Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 14 наурыз. – Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін! – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.

Read More

CaspianLife, 14 наурыз — Атырауда ҚР Президенті жанындағы құрылтайдың үшінші отырысы басталғалы жатыр. Ең маңыздысы – ертең. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен болады. Әзірге тематикасы белгісіз. Дегенмен сарапшылар сан саққа жүгіртіп, болжам жасап-ақ жатыр. Көбісі экономика, жетекші сектор мұнай-газ саласын одан әрі дамыту туралы әңгіме болары анық дегенді айтады. Өйткені күні кеше Тоқаев Әзірбайжанда болып, қазақ мұнайын Транскаспий бағыты арқылы экспорттау көлемін көбейту туралы келіссөздерге қол қойып қайтты. Соның бір-екеуі мынадай: — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мен Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы арасындағы Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы қазақстандық мұнай транзитінің көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісім; — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ…

Read More

CaspianLife, 13 наурыз — 2024 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы мемлекет басшылары кездесуі кезінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Әзірбайжанның «Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі» (KOBIA) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум Қазақстан мен Әзірбайжан кәсіпкерлері арасындағы тығыз коммерциялық байланыстарды дамыту, оның ішінде тауар айналымы мен сауда көлемін ұлғайту, екіжақты ынтымақтастық пен технологиялар трансферті көлемін ұлғайту үшін негіз болатын ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі нақты шаралары бар жол картасынан тұрады. Сонымен қатар, осы меморандумға қол қою «Даму» Қорының неғұрлым тиімді және кешенді қызметтер көрсету үшін МШОК субъектілеріне көрсетілетін қаржылай емес қолдау шараларын кеңейтудегі әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.…

Read More

CaspianLife, 13 наурыз — Атырау облысындағы «Теңіз» мұнай-газ кен орнын пайдалану бойынша келісім-шартты ұзарту туралы әңгіме болған жоқ. Бұл туралы Энергетика министрлігіне сілтеме жасаған Инбизнес.кз хабарлады. «Теңіз» кен орнын игеруге қатысты келісімге 1993 жылы қол қойылды. Ол 40 жылға, яғни 2033 жылға дейін есептелген. Қазіргі кезде «Теңізшевройл» ЖШС серіктестері – 50 пайыз үлесі бар «Шеврон», 20 пайызбен «Қазмұнайгаз» ҰК, 25 пайыздық үлеспен «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» және 5 пайыздық үлесі бар «Лукойл» компаниясы», — делінген мәліметте. Ресей тарапы 2033 жылдан кейін келісім-шартты ұзартуға қатысты келіссөзге қатыса ма және «Келешек кеңею» мен «Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару» жобасын жүзеге асыруға жұмсалған 47…

Read More

CaspianLife, 13 наурыз — Каспий теңізінде суға батқан кемелер шоғырланған бірнеше аймақтар бар. Ең қауіпті саналатыны – 200 және 214-ші аудандар. Бейнедегі Каспий теңізіндегі суға батқан кемелердің ең үлкен зираты. Бұрын бұл аймақ оқу-жаттығу полигоны, ал суға батқан кемелер нысана қызметін атқарған. Енді бұл аймақтар навигация үшін қауіпті деп танылып, кемелер олардан аулақ жүреді. Түпқараған шығанағының жағасында да суға батқан кемелер бар. Мұнда иесіз кемелер отыз жылдан астам уақыт бойы жиналып жатыр. Олар тасымалдауға қауіп төндірмейді. Жойып жіберу де мүмкін емес. Өйткені кез-келген уақытта иелері келіп, кемеге құқтарын талап ете алады. Бірақ олар өздерін жариялауға да асықпайды, себебі кемені өз…

Read More

CaspianLife, 13 наурыз — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі пайдаланушылар мен контент жасаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын Google компаниясының Youtube Premium сервисін Қазақстанда іске қосқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл оқиға елдің цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы және оны жаһандық желіге біріктірудегі елеулі қадамды білдіреді. Өткен жылдың наурыз айында Кремний алқабындағы өз жұмыс сапары барысында Бағдат Мусин Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен Қазақстанда сервистің іске қосылуын талқылаған. «Ал бүгін мен сіздермен керемет жаңалықпен бөліскім келеді. Қолданушылар мен контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын YouTube Premium енді Қазақстанда. Бұл оқиға елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мен оны жаһандық желіге біріктіруде…

Read More

CaspianLife, 13 наурыз — Заманауи үлгідегі мектептер мемлекеттік- жекеменшік әріптестік аясында салынады. Жаңа ғимараттар Авангард ықшамауданы мен Жәңгір хан/Тұмар ханша өткелдері қиылысқан ауданда бой көтермек. Құрылыс жұмыстары биыл тамызда басталып, 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Мердігер мекеме «Binom Barys» ЖШС және «Engineering center» ЖШС. Әр мектептің сыйымдылығы 2000 орындық, жалпы аумағы 22 836 шаршы метр. Жобаға сәйкес, 106 оқу кабинеті, информатика, химия, физика, және биология сыныптарына арналған зерханалар, үлкен және кіші спорт залдары және 520 орындық асханасы салынады. Кабинеттер пішіндер мен материалдармен шығармашылық эксперименттер үшін 3D-принтер, металл және ағаш ою шеберханалары, мата өңдеу мен технология шеберханалары, аспаздық шеберханалар, робототехника…

Read More

CaspianLife, 12 наурыз — Маңғыстау облысындағы «ӨзенМұнайГаз» АҚ директорының бұрынғы орынбасары сотталды. Сот оны ҚК-тің «заңды кәсіпкерлік қызметке аса ірі мөлшерде кедергі келтірді» және «оның әрекеттері ауыр зардаптарға әкеп соқты» деген бабы бойынша айыпты деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Және экс-орынбасар мұнай-газ саласындағы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Тергеу мәлеметіне сүйенсек, ол бұрғылау жұмыстарын жасау үшін тендер өткізу кезінде белгілі бір компанияның мүддесін қорғап, басқа компанияға зиян келтірген. Яғни өзі қамқоршылық жасаған компанияны жеңімпаз қылыпты. Сонымен қатар “Өзенмұнайгаз” АҚ мен ЖШС арасында жасалған сорғы және компрессорлық құбырларды жалға беру туралы шарт талабының орындалуын тексермей…

Read More