CaspianLife, 23 қаңтар. Маңызды цифрға мән беріңіз! 2010-2022 жылдар аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы несие сомасы 12,0 трлн теңге болатын 202,4 мың жоба қолдау алған. Мемлекеттік бағдарламаға қатысқан кәсіпкерлер осы жылдар ішінде: •83 трлн теңгенің өнімін шығарып; •5.5 трлн теңге салық төлеп; •962 мың жұмыс орындарын сақтап; •201 мың жаңа жұмыс орнын ашты. Қор жүзеге асыратын бағдарламалар ішінде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» сұранысқа ие. Бағдарлама аясында кәсіпкерлер несиесінің сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялап, банк талап еткен кепілдік жетпеген кезде Қордан несие пайызының 50 немесе 85 пайызына дейін кепілдік ала алады.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 23 қаңтар — Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев зілзала кезінде және одан кейін дүмпу барысында не себепті SMS хабар жіберілмегені және жаппай дабыл қағылмағаны жөнінде пікірін айтты. «Мұндай шұғыл сәтте SMS-хабардың қала тұрғындарына дереу жетпейтінін бұған дейінгі практика көрсетті. Операторлар ақпаратты өңдеп үлгермейді. Сондықтан бұл тәжірибені біртіндеп доғардық», — деді Нұрлан Атығаев. Оның сөзінше, зілзала туралы алғашқы ақпарат БАҚ-тарда 0 сағат 11 минутта жарияланған. Нұрлан Атығаевтың айтуына қарағанда, сейсмостанциялар 5,5 балдан асатын зілзала тіркегенде ғана қалада жаппай дабыл қосылады. «Түнде 4-5 балл арасында болды, сондықтан жаппай дабылды қосудың керегі болмады. Одан сайын шу-шұрқан көбейтіп, дүрбелең жасағамыз…
CaspianLife, 19 қаңтар — Бүгін Атырауда дүниежүзі православ христиандарының дәстүрлі «Крещение Господне» мерекесі атап өтілді. Бұл күні жүздеген қала тұрғындары арнайы ойылған мұз шұңқырына сүңгу үшін жиналды. Айта кетейік, Атырау облысында шомылуға арналған 7 орын дайындалған: қала аумағында «Орал» мейрамханасында, Тұрғындар қалашығы және Ғазиз Жұбанов көпірінде, біреуі Құлсарыда, қалғандары Махамбет, Құрманғазы және Индер ауданында. Ойық маңында киініп-шешінетін, жылынатын жер қарастырылған. Мереке күні суға түскен адамдардың қауіпсіздігін жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушылар қамтамасыз етті.
CaspianLife, 19 қаңтар — Қазақстанда біртұтас уақыт белдеуі құрылады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады. «Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы…
CaspianLife, 19 қаңтар — Мемлекет басшысы Eni компаниясының бас операциялық директоры Гвидо Брусконы қабылдады, деп хабарлайды CaspianLife Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Ақорданың хабарлауынша, әңгімелесу барысында Қазақстан мен Eni компаниясы арасындағы өткен жылғы ынтымақтастықтың нәтижелері және алдағы ықпалдастықтың әлеуеті қарастырылды. Былтыр Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы 63,5 миллион тонна мұнай тасымалданды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында мұнай өндірудің жалпы көлемі 30,8 миллион тонна болды. Президенттің пікірінше, Қазақстан Үкіметі мен консорциумның барлық қатысушысының, соның ішінде Eni компаниясының бірлескен күш-жігерінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе және Түркістан облыстарында жалпы қуаты 150 МВт болатын жел және күн…
CaspianLife, 18 қаңтар — Ақтауда үй улаймын деп көршісінің екі баласын өлтіріп алған әйелдің ісіне қатысты сот үкім шығарды. 48 жастағы тұрғын «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды және жәбірленушіге өтемақы төлеуі тиіс. «Қылмыстық кодекстің 304-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын Қылмыстық кодекстің 46-бабы 5-бөлігі 1-тармағына сәйкес қылмыстық атқару жүйесі барынша төмен мекемеде өтеу белгіленсін. Бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған үй қамақ бұзылсын. Сот залынан қамауға алынсын»,- деді Ақтау қалалық сотының судьясы Ақмарал Хасенова. Қайғылы оқиға былтыр 21 қазанда…
CaspianLife, 18 қаңтар — Бұл туралы мәлімет министрліктің ресми сайтында жарияланды. Ол бойынша өздеріне бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрса да жаяу жүргіншілер көліктерге жол беруі керек еді. Министрлік жобаны былтыр 30 қарашада «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталына жүктеп, талқыға салуға шығарған болатын. Алайда, бұған қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді. Олар әсіресе, мұның балалар мен жасы келген адамдарға қауіпті және жол-көлік оқиғасы көбеюі мүмкін екендігін алға тартып, жаңа ережеге қарсылық білдірді. «Бүгінде көлік жүргізушілерінің кейбірі бағдаршамның қызыл түсі жана бастағанда да қозғалысты жалғастыра береді. Егер, жаңа ереже күшіне енсе, жаяу жүргіншілерге қиын болар еді. Олар бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жақындап қалған…
CaspianLife, 18 қаңтар — Қалалық әкімдік «Жұлдыз-1» ықшам ауданындағы жер асты суының деңгейін төмендету үшін иглофильтрация әдісін қолдануда. Эксперименталды әдіс бойынша 40 шаршы метр жерге 20 иглофильтр 4 метр тереңдікке орнатылған. Жұмысқа жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, Нидерландыда шығарылған жабдықтар пайдаланылуда. Жалпы мұндай құрылғылар сағатына 90 текше метрге дейін суды соруға қауқарлы. «Осы методымыз оң қорытынды берген жағдайда толығымен осы ықшам аудандағы проблемалық учаскелерде осындай жерасты суын сору жұмыстары жалғасатын болады. Тәулік бойы су сорылып, атқарылатын болады. Нәтижесі 2-3 күнде белгілі болады. Осы алынатын диаметрі 20 метр диаметрінде су төмендеу күтілуде. Әсерін берген жағдайда жұмыс жалғасын табады»,-деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары…
CaspianLife, 18 қаңтар — «Бизнес ашқым келеді, неден бастасам болады» деген сұрақтар жиі түседі. Осыған орай бүгін «Даму» қоры бірнеше негізгі қағидалар бойынша кеңес беруді жөн көрді. «Бизнес – білімнен басталады». Ендеше: 1️-қадам: Білім. Айналыспақ болып отырған саладан хабарыңыз болуы керек. Интернеттен немесе ақылы-тегін өтетін курстардан кәсіпкерлік негіздері жайлы білім алыңыз. Өзіңізді қызықтырған бизнес саласы жайлы ақпарат жинаңыз. Нарықты зерттеңіз. Кәсібіңізге сұраныс бола ма, бәсекелестеріңіз көп пе – бәрі маңызды. 2️-қадам. Сауатты бизнес-жоспар. Бұрын жасап көрмеген, хабарыңыз жоқ болса damu.kz сайтындағы «Пайдалы ақпараттар» бөлімінен дайын бизнес-жоспар үлгілерін қарап, танысуға болады. Дұрыс жасалған бизнес-жоспар сізге грант байқауына қатысу немесе мемлекеттік бағдарламалар…
CaspianLife, 17 қаңтар — Қашаған кен орнының операторлары құны 5 млрд. доллар болатын дауды реттеуге жақын. Мұндай мәліметті Bloomberg ақпараттық порталы жазды. Яғни Eni, Shell, Exxon Mobil, Total және өзгелері қазақ билігімен келісім жобасын әзірлеген. Оған сәйкес алдағы екі жылда әлеуметтік жобаларға 110 млн доллар қаражат бөлінбек. Келісімнің соңғы нұсқасында кен орнын игеруші операторды күкірт көлемін азайтуға міндеттеу туралы норма да бар. Еске сала кетейік, былтыр Қазақстан билігі Қашағанды игеруші North Caspian Operating Companyдың күкіртті қоршаған ортаға шамадан тыс шығарғанын алға тартып, халықаралық соттан 2,3 трлн. теңге (шамамен $5 млрд) көлемінде айыппұл салуды талап еткен. Сот процесі әлі біткен жоқ. ҚР…
