Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 31 қаңтар — Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіремін деп, сыбайлас жемқорлық дамыған 100 елдің ішінен бір-ақ шықты. Transparency International ұйымының сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша еліміз 100-ден 39 балл жинап, 180 мемлекет арасында 92-ші орында тұр. Былтыр 101-орында болған едік. Transparency International сарапшылары бұған халықтың үлесі зор дейді. Қазақстан Үндістан, Лесото және Тунис елдерімен бір қатарда. Индекс мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық деңгейін көрсетеді, ол сараптамалық деректер мен қоғамдық сауалнамалар негізінде құрастырылады.

Read More

CaspianLife, 31 қаңтар — Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы өткен жылдың маусым айында Атырау қаласы аумағында синтетикалық есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сатқан 43 жастағы облыс тұрғынын анықтаған еді. Ол саудасын интернет желісі және жасырын тығу әдісі арқылы жүргізген. Тексеру кезінде күдіктіден құны 3,5 млн теңгеге жуық болатын 200 доза «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісі тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу нәтиженсінде 43 жастағы күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі толық дәлелденді. Тергеу кезінде күдіктінің Telegram әлеуметтік желісі арқылы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу, сатып алу және сақтаумен айналысатын жұмыс іздеп тапқаны анықталды. Сондай-ақ,…

Read More

CaspianLife,29 қаңтар — Қазақстанда бес дәріге тыйым салынды. Үкімет қаулысы бойынша, бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізбесіне өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құжатқа сәйкес, медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынған есірткі заттары бөліміне пара-флуорофентанил (пара-фторфентанил), брофин және метонитазин қосылды. Фентанил — синтетикалық күшті анальгетик. Көбінесе ол анестезиологияда, фельдшерлік медицинада және апаттар медицинасында қолданылады. Препарат тәуелділікті және тіпті физикалық тәуелділікті тудырады. Брорфин халық арасында «күлгін героин» деп аталады. Бұл пиперидин негізіндегі опиоидты анальгетик. Егер жиі пайдаланылса, ол да тәуелділікті тудырады. Метонитазен күшті синтетикалық опиоидтарға жатады және героин мен фентанилге ұқсас әсер етеді. Сондай-ақ, бірнеше психотроптық заттарға тыйым салынды:…

Read More

CaspianLife,29 қаңтар — Қазақстанда жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда екі жаңа тәжірибе қолданысқа енгізілмек. Біріншіден, енді пара алуға ауызша не жазбаша келісім берудің өзі парақорлыққа жатқызылатын болса, екіншіден Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында жемқорлардың тізімі жарияланып тұрады. Мұндай ұсыныстарды «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Мәжіліске ұсынатыны туралы хабарлады. «Қазақстанның Қылмыстық кодексіне жаңа 366-1 бап енгізіледі. Онда «Пара алуға келісім беру, пара сұрау немесе талап ету» деп жазылған. Яғни, ауызша, жазбаша не электронды формада пара алуға келісу осы жаңа бап бойынша жазаға тартуға негіз болады. Тіпті, WhatsApp желісіндегі хабарламаның өзі жеткілікті. Біз коррупция туралы ойдың өзін…

Read More

CaspianLife,29 қаңтар — 23 қаңтар күні Жетібай ауылының тұрғыны көрші тұратын 20 жастағы жігіт пен 14 жастағы қызды пышақтап, қыз баланы зорламақ болған. Қазіргі таңда, күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жетібай ауылдық директоры Берік Қауновтың мәлімдеуінше, қыз баланы ертең ауруханадан шығарады. «Пациенттердің жалпы жағдайы жақсы деп айтуға болады. Қазір олардағы операциядан кейінгі жаралар орнының ауырсынуы қалыпты жайт. Жара орындарында қабыну белгілері жоқ, таза. Қазіргі уакытта пациенттерді облыс орталығына ауыстыру қажеттілігі туындап отырған жоқ. Қыз баланы ертең ауруханадан үйіне шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Ал ағасы әлі де ауруханада дәрігерлік бақылауда болады», — деді Б. Қаунов.

Read More

CaspianLife, 29 қаңтар — Қайғылы оқиға Курилькино ауылындағы Жайық өзенінде болды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қаңтар күні сағат 13:08 шамасында Жайық өзенінде жеңіл көлік мұзға құлаған. Салдарынан 31 жастағы жүргізуші қайтыс болып, қасында болған 17 жастағы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. «Жайық өзенінде мұз жарылып, көліктің суға құлау оқиғасы тіркелді. Бұл жерге суды үнемдеу тобының төрт құтқарушысы мен бір техника жұмылдырылған. Оқиға орнында 1992 жылы туған жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. 2006 жылы туған жолаушы облыстық ауруханаға жатқызылды» делінген әкімдік хабарламасында. Атырау қаласының әкімдігі мұздағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

Read More

CaspianLife, 29 қаңтар — Әділет министрлігі қазақстандықтарға тағы бір кең тарап жатқан жаңа алаяқтық схема туралы ескертті. Cоңғы кездері алаяқтар өздерін әділет органдарының немесе сот орындаушысы өкілдеріміз деп таныстырып, қазақстандықтардың жеке деректерін сұрай бастаған. Өзін әділет қызметкері немесе сот орындаушысы ретінде таныстырған алаяқтар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттап, жүргізуші куәлігін тоқтата тұрумен және т. б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешекті өтеуді талап етуде. Министрлік мұндай қоңыраулар түскен жағдайда азаматтар атқарушылық іс жүргізудің бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (МАЖ ААЖ) немесе aisoip.adilet.gov.kz сайтына кіріп өз бетінше тексере алатынын еске салды.

Read More

CaspianLife, 29 қаңтар — Х.Досмұхамедов университетінің 81 студенті ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуға аттанды. Бұл аталған оқу орыны үшін жақсы көрсеткіш. Білім алушылар еліміздегі 17 жоғары оқу орынын таңдаған. Биыл аталған бағдарламаға қатысуға 100-ден астам білім алушы өтініш берген. Университеттің тіркеу офисі үміткерлердің жинақталған құжаттарын мұқият тексеріп, талапқа сай келгендерін іріктеп, оқу орнының басшысы бұйрық шығарған. Университеттің көптілді білім беру факультетінен 38 студент академиялық ұтқырлықпен білім алуға мүмкіндік алған. Олардың қатарында «шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығынан 17 «аударма ісі және аударматанудан» 10, «қазақ тілі мен әдебиетінен» 7 студент бар. Ал, экономика және құқық факультетінен 20, гуманитарлық ғылымдар және өнер…

Read More

CaspianLife, 24 қаңтар — Енді елімізде жаңа туған нәрестелер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева айтты, – деп хабарлайды CaspianLife. Депутат Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. – Жаңа туған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады. Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп отыр, – деді Смышляева.

Read More

CaspianLife, 24 қаңтар — Анасы кінәлілердің жазалануын талап етуде. Оқиға 20 қаңтар күні Қарақиян ауданы, Құрық ауылында болды. Он шақты жасөспірім көшеде 14 жастағы ІІІ топ мүгедегіне шабуыл жасап, оны соққыға жыққан. Оқиға туралы жәбірленушінің анасы Әсем Рахымбердиева айтты. Оның сөзінше, бір топ жасөспірім оның 14 жастағы ұлын себепсіз ұрып-соққан. Сонымен қатар, полиция істі дұрыс тергемей отыр. «Менің балам екінші дәрежелі эпилепсиямен ауырады. Оған 14-15 жастағы жігіттер себепсіз шабуыл жасаған. Таяқ жеген ұлым үйге келіп, бәрін айтып берді. Мен жедел жәрдем мен полиция шақырдым. Күдіктілерді бейнебақылау камералары арқылы таптық», — дейді Әсем Рахымбердиева. Зардап шегуші Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жіберілді.…

Read More