Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 24 наурыз — Нұрсая шағын ауданына қарасты бірқатар көп қатарлы тұрғын үйлерінде наурыз  айының 24-і күні сағат 20:12 шамасында “Қалалық тұрғын -үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі” мемлекеттік мекемесі теңгеріміндегі № 36,54 тарату стансасының жер асты кабелімен қамтамасыз ететін желісінде релелік автоматикасы іске қосылу мақсатында, апатты өшу болды. Алайда шағын ауданды жедел түрде электр жарығымен қамтамсыз ету мақсатында “Атырау Жарық” АҚ — ы мекемесінің екі оқшауламаларды сынау, үш кабельдік электр желісі бригадалар тобы және жеті арнайы техника қалыпқа келтіру жұмыстарын атқаруда.

Read More

CaspianLife, 22 наурыз — Ұлыстың ұлы күнінде Исатай-Махамбет алаңында 15 киіз үй тігілді. Мейрамды тойлауға жиналғандар наурыз-көже ішіп, ұлттық тағамдардан дәм татты. Сондай-ақ қазақтың салт-дәстүрі дәріптеліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Наурыз тойына қатысқан аймақ басшысы Серік Шәпкенов киіз үйлерді аралап, қала тұрғындарын әз-Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұдан кейін «Қош келдің,Әз Наурыз!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараның шымылдығы М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры әртістері сахналаған «Қош келдің көктем» атты театрландырылған көрініспен ашылды. Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Серік Шәпкенов қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген биылғы Наурыз тойы ерекше тойлану үстінде екенін атап өтті. ⁃ Дана халқымызда: «Ораздының отыз қонағы бір келеді», деген…

Read More

CaspianLife, 20 наурыз — Ақтауда 23-30 наурыз аралығында ұлттық спорт түрлері — «Асық ату» мен «Бес асықтан» алғаш рет Қазақстан Республикасының чемпионаты өтетін болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша асық атудан аға жаттықтырушы Илесбай Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша «Асық ату» және «Бес асық» ойындарына 2008-2010, 2011-2013 жылдары туған жасөспірімдер қатыспақ. «Өңірімізде алғаш рет өткелі отырған бұл чемпионат ұлттық спорт — Асық ату және Бес асыққа деген қызығушылықты арттырып, ауыл аудан, қалаларда ұлттық спорт түрін дамыту, бабалардан мирас болған құндылықтарды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Аталмыш додаға республикамыздың 18 өңірінен 288 спортшы қатысып бақ сынайды», — деді Илесбай Омаров. Ұлттық спорттың бұл…

Read More

CaspianLife, 20 наурыз — Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Нұржан Саясат апатты деп танылған Бейбітшілік 64 және Байжігітов 76 тұрғындарына жаңа үйдің кілтін табыстап, қоныс тойларымен құттықтады. — 1960 жылдары салынған қос қабатты үйлер апатты деп танылған болатын. Міне, бүгін сол пәтерлердің иелеріне қалалық бюджеттен «Samal Town» жеке тұрғын үй кешенінен үй сатып алып, 24 отбасыға кілтін табыстадық. Көктем айларында апатты деп таңылған тағы екі үйдің 19 отбасын жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр,- деді Н.Саясат.

Read More

CaspianLife, 20 наурыз — «Наурыз мейрамы» мерекесіне орай Атырауда қала ішілік қоғамдық көліктерде де, қала сыртындағы бағыттарда да жүру тегін болады. Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліментінше, автобустар тұрақты кесте бойынша – сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүреді.

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Қазақстанда жұбайының келісімінсіз жеке тұлғаларға несие беруге тыйым салу ұсынылды. Мұны қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов несие беру туралы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қарастыру барысында мәлімдеді. “Қазақстан азаматтарының көбінің қарыз алу себебі – құмар ойынға тәуелділік. Адамдар казиноларға бәс тігіп, табыс табуға бейім. Кейбір жағдайларда олар банк несиелерін де пайдаланады. Ерлі-зайыптының бірі несие алады да, болашақта бұл несие отбасылық бюджетке ауыртпалық түсіретін жағдайлар бар”, – деді Әбдірахманов мәжілісте. Оның айтуынша, мұндай қажетсіз несиелердің санын азайту үшін жұбайының келісімімен жеке тұлғаға банктік несие беру талабы қолдау тауып отыр. “Агенттік ережелерінде…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Қаржы министрі Мәди Тәкиев мобильді аударымдарға шектеу енгізілгеннен кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген адамдардың көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife. Бүгінде үш айдың ішінде бір нөмірге әртүрлі адамдардан түсетін аударымдардың саны 100-ден аспауы тиіс. Одан көп болып кетсе, бақылау шаралары басталады. Жылдың басында барлығы дүрлігіп кетті, қолма-қол ақша іздей бастады. Дегенмен жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендердің саны айтарлықтай өсті. «Қазіргі кезде жағдай тынышталды, қолма-қол ақшаның көлемі азайып келеді. Адамдар қайтадан мобильді аударымдарға көшіп жатыр. Қаңтар айында шамамен 75 мың жеке кәсіпкер тіркелді. Бұрын бір айда 2-3 мың адам тіркелетін. Ал ақпан айында 70 мың жеке кәсіпкер тіркелді. Демек…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Ұлттық қордың кірісі өссе, балаларға берілетін төлем де өседі. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында айтты. Ұлттық қордан балаларға төлемдер 2024 жылы басталды, 6,9 миллион баланың әрқайсына 100,52 доллардан төленді. «Ұлттық қордың кірісі артқан сайын балаларға төленетін төлемдер де өседі. Оны 100 миллиард долларға дейін көтеру туралы мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Бұл орындалса, әрине, пайызы әлдеқайда жоғары болады, бүгінде ол 60 миллиард доллар болып тұр. Ол ылғи 100,52 доллар болмайды. Мен қазір жоғары шекті айта алмаймын, көріпкел емеспін, бірақ одан да көп болады деп үміттенеміз. Біз одан да көп болатынын білеміз», -деді…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Ақтауда 22 наурыз күні Наурыз мейрамына орай қалалық қоғамдық көліктерде жүру тегін болады, — деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, қала тұрғындары мен қонақтары №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 маршрут автобустарында тегін қатынай алады. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жалғас Мейіловтің айтуынша, автобустар тұрақты кестеге сәйкес жүреді.

Read More