CaspianLife, 4 сәуір — Орск.ру интернет ресурсының хабарлауынша Ирекліден жіберілетін су көлемі секундына 2400 текше метрге дейін көбеюі мүмкін. Қазір қалада төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жедел отырысы өтіп жатыр. Орск қаласының басшысы Василий Козупицаның сөзінше Иреклі су қоймасының аузы-мұрнынан шығып толына небары жарты метрдей ғана қалған. Сондықтан одан жіберетін су көлемі ұлғаюы мүмкін. Тіпті суқоймаға қанша су келсе, сонша су төменге жіберілуі ғажап емес. Орскіге қарасты Новоказачий, малык Кумак, Первомайский, Жаңаталап, Мостострой секілді елдімекендерді су басу қаупі бар.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 4 сәуір — Ойыл деңгейіне келген су өз арнасымен ағып Жарыпшыққан арнасына кеше түнде жетті. Қазіргі таңда су деңгейі 1,40 метр. “Сақтансақ сақтармын” деген ұстанымды ұстаған басшылар дайындық жұмыстарын былтыр жазда бастаған. Ұзындығы 2,5 м бөгет соққан. Аудандық штабтың тапсырмаларымен су деңгейі көтерілмей тұрып техникалар мен керекті құрал-жабдықтарды дайындап қойған. Ерте қамға кіріскенненің арқасында қазір ауылда ахуал тұрақты. 30 құтқарушы, 150-ге тарта ерікті, 10 техника жұмыс атқаруда. Олар бүгінге дейін 10 мыңға жуық қапшық қаптаған.
CaspianLife, 4 сәуір — Бұл туралы Урал56.Ру интернет ресурсы хабарлады. Ресейліктер мұндай көрсеткіштің соңғы рет 1994 жылы болғанын айтады. Бірақ ол кезде жіберілген су көлемі секундына 1300 текше метрден аспаған екен. Осы уақытқа дейін Иреклі суқоймасынан су жіберу көлемі бірнеше рет көбейтілді. Мысалы 31-наурыз күні секундына 90, 1-2-сәуірде 390, 3-сәуір күні 620-1050 текше метр аралығында су жіберілген. Ал бүгін бұл сан түске дейін 1314-ті, ал түс ауа 1650-ді көрсетті. Суқоймаға 2-сәуір күні секуындына 1890 текше метр су келіпті. Ал, 3-сәуір күні кешкілік бұл көрсеткіш 2000-нан асқан.
CaspianLife, 4 сәуір – Атырау облысы ПД Құлсары-Доссор аралығындағы жол жабылғанын хабарлады. Ағын су тас жолды басып кеткен. «Құрметті жол қозғалысына қатысушылар назарына! Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 103 шақырымы тұсында яғни Құлсары қаласынан 20 шақырым қашықтықта тасқын су тасжолды басып кетті. Осыған байланысты Құлсары-Доссор аралығындағы жол қозғалысы толықтай тоқтатылды. Жолдар қалыпқа келгенше бұл бағытта жолға шықпауларыңыз, қауіпсіздікке мұқият болуларыңыз сұралады»-делінген хабарламада. Қазіргі таңда су басқан тасжолдың бойында патрульдік полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын атқаруда.
CaspianLife, 4 сәуір — Атырау облысында су тасқынының алдын алу үшін құрылған арнайы штабтың шешімімен Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қазір Қосшағыл ауылдық округі Қарағай елді мекенінің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа эвакуациялау жұмыстары басталды. Бұл ауылда тұратын 156 адам Құлсары қаласындағы №18, №8, №1 орта мектептерінің ғимаратына көшіріледі.
CaspianLife, 3 сәуір — Атырау облысы Төтенше жағдайдайлар департаментінде қауырт желі жұмыс жасауда. «2024 жылғы 3 сәуірден бастап, Атырау облысындағы су тасқыны жағдайларына байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «ҚАУЫРТ ЖЕЛІ» 45-41-47, 45-07-00,45-14-75 нөмірлері бойынша жұмыс жасауда»-делінген хабарламада.
CaspianLife, 3 сәуір — Су тасқынына қарсы жедел штаб отырысына «АМӨЗ» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, NCOC N.V, «Ембімұнайгаз» АҚ, Каспий Құбыр Консорциумы, «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері мен өзге де жауапты мамандар қатысты. Облыс әкімі су тасқынына қарсы күресу үшін мынадай тапсырмаларды жүктеді. — компаниялар мен мердігерлердің арнайы техникасын жұмылдыру, — әр компанияға белгілі бір учаске мен жұмыс фронтын бекіту, — қажет материалдар, жанар-жағармай, құрал-жабдықтар қорын қалыптастыру мәселелері бойынша қолдау көрсетуді тапсырды. Күшейту жұмыстарын үйлестіруді Атырау облыстық жедел штабы жүзеге асырады.
CaspianLife, 3 сәуір — Қоныстану ауылының тұрғындары қазіргі уақытта жағалай бөгет салып жатыр. Дегенмен, қапшық қажет дейді. Ауыл әкімінің сөзінше, ауылға су 1 сәуір күні түнгі сағат бірде келген. «Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын жыл сайын жасап отырамыз. Бірақ судың бұлай келуін ауыл тұрғындарының бірде-біреуі көрмеген. Дегенмен сақтану шаралары үшін бал соқтық. Негізгі бал каналдың бойына 1 шақырымдай соғылды. Қол күші жеткілікті. Қосымша техникалар келе жатыр. Су деңгейі 80 см. Түнде 300-400 адам жұмыс жасаса, қазір қауіп сейілген соң, 100-ден аса адам жұмыс жасап жатыр» -деді Көздіғара ауылдық округінің әкімі Ернар Изимов. Қатты ағыспен келген судың нәтижесінде ауылдағы мешіт, спорт…
CaspianLife, 3 сәуір — Атырау мұнай өңдеу зауыты әлеуметік желідегі кәсіпорын аумағынан қою қара түтін шығып жатқанын көрсететін видеоға қатысты пікір білдірді. IMG_0504 «3 сәуір күні сағат 13:58-де кондицияға сай емес мұнай өнімдерін қабылдау желісінде қысқа мерзімді түтіндеу болды. Түтін 14:03-те сөндірілді. Жағдайдың себептері анықталуда. Оқиға технологиялық нысандардың жұмысына әсер етпеді» — делінген хабарламада.
CaspianLife, 3 сәуір — Аудан бойынша тасқын су басу қаупі бар округтерде дайындық және құтқару жұмыстары күндіз-түні жүруде, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Қазіргі сәтте Тайсойған ауылында 30 құтқарушы, қаладан келген 10 ерікті, 50-60 ауыл тұрғыны және 8 ауыр техника апаттың алдын алу мақсатында жұмыла жұмыс жасуда. Ауылдың негізгі бөгеті 2 шақырым болса, одан бөлек тағы 500-600 метр бөгет тұрғызылды. Кеше жеткен құтқарушылардың нұсқамасымен көтерілген бөгеттердің сыртқы қабаты құм толы қапшықтармен қапталуда. 2,5 шақырым болатын канал қазылды. Округ әкімі Төреш Қозбақовтың айтуынша, қауіптің алдын алу үшін еңбекке жарамсыз, әйелдер мен балалар сияқты 128 тұрғын Атырау қаласына, 11 тұрғын Миялы…
