CaspianLife, 21 ақпан — Ақтауда хакер үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған адам Қазақстан азаматтарының жеке деректерін заңсыз алмақ болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Ақтау сотының Қазақстан азаматына қатысты үкімі заңды күшіне енді. Ол ҚК-нің 147-бабының 3, 4-бөлігі, 205-бабының 2-бөлігі және 208-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Хабарламада шабуылшының үш жылға бас бостандығынан айырылғаны да айтылған. «Тергеу сотталғанның еліміздің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының аса маңызды объектілері болатын мемлекеттік ақпараттық жүйелерге заңсыз қол жеткізгенін анықтады» деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі. Комитет жауапкердің қазақстандықтардың жеке деректерін одан әрі ақшалай өтемақы үшін үшінші тұлғаларға беруге…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 20 ақпан — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің директорының орынбасары және бас инженері болып Еркін Сүлейменов тағайындалуы мүмкін. Ол қазіргі таңда аталған кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау департаментінің директоры. Бұған дейін Еркін Борисұлы «АМӨЗ» ЖШС-де («АМӨЗ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да (мұнай өңдеу департаментінің директоры) басшылық қызметтерде болды.
CaspianLife, 19 ақпан — Әлеуметтік желіде Атыраудағы балабақшада арақ ішкен әйелдердің видеосы тарады. Бейнероликте әйелдердің бір-бірімен рюмка түйістіріп, арақ ішіп отырғандары анық көрінеді. Оқиға 14 ақпан күні №2 «Ақсұңқар» бөбекжай-бақшасында тіркелген. Атырау қаласы маңындағы Көкарна ауылындағы балабақшада орын алған жағдайға байланысты қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр. «Ақсұңқар» бөбекжай-бақшасының әкімшілігі видеодағы әйел адамдар балабақшаның ас үйіндегі техникалық қызметкерлері екені атап өтті. Орын алған жағдайға байланысты тиісті түсініктемелері алынып жатыр. Әкімшілік теріс әрекет көрсеткен әйел адамдар педагогтар емес екендігін жеткізді.
CaspianLife, 19 ақпан — Мамандар компания туралы бұрын әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратты зерттеп жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметіне өндірістік, қаржылық және құқықтық аспектілер бойынша егжей-тегжейлі аудит жүргізілмек. ҚМГ зауыт қызметкерлерімен туындаған барлық мәселелерді талқылауға дайын. «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев кәсіпорында өндірістік кеңес өткізді. Зауыт жұмыс істеп тұрғаны және мұнай өнімдерін қалыпты түрде жөнелтуді жалғастырып жатқаны атап өтілді.
CaspianLife, 17 ақпан — Әлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауытында апат болғаны жайлы хабар тарады. Осыған орай «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мәлімдеме жасады. «Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдайға қатысты әлеуметтік желіде соңғы жарияланған бүкіл ақпараттың назарға алынып, қарастырылатынын хабарлаймыз. Жақын арада арнайы комиссия кәсіпорында толық тексеру жүргізеді» дейді компаниядан. Жалпы өндірістік процесс бұзылған жоқ. «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев Атырау мұнай өңдеу зауытындағы қазіргі ахуал туралы мәлімет берді. «Бүгінгі таңда Атырау мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ескертулер жоқ. Сонымен бірге, ҚазМұнайГаз басқарма төрағасының тапсырмасымен кешегі әлеуметтік желіде тараған мәліметтердің қорытындысы бойынша тексеру жүргізу үшін жұмыс тобы…
CaspianLife, 15 ақпан — Атыраулық журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеп жіберді деп айыпталған азаматқа сот үкім кесті. Атырау қаласының №2 сотының судьясы Тыныштық Нұримова сотталушыны бірнеше жылға бас бостандығынан айырды және оны 25 млн теңгеден астам шығынды өтеуге міндеттеді. Осылайша тоғыз айға созылған сот процесіне нүкте қойылды. «Қылмыстық процестік кодекстің 387,390,393,395,398,401,402 баптарын басшылыққа алып сот үкіметі Ермұханов Данияр Маратович ҚР қылмыстық кодекісінің 202 бабының, 3 бөлігі мен 2 тармағында көзделген қылымыстық құқықбұзушылықты жасаған үшін кінәлі деп танылсын. Оған 5 жыл мерзімінде бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Қыымыстық кодексінің 60 бабының 1,2 бөлігінде осы үкіммен тағайындалған жазаға Атырау облысы, Атырау қаласының №2…
CaspianLife, 15 ақпан — Катарлық Power International Holding компаниясы Tele2 және Altel байланыс оперторларын сатып алмақ, деп хабарлайды CaspianLife. «Самұрық-Қазына» қорының мәліметінше, қазір «Қазақтелеком» және Катар холдингімен телекоммуникация саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Яғни, «Power International» холдингі «Қазақтелекомға» тиесілі «Мобайл Телеком-Сервис» (Tele2 және Altel) компанияларын сатып алуды жоспарлап отыр. «Келіссөздерді жақында ғана бастадық, әрине, бүгін Power International Holding компаниясымен алдын ала келісімге келдік. Алдағы уақытта сату-сатып алудың барлық шартты рәсімдерін талқылап, бекіту қажет. Сондықтан нақты сан, мәміле сомасы туралы айтуға әлі ерте. Біз стратегиялық инвестор ретінде Pih сияқты беделді және тұрақты компанияның ниет білдіргеніне ризамыз, себебі ол Қазақстанда танымал…
CaspianLife, 15 ақпан — Қазақстан бензин мен дизельдің жаңа бағасын белгілеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды CaspianLife. «Ашық НҚА» порталында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрық жобасы жарияланды. Ол 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауда болмақ. Бұйырық жобасында, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылған: Аи-80 маркалы бензин – 1 литріне 89 теңге; Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литріне 205 теңге; дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литріне 295 теңге. «Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі»,…
CaspianLife, 14 ақпан — Атырау облысында күкірт тиелген вагондар рельстен шығып кетті, — деп хабарлайды CaspianLife. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 ақпан күні сағат 03:25-те Құлсары стансасында «Теңізшевройл» ЖШС-не тиесілі тепловоздың жеті вагоны рельстен шығып кеткен. Тепловоздағы вагондардың жалпы саны – 62. Вагондарға тиелген күкірт төгілмеген. Зардап шеккендер жоқ. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ қалпына келтіру пойызы Мақат ауылына жол тартты.
CaspianLife, 13 ақпан — Атырауда №42 мектептің оқушысы ақша талап етіп, қатарласын соққыға жыққан. Бет-аузы қанжоса болған ұлын көрген Нұргүл Жұбатырова бірден мектепке келген. Баласының мұрнынан саулаған қан еденде сол күйі жатыпты. Бейнекамерадағы жазбада алаңсыз отырған жеткіншекті өзге оқушының әуелі жұдырықпен бетінен ұрғаны, сәлден соң бетінен тепкегі анық көрінеді. Келіншектің сөзінше, мұндай жағдай бұрын да болған. Ол баласының өзге мектептен ауысып келгелі бері теперіш көріп жүргенін айтады. «Мектепте балалар 500 теңгеден, 1000 теңгеден сұрайды. Бермесең ұрады ,- дейді. Күнде таяқ жеп келеді екен. Қолдарының бәрінде көгерген бар. Баламды шешіндіріп, дәлелдеп көрсете аламын. Мектеп басын алып қашып отыр. Қанша келіп ескерттім,…
