Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 9 ақпан — Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚР Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. «Ол тауарларды Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекараларының іргелес учаскесінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде заңды қызметін жеделдетіп және кедергісіз жүзеге асыру үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 2 100 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді»,-делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 5 ақпан — Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаулыға қол қойды. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін», — делінген қаулыда.

Read More

CaspianLife, 2 ақпан — 7А ықшамауданының жағажайында орналасқан мына қоғамдық әжетхананың жағдайы мәз емес. 31 қаңтар күні түсірілген видеоға сүйенсек, дәретханада қарапайым су жоқ: қол жуғышта да, әжетхананың өзінде де. Арнайы диспенсер тұрса да, ішінде қағаз сүлгі мен дәретхана қағазы да болмаған. Айта кетейік, мұндай 5 модульді әжетхананы орнатуға бюджеттен 87 миллион теңге бөлінген еді. Қазір бір рет қажетіңді өтеп шығу үшін 100 теңге төлеу керек және ақысын дәретхана есіктерінде ілінген QR коды бар жапсырмалар арқылы төлейді. Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бұл жағдайға түсініктеме берді: «Бұған дейін тұрғындардан қоғамдық дәретханаларға қызмет көрсететін компанияларға қатысты шағымдар көп болатын. Қала…

Read More

CaspianLife, 2 ақпан — 2024 жылғы 5 ақпаннан бастап «Даму» Қоры жаңартылған «Бірыңғай кешенді бағдарламаны» жүзеге асыра бастайды. Бағдарлама шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан тиімді қолдау көрсетіп, экономиканың түрлі салаларындағы бәсекеге қабілетті әрі импорттың орнын басатын отандық жобаларды дамыту үшін бекітілді. Кешенді қолдау шаралары кәсіпкерлікті қолдауға арналған бұрынғы бағдарламаларды жетілдірді және алты бағыт бойынша қолдау көрсетеді.  «Микрокәсіпкерлік»; «Шағын және орта кәсіпкерлік»: «Өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік»; «Моно- және шағын қалалар, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік»; «Әлеуметтік кәсіпкерлік»; «Қор биржасы». Бағдарама аясында негізінен өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу және жоғары технологиялық қызметтегі жобалардың несие мөлшерлемесін…

Read More

CaspianLife, 2 ақпан — Бұл туралы Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №15 мекемесінің (ерлер колониясы) жедел бөлімінің бастығы Мұратбек Бермаханов хабарлады. Оның айтуынша, 29 қаңтарда №15 мекеме (ерлер колониясы) қызметкерлері №5546 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерімен бірге «Еңбек Батыс» РМК «Газель» автокөлігін тексеру барысында тыйым салынған заттар анықтады. Көлік ерлер колониясына азық-түлік тасымалдаған. Тексеру барысында еттің ішінен екі құты психотроптық дәрі салынған жасырын орама табылды (87 таблетка трамадол). Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (2-бөлігі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Read More

CaspianLife, 1 ақпан — Бүгін «Атырау Жарық» АҚ қарасты қосалқы станция қызметкерлері жалақыны көтеруді талап еткені жөнінде жазған едік. «Атырау Жарық» АҚ мекемесі осы ақпаратқа жауап берді. «Атырау Жарық» АҚ-ы мекемесінде 2023 жылдың шілдесінен бастап электр энергиясын беру тарифі көтеріліп, жұмысшылардың жалақысы орта есеппен 20% — ға артқан болатын. Ал жылдың соңында «Атырау Жарық» АҚ-ы тариф өсірген емес. Сонымен қатар, «АтырауЭнергосату» ЖШС-і ағымдағы жылдың қараша айында тарифтерін өсіргені белгілі, алайда бұл басқа кәсіпорын болып табылады. Жұмысшылар қате түсініп, осыны меңзеп отырған болуы керек. Басқа кәсіпорындарында тарифті (немесе жалақыны) арттырудың «Атырау Жарық» АҚ-ы қызметкерлерінің жалақысына әсері жоқ. Әрбір кәсіпорын жалақыны бекітілген…

Read More

CaspianLife, 1 ақпан — Маңғыстау облысындағы «Өзен» кен орнында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады «ӨзенМұнайСервис» компаниясының баспасөз қызметі. Жазатайым оқиға 2024 жылдың 27 қаңтарында түнгі ауысымда болған. «Өзен» кен орнындағы ұңғымалардың бірінде күрделі жөндеу кезінде жазатайым оқиға болып, мердігер компания – «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС жұмысшысы қаза тапты», — деп жазылған хабарламада. Қазіргі кезде комиссия оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтап жатыр. Бұл жағдай жұмыс беруші компания «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС мен «Өзенмұнайсервис» ЖШС басшылығының ерекше бақылауында болады. «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС қаза болған жұмысшының отбасына қажетті материалдық көмек көрсетуге дайын екенін хабарлаған.

Read More

CaspianLife, 1 ақпан — Редакциямызға «Атырау Жарық» АҚ қарасты қосалқы станция қызметкерлерінен хат келді. Олар мекеме басшылығына айлықты көтеруді сұрап, қызметтік жазба қалдырған. Алайда, әзірге жауап жоқ көрінеді. Былтыр жылдың соңында тариф бағасы көтерілгенмен қызметкерлердің жалақысы өзгеріссіз қалды дейді мамандар. Ал азық-түліктің, коммуналдық қызметтің құны күннен күнге қымбаттап барады. Тарифтің көтерілгеніне 3 ай уақыт өткен. Қызметкерлердің берген ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта ең төменгі 2-разрядты жұмысшылардың айлығы – 78 мың теңге. Сондықтан қызметкерлер басшылықтың еңбекақыны 40-50 пайызға дейін көтергенін қалайды.

Read More

CaspianLife, 31 қаңтар — Жамбыл облысының Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылы маңында ірі жол-көлік оқиғасы болды. 26 көлік соқтығысқан ірі апатқа қарлы боран мен тасжолдағы көктайғақ себеп болған, — деп хабарлайды CaspianLife. Жамбыл облысы ПД мәліметінше, 31 қаңтарда таңертең «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тасжолдың 567-шақырымында ірі жол апаты болған. «Ауа райының қолайсыздығынан (көктайғақ, жолдың көрінбеуі, қарлы боран) 26 көлік (4 жолаушылар автобусы, 4 жүк көлігі және жеңіл көлік) жол-көлік оқиғасына тап болды. Апат салдарынан қаза тапқандар жоқ. Момышұлы ауылындағы орталық аудандық ауруханаға 25 адам түсті», — деп хабарлады облыстық Полиция департаменті. Нұрлыкент ауылының «Мәдениет үйі» жылыту пунктіне…

Read More

CaspianLife, 31 қаңтар — Депутаттар «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы» заң жобасын қарастыруды алға тарта отырып педофильдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ұсынды. Ұсынылған заң жобасында ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру әкімшілік жаза емес, қылмыстық жаза ретінде қарастырылған. Сонымер қатар, заң жобасында:  жәбірленушіні күтпей-ақ зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн-платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шаралар қабылдау құқығын беру;  отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілетін беру;  педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы арнайы норма қарастырылған.

Read More