Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 15 наурыз — ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан ІІІ Ұлттық құрылтайда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандықтар туралы сенімді ақпарат алатын ұлттық платформа, яғни толық электронды дерекқор әлі күнге дейін жасақталмағанын айтты. «Миллиондаған адамдардың өмірін жаулаған, тағдырын талқан еткен екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына келесі жылы 80 жыл болады. Сарапшылардың пайымдауынша майдангер ата бабасын іздеуші ұрпақтардың саны 2 млн адамнан асады екен. Майдангерлерге қатысты негізгі құжаттар мен деректер Ресейдің мұрағатында. Сондықтан, Ұлы отан соғысына қатысқандар туралы барлық ақпаратты қамтитын ресми ұлттық плафторма керек»- деді Еділ Жаңбыршин. Жоғарыда айтылған мәселеге тоқтала келе мынадай ұсыныстар берілді: 1)…

Read More

CaspianLife, 15 наурыз — Бүгін Атырауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтеді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин маңызды жиынның бірінші күнінде өткен «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият»,»Білім және ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму» секілді секциялық отырысқа қатысқандардың белсенді болғанын атап өтті. Оның сөзінше ұлттық құрылтай мүшелерінің мұндай белсенділігі мемлекет пен қоғам арасындағы азаматтық институттың дамып келе жатқанын көрсетеді. Өткен төрт секцияда ұлттық құрылтайдың 70-тен астам мүшесі сөз сөйлеп, 100-ден астам ұсыныс-пікір айтылды. Басым бөлігі қоғамдық бірлікті одан әрі нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ғылыми әлеуетті арттыру, мәдениетті қолдау, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, көші-қон процестерін реттеу және басқа да…

Read More

CaspianLife, 14 наурыз — Енді қазақстандықтар мемлекет тарапынан қандай БАҚ-на төленетінін біле алмайды. Бұл туралы Press.kz телеграм арнасы жариялады. «Вице-министр Ысқақовтың енді мемлекеттік ақпараттық тапсырыс туралы ақпарат ашық болады деген жалынды сөздері есімде, бірақ соңында не болады? Міне, Ақпарат министрлігінен жауап — ақпарат тек қызмет бабында қолдануға арналған. Қазір 2024 жыл. Мемлекеттік сатып алулар ашық, бірақ мемлекеттік ақпараттық тапсырыс туралы ақпарат жоқ», — дейді «Құқықтық медиаорталық» директоры Диана Өкремова.

Read More

CaspianLife, 14 наурыз — Өткен жылдың тамыз айында әкесі мен кәмелетке толмаған қызы Атырау-Ақтөбе бағытындағы пойызға билет сатып алған. Вагон іші шаң, лас әрі су құбырын тот басқан болып шықты. Орындарды ауыстыруды немесе оларды басқа вагонға ауыстыруды сұраған оларға ауысуға рұқсат бермеген. Содан кейін олар полиция шақырып, антисанитарлық жағдайды фото және видеоға түсіріп алған. Осы дәлелдер арқылы билет құнын қайтарып, моральдық шығын өндіруді талап етіп, сотқа жүгінген. «Сот талапкер мен оның кәмелетке толмаған баласының моральдық зардап шегу дәрежесін, сондай-ақ жауапкердің кінәсін ескере отырып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-нан моральдық шығынды өндіру туралы талапты қанағаттандырды», — делінген Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі…

Read More

CaspianLife, 14 наурыз. “Қазақфильм” ұлттық киностудиясының басшысы Азамат Сатыбалды әр облыста мемлекеттік кинотеатр салуды ұсынды.Оның айтуынша, кинотеатр салу театрдың құрылысынан арзанға түседі.

Read More

CaspianLife, 14 наурыз. Атырауда өтетін Ұлттық Құрылтайға келген ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Рау өндірістік кәсіпорындардың инновациялық өнімдерінің көрмесін тамашалады. Көрмеге 10-ға жуық мекеме қатысты.

Read More

CaspianLife, 14 наурыз. Құрылтайдың үшінші отырысының алғашқы секциясы өтуде. Құрылтай мүшелері фольклор, материалдық емес құндылықтар, жат ағымның тамырын кесу туралы сынды түрлі тақырыпта ұсыныс-пікір айтып жатыр.

Read More