Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 6 сәуір — Өткен тәулікте өзеннің Индер ауданы тұсында деңгейі БҚО облысынан келген судың есебінен 52 см-ге дейін көтерілген. Ал, Махамбетте 14 см-ге дейін ұлғайған. Атырау қаласында өзгерген жоқ. Иреклі су қоймасынан кеше су секундына 2300 метр жылдамдықпен жіберілді. Бүгін бұл көрсеткіш — 2170 м³/с.

Read More

CaspianLife, 6 сәуір — Облыстық жедел штаб Жылыой ауданында қалыптасқан жағдайға байланысты, Құлсары халқын Теңіз вахталық кентіне ішінара эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Жедел штаб эвакуация қала аумағын су басу деңгейіне қарай жүргізілетінін атап өтті. Қазіргі уақытта вахталық кентте 2,5 мыңға жуық төсек-орын дайындалды. 35 автобус құлсарылықтарды қауіпсіз жерге көшіруде. Еске сала кетейік, 6 сәуір сағат 00.30-дағы жағдай бойынша су басқан тұрғын үй саны үйлер мен қоғамдық (әкімшілік) ғимараттар-шамамен 2480, оның ішінде 630 тұрғын үй (100 үй салынып тұр, бірақ адам қоныстанбаған), мектептерге эвакуацияланатындардың саны 9484 адам, балалар саны 4644 адамды құрайды (оның ішінде су басу қауіпі бар жерлер бар) 14…

Read More

CaspianLife, 5 сәуір — Атыраулықтар су тасқынына қарсы дайындыққа кіріскелі бері қаладағы құрылыс дүкендері мен базарларда қапшыққа деген сұраныс күрт артты. Кейбірінде түгел сатылып кеткен. Сауда орындарында құрылыс материалдарын салуға арналған қапшық құны — 60 теңге. Ал, азық-түлік салуға арналған қапшықтың біреуі 200 теңге тұрады. Саудагерлер болса мұндай жағдайға дайын болмағандықтан жылдағы мөлшермен алғандығын, қазір тағы да тапсырыс беріп қойғандарын айтуда. Қашан келетіні белгісіз.  Жуықта Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қолда 250 000 қапшық бар екендігін, тағы да 1 миллион қапшық сатып алуды жоспарлап отырмыз» деген еді. Соған қарағанда кәдімгі қапшыққа деген сұраныс арта түсетін сыңайлы. Әдетте полпропиленнен жасалған қапшық…

Read More

CaspianLife, 5 сәуір —  Атырау қаласында жаңа сот ғимараты ашылмақ. Қазіргі уақытта құрылыс-жөндеу жұмыстары 80%-ға аяқталған. Сот ғимаратының ашылуы 2024 жылдың 3 тоқсанында болады деп күтілуде. Осыған ұқсас жобалар қазір Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылуда.

Read More

CaspianLife, 5 сәуір — Атырау облысының басшылары Жайық өзенінің деңгейі 20-25 сәуір аралығында қатты көтерілуі мүмкін екенін айтты. Жайық өзені ағысының жылдамдығы көктемгі тасқын кезінде және былайғы уақытта екі түрлі болады. Көктемгі тасқын кезінде өзен ағысының жылдамдығы сағатына 10 шақырымға жетсе, басқа кезде сағатына 4-5 шақырым ғана. «Иреклі» су қоймасынан Атырау қаласына дейін шамамен 1700 шақырым. Қолда бар мәліметті сараптай отырып, өзен деңгейі 20-25 сәуір аралығында біршама көтеріледі деп болжап отырмыз», — дейді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев: -Біз дайындық жұмысын бірнеше күн бұрын бастадық. Жайық өзені Индер, Махамбет ауданы мен Атырау қаласының аумағынан…

Read More

CaspianLife, 5 сәуір — Жылыой ауданында Жем өзенінің арнасынан асып, су 2 және 3 ауылға кіру қауіпі туындады. Осыған байланысты аудан әкімдігі Құлсары қаласының тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіретінін хабарлады. «Құрметті 2 және 3 ауыл тұрғындары! Жылыой ауданында Жем өзенінің арнасынан асып тасуына орай, су тасқыны 2 және 3 ауыл кіру қауіпі туындауына байланысты, Құлсары қаласының 2 және 3 ауыл тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы штаб шешім қабылдады. Бірінші кезекте көшіруге жататын адамдар санаты: әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III- топтағы мүгедектегі бар азаматтар»-делінген хабарламада. Қабылдау пункттері: * №18 орта мектеп ғимараты * №8 мектеп ғимараты * №9 орта…

Read More

CaspianLife, 4 сәуір — Президент су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап шыққаннан кейін аудан орталығындағы Қажым Жұмалиев атындағы мектеп-гимназия базасында орналасқан эвакуациялық пунктке барды. ➤ Мемлекет басшысы гуманитарлық көмекті тарататын пункттің жұмысымен танысып, су тасқынына байланысты жақын маңдағы ауылдардан көшірілген тұрғындармен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен әңгімелесу барысында мұндай көлемдегі тасқынның бұрын-соңды болмағанына назар аударды. Оның айтуынша, осыған ұқсас жағдай 1994 жылы болған. Бірақ биылғы тасқын одан да асып түсті. Президент шығындарды өтеу үшін мемлекет барлық қажетті шараны қабылдайтынын айтты. – Хал-жағдайларыңызды білу үшін арнайы келіп отырмын. Бұл – бұрын-соңды болмаған үлкен табиғи апат. Сондықтан бәріміз бір ел, бір халық болып әрекет…

Read More

CaspianLife, 4 сәуір — Аудан басшылары қауіптің алдын алып, тасқыннан қорғану үшін ұзындығы 2 км, биіктігі 450 м болатын канал қазған. Каналды қазу жұмыстыры былтырғы жылы қолға алынған. Биылғы жылы каналдың енін 3 м, тереңдігін 2 м етіп кеңіткен. “Көне көз қариялардың сөзінше 60 жылдардан бері су шықпаған Жаманаша дейтін жерге барып, сол жердегі сай саланың барлығын толтырады. Бұл сай сала толса сол жердегі қожалықтардың малына, жер асты суының ұлғаюына жақсы көп септінін тигізеді. Бір жағынан Жарыпшыққан арнасының деңгейінің түсуіне де әсер етеді”, -дейді округ әкімі Төреш Қозбақов.

Read More