Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 4 наурыз — Оразаның алғашқы күні – 11 наурызда сәресі таңғы сағат 06.29 минутта басталады және сағат жетіден 50 минут кеткенше ауыз бекітіліп болуы тиіс. Ал сол күнгі ауызашар 19 сағат 36 минутта басталады. Құптан намазы 20 сағат 56 минутта оқылады. Айта кетейік, Оразаның соңғы күні – 9 сәуір. Ал 10 сәуірде Ораза айт мейрамы тойланады. Сәуір айының 5-інен 6-сына қараған түні — Қасиетті Қадір түні.

Read More

CaspianLife, 4 наурыз — Отандық кәсіпкерлерді қолдайтын «Бірыңғай кешенді бағдарлама» алты бағыттан тұратынын бұған дейін жазғанбыз. Үшінші бағыты – «Шағын, орта және ірі бизнесті қолдау» деп аталады. Бұл бағытта несие алғысы келетін кәсіпкерлерге берілетін субсидияның негізгі шарттары: ❇️Мақсаты: ✅Инвестиция ✅Айналым қаражатын толықтыру ❇️ Субсидия мерзімі: ✅ өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар үшін – 5-7 жылға дейін (ЭҚЖЖ қарай), қалған салаларға – 3 жылға дейін ✅ айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылға дейін ❇️ Кәсіпкер төлейтін сыйақы мөлшерлемесі: ✅ өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар үшін жылдық пайыз: алғашқы 3 жылда 8%, 4-ші жылдан бастап 9%; 5-ші жылы 10% ✅ қызмет көрсету саласындағы жобалар үшін жылына…

Read More

CaspianLife, 4 наурыз — Құрманғазы ауданындағы Сафон ауылдық округіне қарасты Каспий теңізінің жағалауында 700 гектар жерді өрт шалды. Екі күн бұрын басталған өрттің неден шыққаны белгісіз, — дейді құтқарушылар. Қазір тілсіз жауды сөндіру жұмысы жасалып жатыр. Оның басы-қасында 40-қа жуық адам жүр. Олар аудандағы №7 өрт сөндіру бөлімінің және орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері. Өртке қарсы 10 техника пайдаланылуда. Бүгін ауданға тікұшақ барыпты. Оның көмегімен әуелі барлау жасалып, жалын сөндірілмек. -Елдімекендерге еш қауіп жоқ. Себебі Қиғаш өзені және оның тармақтарымен жан-жағымен қоршалған. Сол себептен елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ. 700 гектар аумақта өрт болған. Қазіргі кезде оның бір 100 гектары жанып жатырған…

Read More

CaspianLife, 1 наурыз — Атырауға «Қазмұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев келді. Ол Атырау мұнай өңдеу зауыты мен KPI-ға барды. Қазмұнайгаз басшысы алдымен мұнай өңдеу зауытындағы басты технологиялық қондырғылар, негізгі эстакадаларды аралап, теміржолды көрген. Кәсіпорын басшысының міндетін атқарушы Олег Лызлов жуықта жанармай төгілгенін растап, бірақ бұл жағдайдың өндіріске әсер етпегенін айтты. Және бутендерді олигомеризациялау қондырғысы мен автоматтандырылған ашық түсті мұнай өнімдерін құю қондырғысының жұмысы туралы мәлімет берді. Ресми мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өнім шығару мен жөнелтуде іркіліс жоқ. Былтыр зауытта 5,5 млн тонна мұнай өңделіп, 4,9 млн тоннаға жуық тауарлық өнім шығарылған. Орташа өңдеу…

Read More

CaspianLife, 29 ақпан — «Атырау облысындағы жолдардың жағдайы жыл аяғына дейін 88 пайызға жақсарады», -дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек Мұханбетәлиев. Былтыр жасалған жұмыстарды жіпке тізгендей қып айтқан басшының сөзіне сенсек, өткен жылы жоқ жерге жол салып, барын жөндеу үшін жергілікті және республикалық бюджеттен жалпы мөлшері 54 миллиард тг бөлініпті. Бұл қаражат жалпы ұзындығы 966 шақырымға есептелген. 2023-те басталған жұмыс әлі де жасалып жатыр. Ал, биыл 34 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Басшы осыдан 5 жыл бұрын басталып, әлі күнге дейін созылып келе жатқан жолдарға қатысты да айтты. Мысалы «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» трассасының осы уақытқа дейін 77 шақырымы…

Read More

CaspianLife, 29 ақпан — Оқиға бүгін сағат 13.20-да Ақшұқыр бағытындағы 17-өткізу бекетінің маңында болды. Полиция көлігі кем дегенде 150 км/сағ жылдамдықпен өзге көлікті басып озған. Куәгерлердің айтуынша, ол жол жиегіне шығып кетіп, жарық бағанасын құлатқан. Кейін қарсы жолға шығып, Opel көлігімен соқтығысқан. Opel көлігінде кішкентай бала болыпты.

Read More

CaspianLife, 29 ақпан — Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сақтады деген күдікпен 21 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Тінту кезінде күдіктіден Retay маркалы тапанша, жиналмалы пышақ табылды. Сондай-ақ, қала аумағында синтетикалык есірткіні жасырған мекен-жайлары да анықталып, сатуға дайындалған есірткі орамалары тәркіленді. Қазіргі таңда 21 жастағы күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Read More

CaspianLife, 29 ақпан — Абдолла Әбдірахманов 1921 жылы Гурьев облысы, Жылыой ауданы, Амангелді ауылында (қазіргі Ақкиізтоғай ауылы) дүниеге келген. Атасы Әбдірахман діни сауатты болған. 1938 жылы «халық жауы» ретінде тұтқындалып, кейін бостандыққа шығады, ал 1941 жылы қайтадан тұтқындалып, Шымкент түрмесінде қайтыс болды. 22 жастағы Абдолла Әбдірахманов соғыс жылдарында Қосшағыл ауылында мұнай өндіруші аға оператор болып жұмыс істеген. 1948 жылы 6 маусымда небәрі үш жылдық білімі бар жас жігітті Ішкі істер халық комиссариаты «жапон тыңшысы» деген айыппен ұстайды. Бір айдан кейін Гурьев облыстық соты оны КСРО Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10 және 14-тармақтары бойынша он жылға мәжбүрлі еңбекпен түзеу лагеріне жіберді. Әбдірахманов…

Read More

CaspianLife, 29 ақпан — Бүгін сағат 15:00-ден бастап, 5 наурызға дейін «Тұрғын үй қалашығы-Авангард» көпірінің бір жақ бөлігі ағымдық жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Көлік қозғалысы үшін автокөлік жүргізушілеріне бір жолақтан жол жүру қарастырылған.

Read More

CaspianLife, 29 ақпан — Жылына бір рет келетін кібісе жылы туралы не білеміз? Деректерде бұл жыл туралы ақпарат ежелде Мысырда пайда болғаны айтылады. Яғни 366 күнге толған жыл кібісе деп аталады екен. Ал 29 ақпанға «кібісе күні» деген атау берілген. Кібісе жылы 4 жылда бір рет айналып келеді. Демек 29 ақпан да 4 жылда бір рет келіп отырады. Ал Қазақстанда осы күні дүние келген қанша адам бар? Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1992 жылы туған 250 ер адам, 191 әйел адам бар. Ал 1996 жылы дүниеге келген 219 ер адам, 197 әйел адам бар. 2000 жылы дүние есігін ашқан 242 ер…

Read More