CaspianLife, 28 ақпан — Мәжіліс екінші оқылымда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қабылдады. «Атап айтқанда, түзетулер денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, суицидті насихаттауды қылмыстық жауапкершілікке тартуды қарастырады. Сонымен қатар, бала өлтіру немесе кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық қылмыс жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру енгізіледі».
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 28 ақпан — «5 миллиард доллар айыппұл төлемеймін» деп Атырау экологтарымен дауласып жүрген НКОК компаниясы сотта жеңіліп қалды. Астанадағы апелляциялық сот алқасы Атырау облыстық экология департаменті қызметкерлерінің Қашағанда жүргізген тексеріс нәтижесін заңды деп таныды. Бұл туралы энерджи монитор телеграм каналы хабарлады. «Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023-жылдың 14-маусымындағы шешімі өзгертілсін. 3, 6, 9 тармақтарда көрсетілген заңсыздықты жою туралы ұйғарым жойылып, заңсыз деп танылсын. Жаңа шешім шығарылсын, — делінген сот алқасының шешімінде. Сот алқасы Қашаған кен орнын игеріп отырған оператордың экологиялық талапты орындамағандығын, арнайы жасақталған жобаның жоқтығын және қоршаған ортаға әсер етуді бағалауды алдын ала өткізбей, өндірістік процеске айтарлықтай…
CaspianLife, 28 ақпан — 14 наурызда Атырауда Ұлттық Құрылтайдың отырысы өтеді, оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Шара Қазақ хандығының ежелгі астанасы атанған Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылында өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, Атырауға Мемлекет басшысымен бірге мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да келеді. Жергілікті билік Қазақстан Республикасының Президенті мен министрлерінің қарсы алуға дайындықты бастап кетті. Атырау қаласында әуежайдан облыс әкімдігіне дейінгі жолдардағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ қазіргі таңда Махамбет-Атырау тас жолында ауыр жүк көліктерінің аялдамасын ұйымдастыру мәселелері де қарастырылуда. Наурыз айының басынан бері коммуналдық қызметтер шараға қызу дайындықпен кіріседі.
CaspianLife, 28 ақпан — Кеше Атырау мұнай өңдеу зауытының шенеуніктеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат тараған еді. Ал бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-бас директоры Мұрат Досмұратовтың 72 сағатқа қамауға алынғаны туралы ақпарат келді. Ол билігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Сотқа дейінгі тергеу аясында келтірілген шығын әзірге шамамен 2 миллиард теңгені құрайды.
CaspianLife, 28 ақпан — Мамандардың айтуынша, көлікті жол ережесі бойынша жол жиегінде жылытуға болады. Тұрғын үйлердің ауласында 5 минуттан артық тұрса айыппұл салынады. “Тұрғын ауданда немесе автотұрақта көлікті тұрғындарға қолайсыздық тудыратындай етіп 5 минуттан артық оталдырып, өзі салонда болмаса, бұл – заңбұзушылық. Оларға «Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу» бабы бойынша жазаланып, 5 АЕК, яғни 18 мың теңгеге жуық көлемде айыппұл салынады”, – деді маман. Мамандар жаңа көліктерді ұзақ қыздырудың қажеті жоқ екенін айтады. Көптеген автомобильдер үшін қозғалтқышты шамамен 30 секунд қыздыру жеткілікті. Майдың температурасы 40 градусқа жетуі керек. Содан кейін көлікті басқаруға болады.
CaspianLife, 27 ақпан — 26 ақпан күні сағат 18:30-да бутенді олигомеризациялау қондырғысында қондырғыны іске қосуға арналған бензин коллекторынан қуыс табылған. — Өнімді жылдам ығыстыру үшін бұл желіге 15 кгс/кв қысыммен су жіберілді. Қазіргі уақытта ақауды жою бойынша жедел шаралар қабылданды. Барлық технологиялық қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр, мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сәйкес жүргізілуде, деп хабарлады баспасөз қызметі. Әзірге қанша бензин төгілгені белгісіз, қызметтік тергеу жүріп жатыр. «Қазіргі уақытта зауыт прокурорлар мен экологтар тарапынан кешенді тексеруден өтуде, бұл жерде бензиннің төгілу фактісі ескеріледі», — деп хабарлады табиғатты қорғау департаментінің баспасөз қызметі.
CaspianLife, 26 ақпан — Бейнеу ауданында 19 ақпан күні қоғамдық тамақтану орталығында ас ішкен 36 адам уланып, 28 адам ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ресми мәлімдеді. 8 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем тағайындалған. Дәрігерлер айтуынша, ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Уланғандар «Али-Ман» атты дәмханада тамақтанған. 22 ақпаннан бастап мекеменің қызметі уақытша тоқтатылды. «Науқастарды облыс орталығына тасымалдау үшін тиісті көрсеткіш жоқ. Облыстың бас инфекционист-дәрігерімен телемедицина арқылы консилиум ұйымдастырылып, тиісті ем-дом тағайындалды. Бейнеу аудандық көпсалалы ауруханасы дәрі-дәрмектердің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген және тағы 20 төсек орын дайындалады. Амбулаториялық ем алатын науқастарға…
CaspianLife, 23 ақпан — Атырауда құран жаттау және діни сауат ашу орталығы ашылды, деп хабарлайды CaspianLife. Салтанатты іс-шараға Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай Өтпенов пен облысқа белгілі ақсақалдар қатысты. Иманғали мешітінің өкілі Арман Исаевтың айтуынша, бұл жерде кез келген адам құранды тегін үйрене алады. Оларға 10 діни маман сабақ береді. Ғимаратта оқу бөлмелерінен бөлек, «Дін мен дәстүр» деп аталатын медиа орталық пен «Отбасыға кеңес беру» кабинеті де бар. Сонымен бірге, спортқа арналған бөлме де жабдықталған. «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев: — Өңірімізде ашылып отырған екінші медресе болып есептеледі. Ер және әйел адамдарды қамтимыз деген ойымыз бар. 40 баланы оқытамыз деген…
CaspianLife, 23 ақпан — Атыраулық полицейлер облыс орталығында жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желіге жүктемеймін және құзырлы органдарға хабарламаймын деп 2 млн теңге бопсалаған 26 жастағы блогерді ұстады. Күдікті ақпан айы басталғалы кәсіпкердің азық-түлік сататын маркетінің қызметін бірнеше мәрте бейнежазбаға түсіріп, тауар салынған сөрелерін ақтарып шу шығарған. Кейін оны жарияламау үшін 2 млн теңге қаражат сұрап, 47 мың теңгені құрайтын тауардың ақысын төлемей алып кеткен. Сондай-ақ, ақпан айында сот ғимаратындағы қызметтік бөлмедегі киім қалтасынан 20 мың теңге қаражатын ұрлағаны анықталды. Қазір күдікті қамауда, ұрлық және бопсалау деректеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оның өзге де қылмысқа қатыстылығы…
CaspianLife, 22 ақпан — Атырауда ертең сейсмикалық жаттығу өткізіледі. Соның аясында дабыл сиренасы іске қосылады, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті. Сирена үні сағат ертеңгілік 10-нан бастап түске дейін естілетін болады. «Бұл уақыт аралығында үрейге берілмей, тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз» дейді мамандар.
