CaspianLife, 12 наурыз — Мақат аудандық мәслихатының кезекті 11-ші сессиясы өтіп, онда бір ғана мәселе қаралды. Аудан әкімі Ринат Ибрагимов 2023 жылы атқарылған жұмыс пен биылғы жоспар туралы баяндады. Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, білім, спорт, мәдениет, инфрақұрлым бағытында жасалған шаруаға тоқталған аудан әкімі жұмыссыздық мәселесінің де біртіндеп шешіліп келе жатыр деді. — Сапалы жұмыс орындарын құру бойынша өткен жылы жұмыс іздеуші ретінде 2138 адам хабарласып, оның 1174 адамы әртүрі белсенді шараларға қатыстырылып, тұрақты жұмысқа орналасып, 106 пайызды құрап отыр. Алғашқы жұмыс орны бойынша 21 жұмысқа жіберілді, Ұлттық жоба шеңберінде 2293 адам белсенді шараға қатыстырылды. Нәтижесінде жастар тәжірбиесіне 122 адам, қоғамдық жұмыстарға…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 12 наурыз — Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының жедел деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 11 наурызда әзірбайжандық сейсмологтар Каспийде магнитудасы 3,9 балл болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды CaspianLife. Әзірбайжандық сейсмологтардың хабарлауынша, жер сілкінісі эпицентрінің координаттары солтүстік ендіктің 39,40 және шығыстың 51,77 бойлығында болған. Жер асты дүмпулері Баку уақытымен 16:53 аралығында тіркелген. Осы факті бойынша Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл нөмірлеріне қиратулар туралы қоңыраулар түспеген.
CaspianLife, 10 наурыз — Атырауда С.Бейбарыс көпірінде екі көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Оқиға бүгін түнгі сағат 01:40 шамасында болған. Атырау облысы ПД хабарлауынша, Lada Granta және Infinity автокөліктері көпір үстінде соқтығысып, салдарынан Lada Granta автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Тағы бір жолаушы жедел жәрдеммен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
CaspianLife, 7 наурыз — Желіде Батыр ауылының іргесіндегі карьер айналасында шашылған ит өлекселерінің видеосы пайда болды. Жақын жерде тірі күшіктер жүр. «Бұл бейнені таңертең көрдік. Мен бұл иттердің қайдан келгенін және оларды кім әкелгенін әзірге нақты айта алмаймын. Жергілікті тұрғындар атып тастаған болуы мүмкін. Енді біз бәрін талқылап, полицияға арыз жазамыз деп жоспарлап отырмыз – олар бұл карьерге қандай көліктер кіргенін, ол жерде не істегенін бейнекамералар арқылы бақылап отырсын», — деді «Шанс» қорының жетекшісі Ирина Болатова.
CaspianLife, 7 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ертең, 8 наурыз күні әйелдер үшін Атырау қаласындағы қоғамдық көліктерде, сондай-ақ қала маңындағы бағыттарда жүру тегін болады. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада айтылғандай, автобустар тұрақты кесте бойынша – сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүреді.
CaspianLife, 6 наурыз — «Үміт» бағдарламасы әйел кәсіпкерлерге бизнесін дамыту үшін мол мүмкіндік ұсынады. Бағдарламаны іске қосу үшін бөлінген бастапқы қаражат – 10 миллиард теңге. Бұл бағдарлама аясында Қазақстанның барлық өңірі, соның ішінде ауыл, шағын және моно қалалардағы арулар екінші деңгейлі банктер арқылы несие ала алады. Инвестиция және айналым қаражатын толықтыруға берілетін несиенің максимал мерзімі – 84 айға дейін, шекті сомасы – 100 миллион теңге. Қолдау экономиканың барлық секторларын қамтиды. Тек қаржы және сақтандыру саласы, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар және көтерме-бөлшек сауда ғана кірмейді. Сондай-ақ, бағдарлама аясында аруларға «Даму» Қоры Еуропа қайта құру және даму банкімен (EBRD) әріптестігі аясында тегін…
CaspianLife, 6 наурыз — 5 наурыз күні сағат 15:10 шамасында Құрманғазы ауданы Шарон өзені үстінде белгісіз әйел мұз ойылып суға түсіп, айқалап көмек сұрайды. Сол уақытта жолдан өтіп бара жатқан аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Шынтас Алисұлтан және Батыржан Бақытұлы 32 жастағы әйел адамды дер кезінде жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Айта кетейік, ауа-райының қолайсыздығына байланысты мұз беттері мен күртік қардың астында, жағалауларда, жарқабақтар мен жылғалардың құйылысы жұқарып, еруіне байланысты адам өміріне қауіптілігін тудыруда. Осы ретте, атыраулық полицейлер ауа-райының жылынуына байланысты мұзда жүру адам өміріне аса қауіпті екенін ескертеді.
CaspianLife, 5 наурыз — Ақтауда екі шетелдіктің асқазанынан героин мен «синтетика» салынған 30-дан астам қалташалар табылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды. Ведомствоның мәліметінше, екі шетелдікті 21 ақпанында Ақтау әуежайында шекарашылар ұстаған. «Рентгендік сараптама олардың құрсақ қуысында бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралар көмегімен шетелдіктердің асқазанынан героин мен синтетикалық есірткі салынған 30-дан астам қалташалар алынды» деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. Сондай-ақ тәркіленген заттардың жалпы салмағы бір келіге жуық екені атап өтілді. «Соттың қаулысымен сотталушыларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 286-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік…
CaspianLife, 5 наурыз — Атырау мұнай өңдеу зауытының 80-нен астам жұмысшысы ҚР Президенті Қасым-жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, — деп хабарлайды петрокансл телеграм каналы. Мемлекет басшысына 3 бет хат жазған жандардың айтуынша Атырау мұнай өңдеу зауыты 2022 жылдан бері алаңсыз жұмыс жасаудан қалыпты. Өйткені құқық қорғау органдары тарапынан тексеріс көп және өндірістік сектор жұмысшылары өз міндеттерін орындағаннан гөрі басқа шаруамен айналысқанды жөн көреді-міс. «Біз Атырау мұнай өңдеу зауытының білікті қызметкерлері, шындығына келгенде осының бәрінен шаршадық. Әбден қажып кеттік, мотивация дегенді тіпті ұмыттық. Сондықтан сіздің осы іске жедел араласып, дұрыс шешім қабылдауыңызды, мына бассыздықты тоқтатуыңызды сұраймыз», — делінген үндеуде.
CaspianLife, 4 наурыз — Атырау облысы ПД хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 17:00 шамасында Атырау-Дамба тас жолында болған. «Қала маңындағы Көкарна ауылының маңында Toyota Prada, Kia, Камаз және ВАЗ-2112 көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі мен кәмелетке толмаған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Кәмелетке толмаған үш бала мен әйел адам жедел жәрдеммен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазір тиісті құжаттар жиналып жатыр», — деді полицейлер.
