CaspianLife, 17 қаңтар — 62 жастағы азамат бүгін, 17 қаңтар күні таңғы сағат 5:00 шамасында көз жұмды, деп хабарлайды CaspianLife. Айта кетейік, Мақат ауданы Доссор кентінде ер адам үстіне бензин құйып өзін өртеп жіберген еді. Атырау облысы ПД хабарлауынша, денесінің 81 пайызын күйік шалған азамат өз-өзін отбасылық жанжалдан соң өртеп жіберген.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 17 қаңтар — Энергетика министрлігі Қашаған сұйытылған мұнай газын Қазақстан нарығына жеткізу бойынша алдын ала келісімге келді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жарияланған мәлімдемеде 16 қаңтар күні үкіметтің ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Энергетика министрлігі Қашаған кен орны акционерлерімен бірлесе отырып, сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа шығару бойынша алдын ала келісімге келгені айтылған. Келісімге сәйкес, «QazaqGaz» ұлттық компаниясы Қашаған кен орнының акционерлерімен «Болашақ» біріктірілген мұнай және газ өңдеу зауытында өндірілетін сұйытылған мұнай газын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуі тиіс. Бүгінгі таңда тараптар 2024 жылы сұйытылған мұнай газы саласындағы инфрақұрылымдық жоба бойынша…
CaspianLife, 16 қаңтар — ҚР Энергетика министрлігі жылу-энергетика саласындағы бақылауды күшейтпек. «Жылу энергетикасы туралы» жеке салалық заң әзірленді», — деп хабарлады Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев. Ол бойынша жылу желілеріндегі бақылау функциясы жергілікті атқарушы органнан алынып, Ядролық-энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне беріледі. Министрдің сөзінше бұл — саланы талдау мен ақпараттың жинақталуына мүмкіндік беретін көрінеді. Министр отырыста тозығы жеткен станциялар мен электр қуатының тапшылығы мәселесін шешу туралы да айтты. Министрлік елдегі тапшылықты жабу және экспорттық әлеуетті арттыру үшін 35 ГВт-қа дейінгі қосымша жаңа генерациялау қуатын енгізуді көздейтін электр энергетикасын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеген. Оның аясында қолданыстағы электр станцияларын қайта…
CaspianLife, 16 қаңтар — Маңғыстау облысының аумағына 700 мың гектардан астам жер қосылды. Бұрын өңірдің аумағы 16,5 миллион гектар болса, енді оған Каспий теңізіндегі аумақтық сулар ені бойынша бастапқы сызық арасындағы жерлер енгізілуі себепті 17 миллион 300 мың гектарға жетті. Үкімет «Маңғыстау облысының шекарасын өзгерту туралы» қаулыға қол қойды. «Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы жалпы алаңы 721 940 гектар жерді облыс аумағына қосу арқылы Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілсін», – делінген қаулыда. Мамандардың айтуынша бұл өзгерістің Қазақстанның әлдеқашан бекітілген шекарасына еш әсері жоқ, өйткені қосылған участок еліміздің су қоры санатындағы жерге жатады. Және «теңіз жағалауының кеңеюі аймақ…
CaspianLife, 16 қаңтар — 19 қаңтарда православ христиандары «Крещение господне» немесе шоқыну мерекесін тойлайды. Осыған орай облыста суға түсуге арналған 7 орын дайындалып жатыр. Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі айтты. Арнайы орынның үшеуі Атырау қаласындағы «Орал» мейрамханасының, «Тұрғындар қалашығы» ықшам ауданындағы жағажай тұсында және Мечников-Баймұханов көпірінің маңында болса, біреуі Құлсарыда, қалған үшеуі Махамбет, Құрманғазы және Индер аудандарында дайындалуда. Мереке күні суға түскен адамдардың қауіпсіздігін құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері қамтамасыз етпек. Атырау облыстық ТЖД басшысының орынбасары Руслан Исмағұлов: -Көбінесе ол жерге дайын болатын адам және өзінің денсаулығына күмәні болмаған адамдарға келуге болады. Келетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін…
CaspianLife, 13 қаңтар — Доссорда ер адам отбасылық жанжалдан кейін үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жіберген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
CaspianLife, 11 қаңтар — Маңғыстаудағы Қаракөл көлін зерттеген мамандар мен жауаптылар брифинг өткізіп, айдындағы аққулардың қырылуы – табиғат заңы деді бірауыздан. Яғни, иммунитеті әлсіз су құстары құс тұмауын көтере алмай өліп, табиғи жолмен сұрыптау процесінен өтіп жатқан көрінеді. «Бұл аурудан басқа жыл құстары неге өлмеген?» деген сұраққа тәуелсіз сарапшылар аққу құс тұмауына бейім болып келеді деп жауап қатты. Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Темірбек Нұртазиннің айтуынша, құс тұмауы былтыр 74 елде анықталған. Қаракөлдегі аққулар солармен байланысқан немесе сол жақтан ұшып келген болуы мүмкін. Қазіргі таңда 870 аққудың өлгендігі анықталды. 90 пайызы көгілдір. Алматыдан арнайы шақырылған орнитологтар су мен топарықтан 18…
CaspianLife, 11 қаңтар — Доссор-Бейнеу тас жолында төрт автокөліктің қатысуымен болған ірі жол апатынан медицина қызметкері мерт болды. Оқиға 9 қаңтар күні сағат 18:30 шамасында Доссор-Бейнеу тас жолының 74 шақырымы тұсында болған. 1995 ж.т. азаматтың басқаруындағы Газель автокөлігі жедел-жәрдем автокөлігімен және 1993 ж.т. азаматтың басқаруындағы IVECO автокөлігі Rolfo Sirio автокөлігімен соқтығысып, салдарынан жедел-жәрдем автокөлігінің 1964 ж.т медицина қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда. Айта кетейік, Газель жүргізушісі бұған дейін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2,3 бөлігі, 590-бабының 5-бөлігі бойынша, ал жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі, 594-бабының 1-бөлігі және 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осы ретте,…
CaspianLife, 11 қаңтар — Жігіттер Қарабау ауылынан 45-50 шақырым жердегі Аразмола деген жерден табылған. Көліктері батып қалған көрінеді. 9 қаңтарда сағат 11:00 шамасында «Toyota» маркалы автокөлігімен 3 адам Мақат ауданы Доссор кентінен Қызылқоға ауданы Қарабау ауылына қарай жолға шығып, түнге дейін оралмады. Телефон байланысы болмаған соң 10 қаңтар күні сағат 00:00-де жоғалған адамдардың туыстары Атырау облысы ТЖД аумақтық бөлімшесіне хабарласқан. Атырау облысы ТЖД күштері жоғалған 1984 ж.т., 1986 ж.т., 1996 ж.т. жоғалған адамдарды дереу іздестіру — құтқару жұмыстарына кірісіп, сағат 13:26- да ҚР ТЖМ МИ-8 тікұшағы пайдаланылған. 5 сағат бойы әуеден барлау жүргізілді. Түнгі сағат 00:00-ден бері ТЖД құтқарушылары автокөлікпен…
CaspianLife, 9 қаңтар — Енді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру үшін бюджеттен қаражат бөлінбейді. Үкіметтің шешімімен халық күнделікті тұтынатын 19 тауар кезең-кезеңмен бұл тізімнен алынып тасталынатын болады. Атап айтсақ, 2024 жылдың алғашқы жарты жылдығында тұз, ұн, макарон, қарақұмық, күріш, нан, сүт, картоп және жұмыртқа секілді 9 тауардың бағасын сатушылар өздері бекітеді. Ал, келер жылдың екінші жартысында қалған 10 тауар да бұл тізімнен шығарылады. Бірақ, бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын жаппай қымбаттатуға болады дегенді білдірмейді. Заңға сәйкес тауар бағасына қосылатын үстемақының 15 пайыздан асып кетпеуін бақылап отырамыз дейді әкімдіктегілер. Ризабек Мұсағалиев, Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы:…
