тұмауынан қырылып қалған дейді мамандар. Сынама алынған 132 өлексенің көзі жойылған. Ветеринарлар «Қарақия-Қаракөл» қорығында құстардың қырылуы сирек жағдай деп отыр. Инспекторлар Қаракөлде 5-6 мың бас аққудың қыстайтынын айтады. Қаракөл көлінің ең терең жері 1 метр. Ал жағалауы 20-30 сантиметрден аспайды. Құстардың қырылып жатқанына алаңдаған мамандар көлді де зерттеуге кіріскелі отыр. «Аумақтық инспекциясымен өлекселердің арнайы сыналамары сараптамаға жолданған еді. Ол дегеніміз микробиология, вирусология ғылыми-өндірістік орталығының зертханасымен және ветеринария ұлттық орталығымен жасалған болатын. Сараптама нәтижесі құс тұмауына оң нәтиже көрсетті. Аталған…
CaspianLife — 2 қаңтар күні сағат 11:10-да Атырау қаласы, Көкарна ауылы, Көкарна көшесі мекен жайындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысы ТЖД мәліметінше, Call орталыққа түтін шыққаны жөнінде шақырту келген бойда өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына барған. Газ-ауа қоспасының дүмпуінен 9 шаршы метрлік қабырға қирап, үйдің 140 шаршы метрі жанып кетіпті. Салдарынан үйдің ішінде болған бір отбасының 5 мүшесі күйік алып, аурухана жатқызылды. Өрт сағат 12:03-те оқшауланды, сағат 12:22-де жойылды. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 16 қызметкері жұмылдырылып, 3 техника пайдаланылған.
CaspianLife, 3 қаңтар — Жылыой ауданы, Соленый өзегінде балық қырылып жатыр, деп хабарлайды CaspianLife. Қазір оқиға орнында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен экология департаментінің қызметкерлері мәселенің мән-жайын анықтау үшін жұмыс істеп жатыр. Тексеру жұмыстары жүруде. Балықтың қырылу себебі судың сынама нәтижесі шыққан соң хабарланады дейді мамандар. Сонымен қатар ережеге сәйкес балықтарды кәдеге асыру үшін қайта өңдемек (утилизация).
