Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 1 сәуір — Таң атысымен Ойыл өзенінің деңгейі аз да болса түсті. Ағыс та бәсеңдеді. Дегенмен, құтқарушылар мен еріктілер бөгет басында әлі де жұмыс жасап жатыр. Олар түні бойы көз ілмей аудандағы жалпы ұзындығы 43,7 шақырым болатын бөгеттерді биіктетіп, осал тұстарды бекітті. Бүгін түнде 4000-ға тарта ерікті тасқынмен күресті. Оларға облыстық төтенше жағлайлар департаментінен 60 құтқарушы, Сағыз ауылынан 30 ерікті, вахталық әдіспен қызмет атқаратын 40 қызметкер көмекке келді. Бүгінгі түн Қызылқоға халқы, әсіресе миялылықтар үшін қауіпке толы болды. Екпінмен келген тасқын су ауылды түгел қоршап тастады. Жергілікті билік пен халықтың, құтқарушылардың жанталасып, бірлесе атқарған жұмысының арқасында ахуал тұрақтанды. Судың…

Read More

CaspianLife, 1 сәуір — Оқиға 31 наурыз күні кеште Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған. Ішімдік ішкен адам 26 жастағы құтқарушыға шабуылдаған. Кеуде тұсынан жарақат алған құтқарушы ауруханаға жеткізілді. «Жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған», — деп хабарлады ТЖМ. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.

Read More

CaspianLife, 1 сәуір — Қазіргі уақытта су басу қаупі бар Миялы ауылында бөгеттерді көтеру, жаға нығайту, құм толы қапшықтармен бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстарға 275 мекеме қызметкері, 48 полиция қызметкері, 110 төтенше жағдайлар департаменті мен бөлімінің қызметкері, 3000-нан астам ерікті жұмылдырылып, аудан бойынша 65 арнайы техника пайдаланылды. Аудан бойынша 48 мың қапшық құм толтырылды. Одан бөлек ұзындығы 26 шақырым 350 метр, биіктігі 2 метр бөгет көтерілді. 1 сәуір, 04:30-дағы жағдаймен Ойыл өзенінің деңгейі — 1 метр 20 см. (Қауіпті деңгей — 2 метр). Ауданда төтенше жағдай жарияланып, 3 эвакуациялық пунктке 600-ден астам тұрғын көшірілді. Ойыл өзені бойында орналасқан ауылдардан…

Read More

CaspianLife, 31 наурыз — Қызылқоға ауданын су басу қаупі күшеюіне және Ойыл өзенінде су деңгейінің көтеріліуіне байланысты 2024 жылғы 31 наурызда сағ. 19:15-те Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары (60 қызметкер, 5 техника) көмек көрсету үшін Қызылқоға ауданына жіберілді.

Read More

CaspianLife, 30 наурыз — Бүгінде Қызылқоға ауданының кәсіпкерлері мен тұрғындары ауданды тасқын судан аман алып қалу үшін тынбай жұмыс жасап жатқан еріктілерге ыстық тамақ таратты. Сондай-ақ, ыстық тамақ ауданның қауіпсіздігі үшін бір кісідей атсалысып жатырған «АИС» жшс қызметкерлеріне де үлестірілді. Миялы ауылының тұрғындары да әр тұста бөгеттердің осал тұстарын бекітіп,биіктету және қапшықтарға құм толтыру жұмыстарын жасап жүрген жандарға ыстық тамақ беруге атсалысты. Осылайша, жерлестеріміз сын сағатта бір-біріне демеу болып, ұйымшылдықтарын көрсетуде.

Read More

CaspianLife, 30 наурыз — Қазіргі таңда Сағыз өзені мен Ойыл өзенінің жағдайы бірқалыпты. Сағыз өзенінің су деңгейі түскенімен, Ойыл өзенінен келер қауіп сейілер емес. Жауаптылар “тасқын су әлі жетпеді, болжам бойынша бүгін түнде немесе ертең келуі мүмкін” -деп отыр. Бірақ қазіргі таңда ахуал тұрақты. 30 наурыз күні Қызылқоға ауданы бойынша 1000 мыңға жуық ерікті 7400 қапшыққа құм толтырып, жағаларды биіктету жұмыстарын жүргізуде.

Read More

Caspianlife, 29 наурыз — Атырау облысының Қызылқоға ауданында су тасқынының алдын алу мақсатында, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлескен түрде аудан аумағындағы су айдындарының қауіпті учаскелердегі бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні Сағыз ауылының Ноғайты өзені бойындағы қауіпті учаскелерінде 500-ге жуық қапшық топырақ дайындалып, нығайту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 27 наурыздан бастап Миялы ауылдық округінің суға кету қаупі бар қауіпті учаскелеріне 7000-ға жуық дана қап төселді. Бөгеттерге 350 тонна топырақ төгіліп, нығайту жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарға 350-ге тарта адам (ТЖД қызметкерлері, мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары), 10 арнайы техника және қосымша техникалар жұмылдырылды. Қызылқоға ауданында бөгеттерді нығайту…

Read More

CaspianLife, 27 наурыз — Атырау қаласына соңғы үш күнде айлық нормадан көп жаңбыр жауды. Содан бері облыс әкімдігінің 109 біріңғай байланыс орталығына бес мыңға жуық қоңырау түскен. Оның екі мыңнан астамы көшелерде жиналған жауын суын тазартуға байланысты. Өтініштер дереу «Арнаулы автобаза» ЖШС-не жолданады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Орталық басшысы Ақмарал Батырханованың айтуынша, басымдық қала көшелеріндегі жаңбыр суын тазартуға бойынша түскен қоңырауға беріледі. — Қазіргі уақытта орталық күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тұрғындардың келіп-түскен сауалға 8 оператор, 2 диспетчер және 2 онлайн оператор жауап береді. Азаматтардың қоңырауы көптігіне байланысты күту уақыты 2-ден 5 минутқа дейін жалғасады. Алайда call-орталыққа ұсыныс берудің…

Read More

CaspianLife, 29 наурыз — Облыс әкімінің өкімімен Атырау облысының Дін істері басқармасы басшысының лауазымына Қаһарман Мұсаев тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Қ.Мұсаев 1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Түркия Республикасы Сельчук университетінің «теолог», Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «құқықтану» мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолы: 05.2011 — 02.2012 жылдар аралығында «Сема Құрылыс» ЖШС менеджері; 02.2012 — 12.2012 жылдар аралығында «Арма Глобал Сервис» ЖШС сату бойынша менеджері; 2012 жылдан бастап бүгінге дейін Атырау облысы Дін істері басқармасында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

Read More

CaspianLife, 29 наурыз — Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін және жолдарды күтіп ұстау бойынша Атырау облысы аумағындағы жолдарда бақылау күшейді. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Бекбол Мұқашов мәлім етті. ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары коммитетіне қарасты «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының инженерлерімен су шаю қаупі бар республикалық А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының Сағыз өзені арқылы өтетін көпір және «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Ақтау» жолының Құрсай өзеніндегі көпір тексерілді. -Патрулдік тексеріс кезінде Жем өзенінің тереңдігі екі метрге жеткендігі, су өзеннің арнасымен ағып жатқандығы байқалды. Осы аталған жолдар мен «Атырау-Орал» тас жолы бойындағы 25 су…

Read More