CaspianLife, 3 сәуір — Көрнекті мемлекет және саяси қайраткер Байгелді Өмірбек 1996-1999 жылдар аралығында парламенттің жоғарғы палатасын басқарды. «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Парламент Сенатында 16 жылдан астам қызмет атқарды. Қайраткердің қазасына байланысты оның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз» делінген Сенаттың баспасөз қызметі хабарламасында. Байгелді Өмірбек 1939 жылы Жамбыл облысы (ҚазКСР) Қызыл Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Қызыл Октябрь» колхозында жұмысшы болып бастаған. 1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облыстық әкімшілігінің басшысы, Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 2 сәуір — Қызылқоға ауданының әкімдігі төтенше жағдайға бөлінген қаражат туралы ақпарат таратты. Ресми мәліметке сүйенсек, аудан резервіне барлығы — 33282000 теңге бөлінген. Оның ішінде ауданның аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған ауданның төтенше резервіне — 23418000 теңге, шұғыл шығындар резерві — 7764000 теңге, ауданның міндеттемелерін орындауға арналған резерві — 2100000 теңге.
CaspianLife, 2 сәуір — Ауданда төтенше жағдайдың жариялануына байланысты штаб төрағасы — аудан әкімі Қанат Әзмұханов пен төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев жеке құрамның 90 қызметкерін қауіпті аймақтарға бөлді. Тайсойған ауылына — 20, Қарабау ауылына — 20, Қоныстану ауылына — 50 құтқарушы кетті. Сонымен қатар, қауіп төнген ауылдарға облыс орталығынан еріктілер аттанып, техника жеткізілуде.
CaspianLife, 2 сәуір — Ойыл бойындағы ауылдарға қауіп төнді. Көздіғара ауылдық округінің орталығы – Қоныстану ауылындағы сайда тұрған 3 үйге су кірді. Оның біреуі иесіз. Қалған 2 үйдегі 10-ға жуық адам және үй жануарлары қауіпсіз жерге шығарылды. Ойыл ауылдық округіндегі Балабейіт қыстағы да тасқын судың қоршауында. Ол жақтағы 11 тұрғынды құтқару үшін ауданнан жасақ кетті. Қазір 150-ге жуық ерікті 8 техниканы пайдаланып, биіктігі 2 метр, ұзындығы 6 шақырым болатын бөгет тұрғызған. Көздіғара ауылдық округінде 1744 тұрғын немесе 350-ге тарта түтін бар. Округке қарасты Қосқұлақ және Бүйрек елдімекенінің 215 тұрғыны, 1266 мүйізді ірі қара, 551 жылқы, 66 түйе, 422 қой-ешкі қыр…
CaspianLife, 2 сәуір — Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол «… 4 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады» деді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің еліміздің қай өңіріне баратыны көрсетілмеген. Алдағы сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек берілетіні ғана ескертілді.
CaspianLife, 1 сәуір — 27 наурыз күні мұнда секундына 12 текше метр су келсе, 31 наурыз күні 1000 текше метрге дейін жетті. Былтыр 31 наурызда Иреклі су қоймасына секундына 645 текше метр су келген. Су қойманың деңгейі де ұлғайып барады. Ресейліктер 31 наурыздан бері секундына 90 текше метр су жіберсе, 1 сәуірден бастап оның көлемін секундына 390 текше метрге дейін ұлғайтты. Бұл туралы ural56.ru интернет ресурсы хабарлады
Caspianlife, 1 сәуір — Қытайлық кәсіпкерлер Атыраудағы жер асты суын зерттеу үшін мамандарды жібермек. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды. Аймақ басшысы Серік Шәпкенов қытайлық құрылыс компания өкілдерін қабылдап, бірқатар мәселені талқылады. Әсіресе, Атырау үшін өзекті кәріз жүйесін салу, жер асты суын өңдеп, қайта пайдалану туралы айтты. «Қытай құрылыс корпорациясының үшінші инженерлік бюросы» компаниясының басшысы Лю Мин мұндай жағдайды өздерінің де бастан өткергенін айтып, тәжірибесін бөлісті. «Біздің Шэньчжень қаласында да осындай жағдай болған. Ол кезде біз де тиісті зерттеу жүргізіп, мәселені шештік. Бір сөзбен, тәжірибеміз бар. Тұзды жердің суын тазалау — өте оңай процесс», — деп атап өтті ол.…
СaspianLife, 1 сәуір — Жас ананы Нұра ауылындағы жалпы тәжірибелі дәрігер Сәуле Сатаева босандырып алған. Өмірге келген егіз қыз анасымен бірге Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен аудан орталығына жеткізілді. — Бұл жас ананың алтыншы баласы. Бәрінің жағдайы жақсы. Қазір Ырғыз орталық перзентханасында жатыр. Біреуінің салмағы — 2 800, екіншісінің салмағы — 3050 грамм, — деді Ырғыз аудандық перзентханасының акушер-гинекологі Кәмшат Сәрсенғалиева.
CaspianLife, 1 сәуір — 29 наурыз күні атыраулық еріктілер «Күшіміз бірлікте» акциясын бастаған болатын. Тасқын судан зардап шегіп жатқан көршілес Ақтөбе облысына «Күшіміз бірлікте» акциясы аясында Атыраудан 8 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. Қиын жағдайда қалған ақтөбеліктерге көмек жинау әлі де жалғасып жатыр. Еріктілердің, қоғам белсенділерінің, жергілікті мәслихат депутаттарының, кәсіпкерлердің және Атырау қаласы тұрғындарының күшімен үш күннің ішінде жиналған 8 тонна азық-түлік, жеке гигиеналық заттары, киім, ая киім, дәрі-дәрмектер және басқа да қажетті тұрмыстық заттар тиелген екі ауыр жүк көлігі 1 сәуір күні сағат 9-да жолға шығып кетті. Еске сала кетейік, 29 наурыз күні атыраулық еріктілер «Күшіміз бірлікте» акциясын бастады. Жылу…
