Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 29 наурыз — Әлеуметтік желілерде бізбен шекаралас орналасқан Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында су деңгейі қатты көтеріліп кеткені тарап жатыр. Атырау да қауіпті аймақта тұр екен. Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Руслан Шариев айтты. Оның сөзінше, «Қазгидромет» мәліметіне сәйкес өңіріміз 5 тәулік бойынша «қып-қызыл» болып жанып тұрмыз. Яғни, экстремалды қауіпті аймақтамыз. Қызылқоғадағы Ойыл өзені бөгетсіз өтіп кетсін деген мақсатпен жергілікті атқарушы органдар айналма жолды екі тәулікке жырып алып тастаған. Қосымша күш пен құралдар Қызылқоға елді мекеніне жіберіліп, халық ары-бері қатынау үшін маторлы қайық дайындап қойыпты. «Атырауда соңғы үш тәулікте жауын-шашынның көп түсуіне және сор жерге су сіңбеуіне байланысты…

Read More

CaspianLife, 28 наурыз — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Күшіміз бірлікте» акциясы басталғанын хабарлады. Ерікті фронт-офистер желісі негізінде зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келетіндерге арналған бірыңғай байланыс орталығы: +7 708 706 42 42. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мына нөмір бойынша: + 7 705 247 47 22.

Read More

CaspianLife, 28 наурыз — Жуықта Атыраудағы кинотеатрлардың бірінде отандық өнімнің тұсаукесер рәсімі өтті. «Попандос» комедиясының премьерасына келген жандар шығармашылық ұжымды құттықтап, жылы лебіз білдірді.   Киноның бас продюсері Қарасай Күнжарықов осы туындымыз арқылы достықты көрсеткіміз келді дейді. Киноның түсірілімі 2019 жылы басталған еді. Алайда, пандемияның кесірінен былтыр бір-ақ бітіпті. Киноға кәсіби емес актерлер түскен. Солардың бірі — Ербол Оңғар Жабай есімді қылмыскердің рөлін сомдады. Бір қызығы актер шынайы өмірде полицей болып қызмет еткен екен. Комедия 28 наурыздан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

Read More

CaspianLife, 28 наурыз — Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің төрағалығымен су басу қаупі төніп тұрған елдімекендердің көктемгі тасқынға дайындығы мәселесі қаралды. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев биыл Жайық деңгейі нормадан 50-270 см аралығында көтерілуі мүмкін деген болжам айтты. Сонымен қатар, Ойыл және Жем өзендеріндерінің бассейндерінде топырақтың күзгі ылғалдылық көрсеткіштері орта көпжылдық мәннен 61-161%-ға жоғары болуынан, Ақтөбе облысында жауын-шашын мөлшері көп түсуінен су көп келуі болжанды. Жалпы өңірде тасқын және еріген су басуға бейім 51 елді мекен бар. Бүгінде 15 елді мекенде қауіп сейілді. Жылыой ауданы бойынша – үшеу, Құрманғазы ауданында – 12. 12-сінің қорғаныс бөгеттеріне 2021-2025…

Read More

CaspianLife, 28 наурыз — 26 наурыздан бастап осы уақытқа дейін облыс орталығынан 29 мың текше метр су шығарылды. Бұл жұмысты қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Арнаулы Автобаза» мекемесімен келісімге отырған 70-тен астам ассенизатор көлігінің жүргізушілері атқарды. Қазір де жұмыс тоқтап тұрған жоқ: көше-аулалар жаңбыр суынан тазартылып жатыр. Атырау қаласының әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 26-27 наурыз күні шахар аумағына бір айлық нормадан астам жауын-шашын түскен. Көмек сұраған халықтың өтінішін 109 бірыңғай байланыс орталығы да қабылдап жатыр. Телефонның құлағында отырған мұндағы қызметкерлерге екі күн ішінде 2114 қоңырау түскен. Шахар басшысы Шәкір Кейкин жағдайдың бақылауда екенін, алдағы уақытта қаладағы жер асты суының деңгейінің көтерілу себебін…

Read More

CaspianLife, 27 наурыз — Толассыз жауған жауын-шашын салдарынан қала аумағындағы жолдар мен көшелерде және жеке тұрғын үй секторларында су көптеп жиналып қалды. Тазарту жұмыстарына жұмылдырылған 46 арнайы техника бірінші кезекте қаладағы әлеуметтік нысандар мен ірі көлемде су жиналған көше бойларын судан тазартып жатыр. Қазіргі таңда 9 мың текше метр су сорылды. 26-27 наурыз аралығында 109 бірыңғай байланыс орталығында судан тазалау бойынша  932 қоңырау қабылданған.  Өтінімдер кезең-кезеңімен атқарылуда.

Read More

CaspianLife, 26 наурыз — Атырау қаласын жиналған жаңбыр суынан тазарту жұмыстарына 44 арнайы техника (вакуум) пайдаланылуда. Қазіргі таңда 5200 текше метр су шығарылды. Тазарту жұмыстары тәулік бойына жалғасады. Жұмылдырылған техника мен қызметкерлер бір уақытта барлық аумақты қамти алмайтынын ескере отыра, жұмыс кезең-кезеңімен атқарылады.

Read More

CaspianLife, 26 наурыз — Ақтөбе облысына Маңғыстаудан 52 адам, 5 техника мен 8 мотопомпа жіберілді. Қазір аудандарда жағдай қалыпты, дегенмен синоптиктер бүгін жаңбыр жауады деп ескертті. Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірге ТЖМ вице-министрі Ерлан Нұрпейісов келді. Ол Темір ауданындағы жағдайды бақылауға барды. — Маңғыстау облысынан барлығы 52 адамнан тұратын құтқару жасағы, 5 бірлік техника, 8 мотопомпа облысқа жіберілді. Олар авариялық-құтқару жұмыстарына жұмылдырылады. Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімінен 50 әскери қызметкер мен 4 бірлік техника Темір ауданы Шұбарқұдық елдімекеніне жетті, — деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі. Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында 5 үйге, 25 аулаға су кірген.…

Read More

СaspianLife, 25 наурыз — Атырау қаласында таңертең ауаға тараған жағымсыз иіс бойынша экология департаменті «Казгидромет» РМК Атырау филиалымен бірлесіп атмосфералық ауа сапасына бақылау жасап, мониторинг жұмыстарын жүргізді. Жұмыстарға сәйкес «Акимат», «Авангард», «Восток» автоматтандырылған ауа сапасын бақылау станцияларында ауаға тараған күкіртсутегінің көлемі рұқсат етілген шекті шоғырланудан 16 есеге асқаны анықталды. Талдау жұмыстары «Квадрат» булану алаңына, арнайы санитарлық қорғау аймағына және АМӨЗ аумағына жүргізілді. Нәтижесінде «Квадрат» су булану алаңы маңында солтүстік-шығыстан секундына 4 метр соққан желден күкіртсутегі мөлшері 6,2 есеге дейін, санитарлық қорғау аймағында 21-25 есеге дейін, АМӨЗ-дің тұрғын үйлер аумағы айналасында 17,5 есеге дейін рұқсат етілген шекті шоғырланудан асып отыр. Мониторинг…

Read More

CaspianLife, 25 наурыз — Ресейлік БАҚ, оның ішінде Baza Telegram-да алдын-ала мәліметтер бойынша, атыс салдарынан қаза тапқандар саны 62-ге дейін өскенін жазады. Сонымен бірге, ғимараттың барлық бөлмелері әлі толықтай тексерілмеген — қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін. Сондай-ақ, дәретханалардың бірінен 10-нан астам адам өлі табылғаны хабарланды. Атыстан кейін келушілердің біразы әжетханаға тығылып қалған. Шабуыл кезінде олар 112-ге қоңырау шалып, оларды құтқаруын сұраған. Shot хабарлауынша, шабуылдан қаза тапқандар саны 70 адамға жеткен. Дәретханалар, тамақтандыру бөлмелері және тазалаушылардың құрал-жабдықтарды сақтайтын бөлмелерде көптеген мәйіттер табылды. Онда олар атыс кезінде жасырынған. Денелерінде жарақат жоқ. Көбі түтіннен тұншығып қалған.

Read More